Ресейде жүріп «мен қазақпын» деп айтуға тайсалмаған жастар "Жас тұлпар" ұйымының эмблемасын, туын жасады. - Ресейде жүріп «мен қазақпын» деп айтуға тайсалмаған жастар "Жас тұлпар" ұйымының эмблемасын, туын жасады.
- Жастұлпарлықтардың үш түстен тұратын (қара, қызыл, көк) туына тұлпардың суреті салынған болатын. Осы туды сол тұста Мәскеуде білім алған белгілі қырғыз суретшісі Асаналы Бейшенов салған екен. Идеясы Белгілі суретші Бахтияр Тәбиевтікі. Қара түнектен шығып, қызылды аттап, көкке жетіміз деген көкейдегі арманды ту еткен жастар кейіннен Ресейдің басқа қалаларында оқитын қазақ жастарын да осы ұйымға тарта бастады. Ол кезде Ленинградта, Киевте, Ригада, Харьковта жоғары оқу орындарында озық ойлы, талантты жастар көп оқыды.
- Алғашында әдеби, мәдени үйірме ретінде жұмысын бастаған бұл ұйым туралы сыбыс Қазақстандағы жастардың құлағына да жете бастады. Егемендікті армандауға да батылы бармаған қазақ жастарында үміт пайда болды. Жиындарда жастар қазақ ақындарының өлеңдерін оқып, тарих жайлы ой бөлісіп, ұлт мәселесін талқылайтын.
"Жас тұлпардан" кейін еліміздің әр қаласында , айталық, Қарағандыда "Жас қазақ", Қостанайда "Жас түлек", Өскеменде "Ұлттық мамандарға әділеттілік тобы", Семейде "Тайшұбар", Павлодарда "Жас ұлан", Алматыда "Сарыарқа", Шымкентте "Адыр қасқырлары" секілді жасырын ұйымдар құрыла бастады. Белсенді жастар ауыл-ауылды аралап қариялармен тілдесіп, тарих жайлы, Алаш зиялылары туралы мағлұматтар жинады. Тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш жастар қозғалысмының көш басында Мақаш Тәтімов, Жәмилә Аухадиева, Сара Тыныштығұлова, Роза Жаппарова, Амангелді Сембин, Болат Хисаов, Серік Байкенов, Жеңіс Өмірбеков, Қалқаман Тілеуханов Рахима Мащанова, тағы көптеген қазақ жастары болды. Ұйымның мүшесі белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев «Жас тұлпар» әнін жазған еді. Ақиық ақын Мұқағали да жастардың игі әрекетіне әрдайым қолдау көрсетіп отырды. - "Жас тұлпардан" кейін еліміздің әр қаласында , айталық, Қарағандыда "Жас қазақ", Қостанайда "Жас түлек", Өскеменде "Ұлттық мамандарға әділеттілік тобы", Семейде "Тайшұбар", Павлодарда "Жас ұлан", Алматыда "Сарыарқа", Шымкентте "Адыр қасқырлары" секілді жасырын ұйымдар құрыла бастады. Белсенді жастар ауыл-ауылды аралап қариялармен тілдесіп, тарих жайлы, Алаш зиялылары туралы мағлұматтар жинады. Тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш жастар қозғалысмының көш басында Мақаш Тәтімов, Жәмилә Аухадиева, Сара Тыныштығұлова, Роза Жаппарова, Амангелді Сембин, Болат Хисаов, Серік Байкенов, Жеңіс Өмірбеков, Қалқаман Тілеуханов Рахима Мащанова, тағы көптеген қазақ жастары болды. Ұйымның мүшесі белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев «Жас тұлпар» әнін жазған еді. Ақиық ақын Мұқағали да жастардың игі әрекетіне әрдайым қолдау көрсетіп отырды.
-
Достарыңызбен бөлісу: |