Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет374/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІV БӨЛІМ. 
Қазақ библиографиясының тарихы 
септігін тигізгені анық. Бұдан біз 
қазақ баспасөзінің дамуымен бірге 
библиографияның да өрісті арнамен 
кең қанат жайғанын байқаймыз. Со-
нымен қоса, қазақ әдебиет сынының 
туу процесімен библиографияның 
жанр лық сипат алуына қазақ баспа-
сөзі елеулі еңбек сіңіріп, тарихи роль 
атқарды.
Төңкерістен кейінгі әдебиеттану 
ғылымының ғылыми биіктерге қол 
созған ұмтылыстарын саралаған 
уақытта қазақ библиографиясының 
да өз салалары бойынша батыл қа-
дамдар жасағанын айта кету керек. 
Наркомпростың қолдауымен қазақ 
тілінде басылған кітаптардың тізі мін 
алу, анықтау, көрсеткіш етіп шы ға-
ру жұмыстары қолға алына бастады. 
Ол 1924 жылы Орынборда өткен қа-
зақ білімпаздарының тұңғыш съезін-
де де көрсетіліп, бұрынғы шыққан 
кітаптардың тізімін алып, қажетті 
деп тапқан таңдаулыларын қайта 
бас тырып шығару керектігіне көңіл 
аударады. Ол 1926-1927 жылдары 
шық қан «Қазақ тілінде басылған кі тап-
тардың көрсеткіші» және «1929 жыл-
дың 1 августына дейін шыққан кітап-
тардың тізімі» (1929) деген атпен 
жарық көрген библиографиялық 
көр сеткіштер дәрежесінде көрініс 
тапқан. Оларды баспаға дайындаған 
М. Дулатов еді. Бұлар тек төңкеріс-
тен бері қарай жарық көрген қазақ 
тіліндегі кітаптарға арналған биб-
ли о графиялық көрсеткіштер бола-
тын. Толық әрі жан-жақты жасал-
мағанымен бұлар қазақ библиогра-
фиясының бір қадам алға басқанын 
танытатыны анық еді. Бірақ «алашор-
дашылар» мен «халық жауларын» 
қудалауға байланысты бұл жақсы 
бастамадағы игі іс еріксіз үзіліп 
қалды да, тек қырқыншы жылы қайта 
жалғасты.
Тапсырмалар мен сұрақтар
1. Библиография саласының өзіндік ерекшеліктері неде?
2. Библиография методикасы мен теориясы.
3. Алғашқы қазақ баспасөзіндегі библиография мәселелері.
4. Н. Ф. Катанов және алғашқы қазақ библиографиясы.
5. Орыс ориенталист-фольклористері еңбектеріндегі библиографиялық 
көзқарастар.
6. «Айқап» журналындағы библиографиялық ізденістер сипаты.
7. А. Е. Алекторовтың библиографиялық көрсеткішінің тарихи мәні.
8. «Қазақ» газетіндегі библиографиялық таным-білік.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


395


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет