СРСП.ХХІ ғасыр – инновация ғасыры. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры деп бекітілген болатын. Ақпараттық сайттар мәтінмен қатар видеохостингте сақталған видеоларды, фотохостингте сақталған фотоларды оқырманға материал арасында бөлісіп, конвергентті журналистиканың негізін қалап отыр. Интернет дәстүрлі ақпарат құралдары – телеарна, радио, газеттерг қарағанда аудиориясына әлдеқайда тез қалыптастырды. Мысалы радио алғашқы 50 миллиондық аудиториясын 38 жылда, ал телеарна 13 жылда жинаған екен. Ал, интернет небәрі төрт жылда осындай көрсеткішке ие болған. Интернет контингентінің басты талабы – ақпараттың жаңарып отыруы. Міне, сондықтан, газет сайттарының да жаңартылып отыруының маңыздылығы осы жерден көрінеді.
СРСП. Қазіргі масс-медиа формалары мен мазмұнының модернизациясы. Ақпарат кеңістігіндегі сандық және сапалық өзгерістер. Әлеуметтік қажеттілік пен ақпараттық рынок талабы.Байқам жанрының өзіндік ерекшеліктері. Информациялық, талдамалық табиғаты. Ақпараттық алаңдағы орны мен ролі. Дайджест формасының қосарлы функциясы және эволюциясы. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі құлаққағыс, аңдатпа, аннотация формаларының жаңашылдық һәм ақпараттық сипаты. Сұрақ-жауап тәсіліндегі информация элементтері. Оқырмандарға арналған түрлі кеңестердегі бағыттамалы ақпарат.Қазанама мәтіндеріндегі өмірбаяндық және тарихи информация.
3-СРСП. Репортаж жанрыныңтегі, жанрлық ерекшелігі, оның түрлері, репортаж жазу әдістері. Репортаждың жанрлық функциясы. Әлемдік практика, ұлттық журналистика өнегесі. Газет репортерлері әдістері, тақырыптар сан түрлілігі, белгілі бір салаға машықтану тәжірибесі. Өндірістік, салтанатты шеру, спорт репортаждары. Жеделділік, оқиға маңыздылығы, тақырып сонылығы, репортердің лайықты форма таңдауы.Репортаж бен есеп формасының сыртқы ұқсастығы.Есеп жанрының ресми-әлеуметтік ролі, оның журналистика пішініне трансформациялануы.Есеп жанрының объекті – ұйымдастырылған//стихиялық жиын, аудитория ауаны. Негізінен жабық кеңістіктегі басқосулар, формасы – ресми ақпараттық хабар. Қысқа, кеңейтілген және тақырыптық есеп.
4-СРСП. Диалогтық жанрлар сипаты. Материалды ұйыстыру формасы. Сұхбаттың әрі жанрлық мәтін, әрі әдіс ретіндегі көрінісі. Сұхбат жанрының информация алу және ақпарат тарату функциясы. Сұрақ – жауап байланысы мен сабақтастығы. Мәтіннің қосарлы құрамда орындалуы. Бірінші жақ – тілші, екінші жақ – респондент. Белгілі бір тақырыпты ортаға салу, ой бөлісу, реплика. Әлеуметті, қоғамды толғандырып отырған мәселе бойынша сенімді дерек көзінің шынайы пікірі.Сұхбат мәтіндерінің хабарламалық және талдамалық табиғаты. Сұхбат жанрының формалары. Сұхбат-монолог, сұхбат-хабарлама, сұхбат-диалог, сұхбат-суреттеие, сұхбат-пікір, ұжымдық сұхбат. Сұхбаттағы драматургия элементтері. Ремарка. Сұхбат жанры өрісінің кеңеюі. Қазіргі журналистика арсеналындағы ретроспективалық сұхбат, сұхбат-портрет, технологиялық сұхбат және эксклюзив сұхбат.
5-СРСП. Бабажурналистика өнегесінің қазіргі реалиймен тоғысуы.Дәстүрлі ұлттық әдістерді жаңғырту.Қалыпты сұхбат жанрының кемелденуі.Ашық ауан, жүйелі әңгіме. Сұрақ-жауап форматының кеңеюі.Диалогизмнің жайылма формасы.Әңгіме-дүкен пішіні. Біліктілік деңгейі. Проблема ауқымдылығы, полемикалық сарын, тақырыптың жан-жақты талдануы, көзқарастар әртектілігі, әріптестер тепе-теңдігі.Әңгіме-дүкеннің өзіндік белгісі – әңгімелесушілер позициясы контрастылығының айқындығы, бір сәттік, жылдам шешілер мәселердің төңірегімен шектелмеуі, күрмеуі көп (стратегиялық мәні бар) проблемаларды байыпты да білікті талдауы, мәселеге тереңірек үңілуі.
Ауызекі пікірлесу мен әдеби норма балансы. Газет әңгіме-дүкені мен телерадио әңгіме-дүкенінің тақырыптары мен әсерлілік шкаласы.
6-СРСП. Корреспонденция жанрының эволюциясы, өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері, ақпараттық кеңістіктегі орны.Корреспонденция – әрі хабарлама, әрі талдамалы жанр. Уақыт және кеңістік аясы шектеулі. Функциясы – мәнді фактілер мен оқиғалардың мәнін ашу, олардың мазмұнын көрсету, объектіні бағалау. Корреспондениция пішінінің автор ойы қисынына бағынуы.
Корреспонденция жанры арқылы журналистіңоқиғалар мен құбылыстарға қорытынды жасап, баға беруі. Жанр мәтіндеріндегі ойдың жалқыдан жалпыға қарай дамуы.