Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет18/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
араласпа ған. Басқа да өлеңдерінің 
сөздері, қа зақша тілдердің, өлең-
дер дің һәм жыр лардың үлгісі... Қа-
зақ тың халқын һәм тілін жақсы 
кө ріп ұмтылған адамдар марқұм 
Ал тынсариннің жолымен жүрсе жа-
райды», – деп, сол кездегі «Сал-сал», 
«Зарқұм» сияқты кітаптармен «Қа-
зақ хрестоматиясын» салыстыра қа-
рауын ғылыми ойдың жемісі деуге 
болады. Бұл секілді ой-пікір газетте 
біршама кездеседі.
Абай, Ыбырай және басқа ақын-
жыраулар туралы бұл секілді ба-
ғалаушылық мәндегі ой-пікірдің 
ай тылуы, ұлт әдебиеті тарихының 
елеу лі тұлғаларын таныту және ба-
ға лау жолындағы ізденістері ғы лыми 
тұрғыда талдау жасауға ба рар дағы 
қадамдардың бірі еді. Оның кейбір 
нышандары газет бетін де көрінбей 
де қалмады. Мысалы, «Қазақ тілінде 
жазу туралы» деген Д. Сұлтанғазин-
нің мақаласында: «Қазақтың бұрын-
ғы заманда шығарған өлең-жырын 
осы соңғы замандағы жыр-өлеңмен 
салыстыра, қазақ тілінің өзгергені 
көрінеді. Бұрынғы Едіге Тоқтамыс 
хан жырларын байқап қарағанда һәм 
соңғы уақыттағы Шортанбай ақын-
ның «Зар заманын» қарағанда, Еді-
ге жырларының сөзі тым аз, өңкей 
қысқа-қысқа, бағзы жырларының сөз-
дері жырға да келмейді, жырмен осы 
күнде қазақтар көп өлең шығармайды, 
бір мұңлы-зарлы нәрселер турасын-
да болмаса, осы күнгі ақындар жыр-
ды менсініп көп айта қоймайды. Осы 
күнгі өлеңдердің көбі ұзақ болып әнге 
келеді», – деп Едіге жыры мен Шор-
танбай өлеңдерін салыстыру әдебиет 
тарихын тануға деген ғылыми ойдың 
мәнді ұмтылысынан хабар береді 
[10, 170]. «Дала уалаятының газетін-
дегі» ғылыми бағалаушылық мәндегі 
бұл секілді ой-пікірдің көңіл ауда-
ра кетерлік бір ерекшелігі, сөз етіп 
отырған жырау, ақын-жазушылар-
дың қайсыбірінің көзі тірісінде-ақ 
таныстырылып, ұлттық мәдениет пен 
әдебиеттегі орнына лайықты өз ба-
ғасын ала бастауы еді. Бұл әдебиет 
тарихы деген ұғымның орын теуіп, 
оны ауыз әдебиетінен бөлектей қа-
рауға әсерін тигізбей қалмады. 
Қорыта келгенде, әдеби-тарихи 
және әдеби-теориялық ой-пікір, әде-
биет тарихы мен теориясының мә-
се ле лерін танымдық тұрғыда ба-
тыл көтере алғанын көреміз. Баға-
лаушылық мәндегі ой-пікір айтылуы, 
ұлт әдебиет өкілдерінің шығарма ла-
рының жариялануы мен жарық кө-
руі, қазақ поэзиясы жанрлық түр лері 
мен құрылысы жағынан сөз бола бас-
тауының әдебиеттану ғылымының 
туғанға дейінгі дайындық кезеңі 
үшін маңызы зор болды. Себебі, олар 
ұлттық әдеби-тарихи, әдеби-тео-
рия лық бағыттағы ойлау жүйесінің 
нақ ты көрінуін, жаңаша теориялық 
ұғымдар мен көзқарастың жинақ-
тала бастауын, ғылыми-зерттеушілік 
таным филологиялық білімдер ба-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет