Ххі ғасырдағы филология ғылымы. Негізгі зерттеу бағыттары


Еуропалық филология ғылымындағы Фома Аквинскийдің орны



бет2/3
Дата31.01.2023
өлшемі18,74 Kb.
#64160
1   2   3
Еуропалық филология ғылымындағы Фома Аквинскийдің орны
Орта ғасырдың тағы бiр көрнектi шешенi – Фома Аквинский (1225-1274). Оның еңбектерi шiркеу шешендiк теориясындағы гомелетиканың негiзiн салды. Онда ең бiрiншi болып пiшiн, сыртқы әдемiлiк, көзге ұратын құр тұлға алға қойылды, басты принцип көндiру емес, сендiру болып табылды. Шешендiк сөздiң тиiмдiлiгi мен iске әрекеттiлiгi осы кезеңдерде уағыздаушының дәл осы қасиеттерiне байланысты болды.
Шешендiк өнердiң бұл түрi Орталық Европа мен Батыс Европа елдерiнiң мәдениетiне айтарлықтай әсерiн тигiздi. Өйкенi мұның таралуына тiлдiк кедергiлердiң болмауы ықпалын тигiздi. Уағыздар тек қана латын тiлiнде оқылатын. Құдайлық шешендiк өнерге қарағанда орта ғасырлық университет лекциясы алдыңғы қатарда болды. Ол (лекция) мағынасы аңғартып тұрғандай (лат. lectio – оқу, lector – оқушы) кiтаптан алынып оқылса да, шын өмiрдегi құбылыстар мен факторларды көрсетiп, бiлiм заңына (ережелерiне) бағынды. Кейiн ХV-ХVI ғ. кiтап басын шығару iсiнiң дамуымен оқылатын лекция ауызша айтылатын лекциямен ығыстырылды. Оқу материалын ауызша айту, шешендiк өнер жетiстiктерiн пайдалану шешендiк өнердiң жаңа жанрын туғызды.
”Жаңа кезең” ХVI ғасыр басында тарихта жаңа дәуiрдiң бастауын салған батыс европалық қайта өрлеумен басталды. Бұдан кейiн ол ағартушылық дәуiрмен алмасты. Мәдениеттiң барлық салада қаулап өсуi, құдайшылықты (светский) ығыстырған жаңа дүниетанымның дамуы – осы дәуiрге тән негiзгi сипаттар едi.
Шешендiк өнердiң дамуына Б.Паскаль, М.Монтень, Ж.Лабрюйер, Р.Бэкон, И.Гете, Г.Лихтенберг және т.б. европалық жазушылар мен жаңа дәуiр ойшылдары ат салысқан. Олардың шығармаларынан шешендiк өнер туралы көптеген терең ойлар, шешенге қатысты пайдалы кеңестер, нақтылы нұсқаулар орын алады. Көне дәуiрдегiдей қайтадан бiрiншi сөздiң әсерлiлiгi, шешеннiң тыңдаушыларды қызықтыра, тарта бiлуi, нақтылы бiр әрекетке қатыстыра алуы қойылды. Бұл қарым-қатынасты Монтень сөзiмен айтсақ ”өзiнiң артында тұрған нәрселерге емес, тек өзiне ғана қызықтыратын шешендiк жоғалсын”.
Шешендiк өнер теориясына дамуына орыс ғалымдары да зор үлес қосты. ХVII ғасырдың өзiнде шешендiк өнерi туралы бiрнеше еңбектер белгiлi болды. Осылардың iшiнде М.Усачевтiң ”Риторика” кiтабын атап көрсетуге болады. Бiрақ осы және басқа да еңбектерде дiни, яғни шiркеулiк шешендiктiң әсерi әлi де күштi едi. Светтiк халықтық сөздiң дамуы университет шешендiгiнiң дамуымен байланысты. Бұл Ресейдiң мемлекеттiк құрылымдық жағынан демократияның парламенттiк өмiр сүру арнасынан қол үзгендiгiмен түсiндiрiледi. Бұл түр батыс европа елдерiне тән едi. Шындығында университет қабырғаларында ғана жанды сөздiң еркiн дамып, жетiлуiне жағдай туды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет