«хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси өмір» пәні бойынша лекциялардың қысқаша мазмұны



бет6/14
Дата27.11.2023
өлшемі158,5 Kb.
#130044
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лек

6-Лекция. 30-шы жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси және мәдени өмір. 2 сағат

* Лекция мақсаты:


Қуғын-сүргін саясатының жүзеге асырылу деңгейін көрсету. Қазақстандағы мәдени революция саясатының мәнін ашу. Ұлттық мәдениеттің кеңестендірілуін дәлелдеу. Кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуын пайымдау.

* Түйін сөздер:


«мәдени революция», «қазақтандыру», «атеизм», «кеңестік ғылым», «кеңестік зиялылар».

* Негізгі сұрақтар:


1. Әкімшіл-әміршіл жүйенің қалыптасуы және оның қоғамдық
саяси өмірге әсері
2. Кеңес үкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы
жетістіктері мен осы саладығы қайшылықтар
3. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің нығаюы

1.20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақстанда әкімшіл-әміршіл жүйе қалыптасты. Бұл жағдай коммунистік партияның билік тармақтарын қолына шоғырлануынан көрінді. Осы жылдары жүргізілген саяси-экономикалық науқандар партияның басшылығымен жүргізілді. Ал кеңестік Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілген сот-прокуратура ұйымдары партияның қолшоқпарына айналды. Нәтижесінде мемлекетте тоталитарлық тәртіп орнады.


Республиканың қоғамдық-саяси өмірдегі толғағы жеткен мәселелерді шеше алатын, жергілікті халыққа түсінікті және жақын кеңестік аппарат құру қиын болды.Жаңа кеңестік аппаратқа тартатын қазақ қоғамында сауатты адам аз болды. Алашордалықтарды кеңес үкіметі биліктен алшақтатты, сенімсіздікпен қарады.Әкімшілік органдардағы европалық ұлт өкілдерінің көбі шовинистік пиғылда болды.
2.Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни халықтың сауатын ашу мәселесін көтерді.Әсіресе ол үкіметтің 1929 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы» қаулысынан кейін өріс алды. Алайда қаржы мен мұғалімдердің жетіспеуі науқан барысында қиындықтар туғызды. 1926 жылы мектеп жасындағы балалардың 16 пайызы тартылса, 1935 жылы 91 пайызы тартылды.
Кеңес үкіметі қазақстанда кеңестік ғылымның қалыптасуына жол ашты. Алғашқы ашылған ғылыми-зерттеу мекемелер:1922 жылы- Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лаборатория, 1924 жылы - өлкелік өсімдікті қорғау станциясы т.б. ашылды. 1932 жылы қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 15-86 лаборатория мен т.б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді.
20-30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасалды.Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды.С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Әуезов т.б. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері қалыптасты.
Алайда кеңес саясаты таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды.Мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан да қазақ мәдениетінің қалыптасқан тұстары ескі феодалдық құрылыстың қалдықтары ретінде қаралды.
3. Кеңес үкіметінің өлкедегі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты.Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдың аяғы мен 1930 жылдың ортасына келеді. Қуғын-сүргін саясаты нәтижесінде қазақ халқының таңдаулы азаматтары атылып кетті.

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


- «Мәдени революция» ұғымының мәнін ашу;
- Дәстүрлі мәдениеттің дағдарысқа ұшырауының себептерін ашу;
* Ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- Культурное строительство в Казахстане: Сб. Докум. И материалов,1975.
- Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции,1992
- Омарбеков Т. XX Қазақстан тарихының өзекті мәселелері,2001.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет