ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
аяқтап, 1970 жылдардан бастап
даму кезеңiне қадам басқан қазақ
әде биеттануының алдына заман ал-
ға тартқан күрделi де, көкейкестi
мәселелердi шешуге жұмыла кiрiстi.
Ол ғалым С. Қирабаев жазғандай:
«1956-1966 жылдар аралығындағы
он жыл ішінде жүз елуден астам сын
және зерттеу кітаптарының жарық
көргенін айтудың өзі жеткілікті.
Мұндай өнімділік бұрынғы әдебиет
даму кезеңдерінің ешбірінде бол-
ған емес. Қазақ әдебиеті сыны мен
әдебиеттану ғылымының осы дә уірде
қарқында дамуы, ең алдымен қо-
ғамдық ой-пікірде еркіндік тууымен
байланысты болды» [81, 3]. Шынын-
да да «жылымық жылдары» аталып
жүрген осы кезеңде ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір өз тарихын дағы
«пролеткультшылдық», «тұрпайы со-
циологизм» секілді қате теория лар
ықпалында жіберген кемшілік терін
енді батыл түрде түзетуге бет алды.
Оның негізгі қадамдарі осы қазақ
әдебиеттануының даму дәуірі атап
отырған кезеңде жүзеге асты.
1970-1980 жылдары ғылыми-
зерттеу жұмыстарының темiрқазы-
ғына толық айналған маркстiк-
лениндiк әдiснама ықпалында бол са
да ұлттық әдебиеттi тарихи, тео-
риялық тұрғыдан тексеру жұ мыс-
тарында табысты қадамдар жасала
бастады. Әдебиеттiң тарихи кур-
сының мәселелерiне және жеке да-
рындар туралы көптеген моногра-
фиялар, ғылыми-зерттеу еңбектер,
мақалалар жарық көрдi. Осыған сай
жекелеген жанр түрлерiнiң қазақ
әдебиетiнде өсiп-өркендеу жолда-
ры да монографиялық тұрғыда жан-
жақты сөз болып теориялық мәнде
нақты ғылыми тұжырымдар жасауға
қол жеттi. Әдебиет теориясының
кеңес дәуiрiне тән жалпы қисын-
қа ғидаларына сай жазылса да ұлт-
тық әдеби-теориялық ой-пiкiрдiң
қалыптасуына үлес болып қосылған
еңбектер көбейе түстi. Ұттық по-
эзия, проза, драматургияның, әде-
биет сынының туу, өсу-өркендеу,
қалыптасу жолдарының тарихы
ғылыми сипатта кеңiнен қарас ты-
рылды. Олардың iшкi жанрлық
түрлерi, атап айтқанда лирика, по-
эма, роман повесть, әңгiме, трагедия,
комедия, юмор мен сатиралар ар-
найы зерттеу нысанасына түстi. Бұл
жылдардағы ұлттық әдебиеттанудың
жан-жақты өркендеуiне Б. Кенжеба-
ев, М. Қаратаев, Х. Сүйiнiшәлиев,
С. Қирабаев, М. Дүйсенов, Т. Кәкiшев,
Р. Бердiбаев, З. Қабдолов, М. Базар-
баев, Т. Нұртазин, З. Ахметов, С. Ор-
далиев, Н. Ғабдуллин, Т. Қожекеев,
Ө. Нарымбетов, М. Мырзахметов,
Х. Әбдiбаев, Ш. Сәтбаева, Р. Нұр-
ғалиев және т.б. көптеген әдебиетшi,
сыншы дарындар зор үлес қосты. Бұл
ғалымдардың ғылыми-зерттеу ең-
бектерiн тiзбелей кәрсетуге, басты-
бастыларына жекелей тоқталуға бо-
лар едi. Бiрақ бiрiншiден ол көп орын
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У