ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
отырған бір орталықтандырылған
отыршылдық-әкімшілік жүйе көр-
кем әдебиеттегі кейбір рухани босаң-
сулар мен ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдегі тың ізденістерді дер кезінде
байқап үлгерді. Түрлі басқосулар
мен жиындар, ғылыми талқылаулар
ұйымдастырып, ауыздықтап қоюға
шұғыл шаралар қолданды. Оларда
К. Маркстің «Жеке ұлттардың руха-
ни ісінің жемістері жалпының игілі-
гіне айналады. Ұлттық сыңаржақтық
пен томаға-тұйықтық бірте-бірте
мүмкін болмайтын болады, сөйтіп
толып жатқан ұлттық және жергілікті
әдебиеттен бүкіл дүниежүзілік бір
әдебиет құрылады» деген «көреген-
дік» пікірі басшылыққа алына бас-
тады. Мысалға 1960 жылғы 11-12
қаңтарда Мәскеуде өткен ұлттар
әдебиетінің өзара байланысы мен
бір-біріне әсері мәселесіне арналған
жиынды атауға болады. «Осында сөз
алған бірқатар мәскеулік шешендер
кеңес әдебиетінде ұлттық сипаттың,
ұлттық айырмашылықтың тезірек
жойылуы – «қоғамдағы антогонистік
элементтердің тамырына балта шаба-
тынын даурыға айтты».
Конференция туралы пікірімізді
дәл осылайша аяқтасақ, өткен та-
рихтағы қол жеткізген барлық та-
быстарды жоққа шығаруға, болмаса
жаңаша сипаттағы «тұрпайы социоло-
гизмге» бой алдыру болып шығар еді.
Сондықтан қазақ әдебиеттануында
кеңестік дәуірде маркстік-лениндік
әдіснаманың толық үстемдік ал-
ған 1960 жылдардан басталатын
ен дігі кезеңіндегі ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір үшін басты
бағыт-бағдар мен нысана болып табы-
латын және сол уақыт үшін жаңалық
болып есептелген жетістіктерін де
атап көрсету керек. Тарих қашан да
болсын тарих болып қалады. Оны
жамап-жасқауды уақыт ешқашан да
көтермейді, шындық жеңіп шыға-
тынын бүгінгі күн өзі дәлелдеп те
отыр. Осыған сай ақиқатын айтар
болсақ, конференцияның ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің жаңа ізде-
ністері үшін нақты көтерген мәсе-
лелері төмендегіше болады.
• фольклортануда жеке жанрлар
тарихын, поэтикасын, басқа халық-
тар фольклорымен байланысын, ке-
ңестік дәуірдегі халық творчество-
сын ғылыми тереңдете зерттеу;
• «тұрпайы социологизм» әсері-
нен шеттетілген және бұрын жарық
көре қоймаған халық ауыз әдебиеті
үлгілерін басып шығару;
• қазақ әдебиетін теориялық тұр-
ғыда зерттеуге көбірек назар ауда-
ру, көркемдік әдіс, дәстүр мен жа-
ңашылдық, жанрлық даму және қа-
лыптасу жолы, стиль мен көркемдік
шеберлік мәселелеріне сай тексеру;
• қазақ әдебиетінің социалистік
мазмұны мен ұлттық сипатын, идея-
лық-творчестволық
мәселе лерін,
со циалистік реализмнің принцип те-
ріне сай өсу жолын жаңа талапта қа-
растыру;
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У