Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Әбубәкір (Кердері) Шоқанов (1958-1912)



Pdf көрінісі
бет13/58
Дата21.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#109474
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Байланысты:
XX ғ.б. ӘДЕБИЕТ

 
Әбубәкір (Кердері) Шоқанов (1958-1912). 
Ақтөбе облысында туып 
өскен. Әбубәкірдің 1903 жылы “Әдебиет қазақия“ деген кітабы 
шыққан. Бұл кітаптың өз кезеңіндегі маңызы зор. Ондағы өлең-
толғаулардың тақырыбы әркелкі. Ақынның заман жайы, қазақтың 
бұрынғы хал-жайы, қоғам, адам жайлы өзіндік ой түйіндері өте мол. 
Дін жолына, ғылым-өнерге үндеуде өз дәуірі тұрғысынан алғанда 
ілгершілдік көзқарастары бар. Ол өз тұсындағы қазаққа тән емес жат 
құбылыстарды, ел арасындағы жағымсыз мінез-құлықтарды аяусыз 
сынайды. Өлеңдерінің көбі отаршылдық озбырлыққа қарсылықты 
сарында жазылған. Көбіне өткен өмірдің жақсылықты жақтарын 
поэзиясына арқау етіп, бүгіннен түңілгендей сипат танытады. “Сырқау 
болып жатқанда“ өлеңіндегі өмір, адам туралы толғаныстары, ақындық 
ой-топшылаулары өте мәнді. Адам өмірінде ғылымбілімнің алар орны 
туралы ақын орнықты ой-пікірлер айтқан. “Заманның опасыз халінде 
айтқан өлеңінде“ өз заманының келбетін кеңінен суреттейді. Өсиет-
терінің өмірмен тығыз байланыстылығы бар. “Әбубәкір молланың 
ноғай халқына насихат қылып айтқаны“ толғауында түркі тектес 


халықтарды бірлікке, ынтымақтыққа шақырып, діндес, тілдес 
ұлттардың 
бірлігін 
жақтайды. 
Жалпы 
алғанда, 
Әбубәкір 
шығармашылығындағы өмір өзгерісін, қайшылықтарды сынау, ең 
алдымен, діни ұғыммен астасып отырады. 
 
Нұржан Наушабаев (1859-1919).
Қостанай облысында туып-өскен. 
“Манзұмат қазақия“ (1903), “Алаш“ (1910) атты кітаптарының ХХ 
ғасыр басындағы әдебиетте өзіндік орны бар. Нұржанның 
Сапарғалимен айтысы негізінде “Жұмбақ айтысы“ (1903) кітабы да 
басылып шыққан. Бұл айтыста ақындардың білімі, ой-өріс кеңдігі 
көрініс тапқан. Нұржан поэзиясындағы шағын жанрлардың әрқилы 
түрлері молынан кездеседі. Нұржан назым, терме, тақпақ т.б. 
жанрларда елеулі еңбек еткен. Шығармаларында заманаға деген 
өзіндік көзқарастары молынан көрініс тапқан. Өлеңдеріне тақырып 
қоймай, бірінші назым, екінші назым деп атаған. Замана құбылысын 
жалпылама сипаттамай, өлеңдерін нақтылыққа бейімдей білген. Оның 
жеке мінез-құлықты, жағымсыз адами пендешілікті сынау 
тақырыптарындағы және әзіл-сықақ өлеңдерінде қазақ әдебиетінің бай 
дәстүрі, ауыз әдебиеті үлгілерінің сипаты басымдау келеді. Нұржан 
“Назымдары“ 
– 
дарынды 
ақынның 
өзіндік 
ізденістері. 
Шығармашылығының өнбойына діндарлық арқау болған. Көбіне 
“заман азды“ деген ойды өзек етіп, соның мән-мағынасын ұғынуға 
ұмтылады. Кейде өмір шындығына терең бойлай алмай қалатын 
сәттері де кездеседі. Мәселен “Манзұмат қазақия“ атты кітабында 
қазақтың шығу тегі туралы ел аузындағы аңыздарды кейінгі діни 
шежіремен өзектес алып, қайшылыққа ұрынады. Н.Наушабаев 
шығармаларында өз дәуіріне сай жетістіктер де, кемшіліктер де бар. 
Олардың ара салмағын алдағы уақыт айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет