Жануарлар мен өсімдік дүниесі басқа материктерден ерекше қай материк? (Аустралия)
Ойыншылардың осы ойында жинаған ұпайларының есебін шығарып, келесі ойынға көшеді.
1-жүргізуші. «Тіл өнері» Қайсар да қатал, білімді де білікті батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Тіл байлығы елдің, жұртшылығын, ғылым әдебиетін, өнеркәсәбән, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, мұрасының қай дәрежеде көрсететін сөзсіз дәлел мөлшері» деп айтқандай, біз келесі ойынымызда оқушылардың өз тілімен қатар орыс, ағылшын тілдерін қалай білетіндерін көреміз. Әр дұрыс орысша, ағылшынша жауап-20 ұпай.
Ойлай білсең дана боласың, ойнай берсең.........боласың (бала)
Кісі көркі –жүз, жүздің көркі –көз.Ойдың көркі-тіл, тілдің көркі......(сөз)
Дихан жерін мақтайды, балықшы көлін мақтайды, кәсіпкер.........мақтайды (кенін)
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын........ізде (жол)
Жердің сәні егін, ердің сәні ......(білім)
2-жүргізуші «Ғажайып жетілік» Ақ аюдың қарды алып көзін құлағының айналасын жуатынын,қасқырдың табанына кірген шөгірді тісімен алып, тастайтын, ал ауырып қалса өзіне-өзі аштық жариялан шөптермен де емделе алатынын, қоянның терлемейтінін, ыстық күндері оның бойындағы артық ыстықты ұзын да жіңішке құлақтары сыртқа шығара алатындықтарын, тотының үш аяғы бар екенін, ол тотықұстың бұтадан бұтаға пуысуына көмектесетінін қатты әрі күшті тұмсығы сияқты талай ғажайыптар туралы келесі ойынымызда көруге, естуге болады.
Тақтада: 20 20 20
30 30 30
40 40 40
Сандары жазылған қағаздар ілулі тұр.Оқушылардың екі ойынында жинаған ұпайларының есебі шығарылып, келесі ойында бастау ұпай саны ең аз оқушыға беріледі.
20 ұпайлық сұрақтар
1.Еуразияның теңіз деңгейінен ең биік, ең терең жері, ең ұзын өзені, ең терең көлі, ең үлкен көлі.
2.Африканың ең биік нүктесі, ең ұзын өзені, ең үлкен көлі, ең биік сарқырамасы
3.Солтүстік Американың ең биік нүктесі, ең ұзын өзені, ең үлкен көлі, ең ірі қаласы
30 ұпйлық сұрақтар
1.Африка. «Біздің тұрақты үйіміздің шатыры аспан, ал уақытша тұрағымыз фелидж»-дейді туагерлер.Фелидж шатырын құруға 1-2 сағат кетеді, төбесін түйе, ешкі, қой терісімен жабады, асына сабан төсченіш төсейді. Күндіз фелидждің жан-жағы ашық болады, шатырдың есік, терезесі жоқ. Қоршаған ортаның қандай ерекшелігіне байланысты салынған шатыр деп ойлайсыңдар? (Фелидж Сахара шөлінде тұратын малшылардың тұрағы)
2.Австралия. 1795-1869 жылдары Австралияның ішкі аймағына бірінші ірі саяхат жасап, Дарлинг өзенін ашып, Куперс-Крик өзенінің ерекшелігін зерттеген Чарлз Стерт: «Мен көз алдымда өздерінің суының тартылып жоғалып кеткенін байқадым»-деген. Ч.Срерт Австралия өзендерінің қандай табиғи ерекшеліктерін сипаттаған? Бұл неге байланысты? (Жауын-шашын аз түсетін өзендер құрғап қалады)
3.Еуразия. Еуразияның климатына Солтүстік мұзды мұхиттың әсері мол. Бұл қандай факторларға байланысты? (Материктің солтүстігі жазық, осыған байланысты ауа массалары кедергісіз оңай өтіп кетеді)
40 ұпайлық сұрақтар.
1.Оңтүстік америка.Амазонканың тропикалық орманы. Польшаның саяхатшысы жазғандай, «Бұл орманға келген адам екі рет үлкен қуаныш сезіміне бөленеді. Бірінші күні орманға келген бір жұмақ бағына кіргендей болып үлкен қуанышқа бөленсе, екінші рет орманнан шыққан күні» «Жасыл тозақтан» құтылғанына қуанған сезіміне бөленеді –депті. Бұл қуаныштардың себебі неде деп ойлайсыңдар? (Оңтүстік америка орманы өсімдік түріне өте бай, бірақ мұнда өте қапырық және түрлі шаққыш, сорғыш улы жәндіктер өте көп)
2.Солтүстік америка. 1847 ж. АҚШ-та арнайы заңмен дүниежүзіндегі бірінші Ұлттық «Йеллоусто» паркі ұйымдастырылған. Бұл аймақ «сары тастар» орманы деп аталады. Мұнда болған алғашқы ақ нәсілділер бұл жер туралы түрлі аңыздар айтып жүреді. Олардың айтуынша мұнда өзен суларының ағу жылдамдығынан астындағы тастар қызып кетедіміс, ыстық бұлақтар орманнан биік атқылайтын, енді біреулері мұнда бір көлден ұстаған балығын екінші бір көлге салса балық тұздалып пісіп шығатынын айтып мақтаған. Бұл саябақтағы қандай табиғат құбылыстары туралы сөз болған. (Бұл саябақ таулы аймақта орналасқан, сондықтан өзендердің ағысы өте жылдам, мұнда гейзер алаңы бар, гейзерлер 80-100 м биіктікте атқылайды, ыстық, тұзды көлдер бар)
3.Австралия. Австралияның жануарлар және өсімдік дүниесі өте бай және ерекше екенін бәріміз білеміз. Бірақ Австралияда бірде-бір қолға үйретілген жануар, бірде-бір мәлени өсімдік болмаған. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады. (Австралия тұрғындары материк ашылғанға дейін жабай өмір сүрген)