Хх ғасырдың екінші жартысындағЫ Қазақстандағы кеңестік реформалардың Қайшылықтары мен салдары


Зиялы қауымның жасырын қарсылығы, диссиденттік топтардың және студенттік үйірмелердің қызметі



бет12/18
Дата12.06.2023
өлшемі246 Kb.
#100743
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК РЕФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ МЕН САЛДАРЫ

6.Зиялы қауымның жасырын қарсылығы, диссиденттік топтардың және студенттік үйірмелердің қызметі.

  • Қазақстан пар­тия ко­митеті БК (б) П Ор­та­лық Ко­митетінің 1946 жылғы зи­ялы қауым­ды са­яси қуда­лауға ар­налған қаулы­сын орын­дау мақса­тын­да жұмыс істеді. Осы­дан бас­тап көпте­ген зи­ялы қауым­дардың, ғылым, мәде­ни­ет өкілдерінің са­яси қуда­ла­уы бас­талды. 1947 жы­лы ком­му­нистік пар­тия Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ныңқұра­мын­дағы Тіл және әде­би­ет инс­ти­туты­на XIX ғасырға дейінгі қазақ әде­би­етінің ру­хани мұра­сын зерт­те­уге тыйым сал­ды. Се­бебі бұл кездің мұра­лары «ескінің қал­дығы» ретінде си­пат­талды. Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясын­да, Мем­ле­кеттік уни­вер­си­тет­те, жа­зушы­лар қауымы өкілдері ішінен «ха­лық жа­ула­рын», «бөгде ой­лы адам­дарды» іздеді.
  • М. Әуезов, Қ. Сәтба­ев, Қ. Жұма­ли­ев, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан сияқты қазақстан­ның бірту­ар ұлда­рына «ескіні жа­зушы­лар» ретінде негізсіз айып­тар тағыла бас­та­ды.
  • Белгілі ғалым­дарға (А. Жұба­нов, Б. Сүлей­ме­нов, Е. Ыс­ма­илов, С. Кеңес­ба­ев т. б.) әр түрлі жа­ла жа­был­ды. М. Әуезов, Қ. Сәтба­ев сияқты ғалым­дар біраз уақыт бойы қазақстан­нан тыс жер­лерді (Ле­нинг­рад, Моск­ва) мекендеді.
  • Өткен ғасырдың 60-70 жылдары бодандықтың қара бұлты сейілмейтіндей көрінген кезде қазақ жастары тәуелсіздіктің ақ таңының ататынына сеніп, азаттық жолындағы Алаш зиялыларының күрес жолын жалғастырған еді. Осының бір көрінісі сол тұста құрылған "Жас тұлпар" қозғалысы. «Жас тұлпар» ұлттың мұратын көпшілікке жеткізуді мақсат еткен, жастардың санасын серпілткен, тарихымызды түгендеуге тырысқан, ұлттық рухты оятқан ұйым ретінде тарихта қалды. Осыдан жарты ғасыр бұрын Мәскеуде білім алған бір топ жас қазақ ұлтының тамырын іздеп, ертеңіне алаңдаушылық танытып, ұлттық мүдде үшін күресуге бел буған еді. Білімді, ұлтшыл, текті отбасылардан шыққан қазақтың қайсар ұл қыздарының серпілуіне себеп болған сол кездегі жас студенттер Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатқан Тайжан сынды біртуар азаматтар "Жас тұлпар" атты ұйым құрып, ең алдымен Мәскеуде оқитын 1438 қазақ жастың басын қосты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет