Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет380/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІV БӨЛІМ. 
Қазақ библиографиясының тарихы 
көрсетілген. Бұдан кейін сол ақын-
жазушының шығармашылығы жай-
лы жазылған әдебиеттану мен сын 
еңбектерінің басты-бастыларының 
тізімі берілген. Бірақ бұл схема 
барлық ақын-жазушы тұсында толық 
сақталмапты. Мәселен, неге екені 
түсініксіз, библиографияда кейбір 
ақын-жазушылардың өмірбаянынан 
ешқандай дерек жоқ. Ақын-жазу-
шылардың әр тұста шыққан кол-
лективтік жинақтарының тізімі ар-
наулы бөлімде көрсетілген. Бұдан 
кейін библиография да әдебиеттану 
мен сынға арналған бөлім бар. Ол 
бөлімнің өзі әдебиеттің жанрларына, 
әдебиеттанудың негізгі мә селелеріне 
байланысты бірнеше та қырыпқа бө-
лініп жіктелген. Бұл – библиогра-
фияның алғы сөзінде атап көрсе-
тілгендей, көпшілік оқу шыларға 
ұсынылған (рекомендательная) биб-
лио г рафиялық көрсеткіш. Биб лио -
гра фияның алға қойған осы мақ-
са тымен тікелей байланыс ты, әсі-
ресе, әдебиеттану мен сын бөлі-
мінде көптеген материалдар қалып 
қойған. 
Ғылыми 
библиография 
бол ма ғандықтан мұндай көпші-
лікке ұсынылатын (рекомендатель-
ная) библиографияның толық бол-
мауы заңды. Қазақ әдебиетінің 
Ұлы отан соғысынан кейінгі он 
екі жылдық мерзімінен көптеген 
мағлұматтар беретін бұл көлемді 
библиографияның қазақ әдебиетінің 
сол тұстағы жай-күйімен танысқысы 
келетіндер үшін де, қазақ әдебиетінің 
тарихын зерттеп жүрген әдебиетші 
ғалымдар мен сыншыларға пайдасы 
тиетіні сөзсіз.
Қазақ Ғылым академиясы жүйелі 
түрде шығарған қазақ әдебиетінің та-
рихына арналған том-том еңбектер-
дің ішіндегі библиографиялардың 
да әдебиет библиографиясы тари-
хынан алатын өзіндік орны бар. 
Атап айтсақ: «Қазақ әдебиетінің 
тарихы». І том. Фольклор (1948), 
«Қазақ әдебиетінің тарихы» ІІ том.
(1961), «Қазақ әдебиетінің тарихы». 
ІІІ том. «ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиеті» 2-ші кітап. (1966). Жалпы 
еңбектердегі библиографияны жи-
нап толықтырғандар Ғ. Әбетов және
Ә. Нарымбетовтер болатын. Төңке-
рістен бұрынғы қазақ тілінде шық-
қан мерзімді баспасөзде қазақ әде-
биетіне қатысты көптеген мате-
риалдардың жарияланғаны бар-
шаға аян. Соңғы кезге дейін ол ма-
териалдардың белгілі бір жүйеге 
түскен арнасы библиографиясы жоқ 
еді. Әдебиет библиографиясындағы 
осы бір олқылықты библиограф 
Ү. Сүбханбердинаның 1961 жылы 
«Айқап» бетіндегі хат-хабарлар маз-
мұндалған библиографиялық көр-
сеткіші. Бірінші бөлім. Алматы, Қазақ 
Мемлекеттік баспасында шықса, 
«Қазақтың төңкерістен бұрынғы 
мерзімді баспасөзіндегі материал-
дар» мазмұндалған көрсеткіш. Екін-
ші бөлім. Алматы, Қазақ ССР Ғылым 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


402


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет