«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сайыс кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты 10- сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 12 сұрақ беріледі
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.
4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
5. Әр сұраққа 10 ұпайдан беріледі.
«Жорға» бөлімінің сұрақтары
1. «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын алғаш біртұтас поэмаға айналдырған ақын
А) Шәкәрім
Б) Низами
В) Физули
2. Банктер мен жинақ кассаларындағы салымдар
А) Несие
Б) Дивиденд
В) Депозит
3. 1943 жылы тары өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған тарышы
А) Ыбырай Жақаев
Б) Шығанақ Берсиев
В) Қилыбай Медеубеков
4. «Ұмытылған» деген бүркеншік атты пайдаланған ақын
А) Көкбай Жанатайұлы
Б) Әлихан Бөкейханов
В) Шәкәрім Құдайбердіұлы
5. Молдованың астанасы
А) Кишинев
Б) Рыбныцы
В) Познань
6. Қол добы (гандбол) алғаш қай елде пайда болды?
А) Ресейде
Б) Германияда
В) Францияда
7. Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгертіліп берілуі
А) төлеу сөз
Б) төл сөз
В) автор сөзі
8. Үндістанға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған тұңғыш теңіз саяхатшысы
А) Христофор Колумб
Б) Америго Веспуччи
В) Васко да Гама
9. 6 ай мен 1 жас аралығындағы жылқы төлі
А) құлын
Б) тай
В) жабағы
10. Табиғатта кездесетін кейбір қоңыздардың жарық шығару процесін қалай атайды?
А)биолюминесценция
Б) флуоресценция
В) термолюминесценция
11. Қазақ тілінде тұңғыш музыкалық әліппені шығарған кім?
А) Ахмет Жұбанов
Б) Ыбырай Алтынсарин
В)Ахмет Байтұрсынов
2-кезең
«Тіл-өнер» кезеңінің шарттары:
Бөл кезеңде оқушыларға мақал-мәтелдер, жұмбақтар, өлең үзінділері қойылып, ішінен бір сөз жасырылады, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасын табу керек. Үш тілді де тапса 30 ұпай беріледі. Ұпайы аз 3 ойыншы ойыннан шығады.
«Тіл-өнер» сайысының сұрақтары:
7. Атадан ұл қалса, өзі қалғаны,
Қыз қалса, ----- қалғаны.
(Ізі – след – track)
8. Иісшіл - ит емес,
Ұшады –құс емес.
(шыбын-муха- fly)
9. ------ жаннан без,
Қайырсыз малдан без.
(Үміт-надежда- hope(
10. Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас.
(тасбақа- черепаха- turtle)
11. Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымак
Мен дайынмын өтуге де бүгін ақ
Мен жаныммен сүйем осы тілімді
------ деп ақ айта берсін білімді
Ассамблеяда естілмесін үні де
Ана тілі ұлы менің өзіме.
(кедей-бедный-poor)
3-кезең
1. Бұл сайыста 6 ойыншыға мына экрандағы
6 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Ойыншылар кезегімен бір тақырыптан таңдайды.
3. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
4. 6 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 3 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.