V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
Әдеби мұраларды көне дәуірден ба-
стап зерттеу идеясын алғаш көтеруші
ғана деп емес, осы сала бойынша
монументальды еңбектер қалдырып,
қазақ әдебиеттануында өзінің ғылыми
мектебін қалыптастырды. Профес-
сор Б. Кенжебаевтың жоғарыда сөз
еткен еңбектерінің негізінде және
қазақ әдебиетінің тарихының арғы
бастауларын ғылыми тексеру жолын-
да ғалымның жетекшілігімен қор-
ғалған М. Мағауиннің «ХV-ХVІІІ ға -
сырлардағы ақын-жыраулар поэзия-
сы» аталатын кандидаттық диссер-
тациясы ұлттық әдебиеттің тарихын
үш ғасырға алға апаруы шын мә-
нін де ұлттық ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірде үлкен жаңалық болды.
Ғалым бұл бағыттағы ізденістерін
өзінің ғылыми мектебіндегі шәкірт-
теріне жетекшілік жасау арқылы
ыжда хаттылықпен тереңдете түсті.
Оған М. Жолдасбеков, Н. Келімбе-
тов, А. Қыраубаевалардың ежелгі
дәуір әдебиеті тарихын зерттеу са-
ла сындағы ғылыми еңбектері мен
зерттеулері дәлел. Бұл түркі халық-
тарының VІ-ХІV ғасырлардағы әде-
би мұрасының ғылыми тұрғыда
зерт теліп, әдеби-тарихи мектептің
қалыптасуына себеп болып ғана
қойған жоқ. Орхон-Енисей жазба
ескерткіштерінен бастап Қ. А. Яс-
сауии шығармаларына дейінгі ұшан-
теңіз классикалық мұраның халық-
тың рухани азығына айналуына
жол ашты. М. Қашқари, Ж. Баласа-
ғұни, А. Игүнеки, З. Бабыр, Н. Раб -
ғузи, Қ. А. Яссауии және т.б. еңбек-
терінің ұлт тілінде басылып шығуы
мен зерттелуінің жан-жақты қолға
алынуын қазіргі кездегі ұлттық әде-
биеттанудың мол табыстарының бірі
десек, артық айтпаған болар едік.
Ұлттық әдебиеттану ғылы мының
білімпазы, атақты ғалым Б. Кен-
жебаевтың негізін қалаған ғылыми
мектебінің шәкірттері ұлттық әде-
биеттің тарихын тұтас толық және
кешенді түрде зерттеуде тың бастама-
лар жасау жолында соны ізденістерге
толы ұмтылыстар жасап жатыр.
Ұлттық әдебиеттану ғылымын-
дағы «екінші мектеп (жетекшісі
З. Қабдолов) бойынша әдебиет
теориясының түбегейлі мәселелері
кең зерттеліп, терең талданып, жо-
ғарғы мектепке арналған оқулық
жазылды» деп нақтылай келе З. Қаб-
долов: «Қазақ әдебиеттануының бұл
саласы сонау А. Байтұрсынов ең-
бегінен (Әдебиет танытқыш) бастап,
Қ. Жұмалиев (Әдебиет теориясы),
Е. Ысмайылов (Әдебиет теориясы-
ның мәселелері) еңбектеріне жалға-
сатын. Соңғы кітапта (Сөз өнері)
осылардың тәжірибесі пайдалана тұ-
ра, әдебиет теориясы бұрынғындай
тек терминдер маңында ғана қисын-
қағида қалыптастырумен тынбайды,
әдебиеттің ең бір өзекті теориялық
мәселелері жазушының шеберлігі
жә не әдеби шығармашылықтың пси-
хологиясымен тығыз байланыста
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У