Хіх ғасырдың І жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ ақындарының шығармашылығы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі195,04 Kb.
#6515

 

ХІХ ғасырдың І жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай   

және қазақ ақындарының шығармашылығы 

 

ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  Ресей  ықпалымен  қазақтардың 



шаруашылық  өмірінде  елеулі  өзгерістер  болды.  Кіші  жүздегі  және  Орта 

жүздің 


солтүстік 

аймақтарындағы 

көшпелі 

халық 


бірте-бірте 

отырықшыланып,  пішен  шабумен,  малға  қыстық  жемшөп  әзірлеумен 

айналыса бастады. Патша өкіметі қазақ жеріне де, еліне де отарлық саясат 

жүргізді.  Хан  билігі  жойылды,  саяси  билік  сұлтандардың  қолына  өтті. 

Қазақстанның  Оңтүстік  аймақтарында  Қоқан,  Хиуа  феодалдары  үстемдік 

етті.  Сайрам,  Шымкент,  Түркістан  қалалары  маңындағы,  Талас 

алқабындағы,  Ташкент  қаласы  мен  Арыс  өзені  арасындағы  қазақ 

қоныстары  Қоқан ханына,  ал  Сырдария  өзенінің  төменгі  ағысы  мен  Арал 

өңіріндегі қазақ жерлері Хиуа ханына бағынышты болды. Екі жақты қанау 

қазақ елін титықтатты. Десек те, қазақ халқы жат жұрттық құлдыққа төзген 

жоқ.    1821  жылғы  Түркістан,  Шымкент  және  Әулиеата  маңындағы  қазақ 

шаруалары  қатысқан  көтеріліс  ерекше  күшті  болды.  Көтерілістің 

жеңілгеніне  қарамастан,  қазақ  шаруалары  езушілерге  қарсы  күресті 

тоқтатқан  жоқ.  Бұл  пікір  Шәкәрім  жазған  «Қазақ  шежіресінде»  және 

М.Дулатовтың  «Хан  Абылай»,  «Қазақ-қырғыздың  ата-тегі  туралы» 

мақалаларында, А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» [1,10] кітабында 

да  айтылады.  С.Сейфулиннің  «Қазақ  әдебиеті»  (1932),  М.Әуезовтің 

«Әдебиет  тарихы»  (1927)  [2,24]  еңбектерінде  тарихи  жыр  төңірегінде 

кеңінен сөз болады. 

 

ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен 



де,  бір-біріне  ұқсамайтын  дара  туындылардың  сан  қырлы  сипатымен  де 

ерекшеленді.  Бұл  дәуірде  айтыс  өнері  дамып,  атақты  ақындар  Жанақ, 

Шөже,  Орынбай,  Түбек,  Сүйінбай,  Шернияз,  Біржан,  Бақтыбай,  Жамбыл 

сияқты  ақындар  қатары  Сара,  Ырысжан,  Ұлбике,  Тәбия,  Ақбала  сынды 

қыздардың есімдерімен толықты.  

ХІХ  ғасырдағы  әдеби-мәдени  өмірдің  үш  басты  ерекшеліктерін 

байқауға болады. Оның біріншісі, жоғарыда сөз болған қоғам тарихындағы 

саяси  әлеуметтік  жағдаяттар  мен  мемлекеттік    құрылыстағы  жаңалықтар 

болса,  екіншісі,  қазақ  кітаптарының  алғаш  рет  баспадан  жарық  көре 

бастауы,  әдеби  шығармаларды  насихаттаудың,  таратудың  жаңа  сапалық 

сатыға көтерілуі еді.  


Үшіншіден,  қазақ  әдебиеті  біртіндеп  жаңа  әдебиет  арнасына  түсе 

бастады.  Қазақ  әдебиетінің  жаңа  дәуірі  негізінен  осынау  үш  тарихи 

құбылыстың тоғысында өріс алды. 

 Ал,  зерттеуші  С.Мұқанов  қазақ  елін,  жерін  отарлау  І  Петр 

заманынан  туғандығын,  Әбілқайыр  хан  тұсында  оның  іске  аса 

басағандығын  айта  келіп,  осы  отарлау  саясатына  қарсы  күрескен  қазақ 

батырлары  жайлы  жазылған  халық  шығармасына  талдау  жасаған  [3,180]. 

Солардың  бірі  Сырым  Датұлы  туралы  жыр.  Зерттеуші  «Қазақтың  ХVІІІ-

ХІХ  ғасырдағы  әдебиетінің  тарихынан  очерктер»  (1942)  атты  еңбегінің 

«Бостандық күресі» деген бөлімінде Сырым Датұлының өмірінен деректер 

бере отырып, төмендегідей қорытынды жасаған:  

 

Біріншіден,  Сырымнан  ілгерілек  өткен  Бұқар  жырау  патша 



өкіметінің  отаршылдық  саясатынан  соққан  ызғардың  алыстағы  демінен 

қалтыраса,  Сырым  батыр  сол  ызғардың  төтеген  боранынан  тұншықты, 

аязынан үсіді. Бұқар жырау отаршылдық өртінен алыстан байбалам салып, 

оның арты неге соғарын данышпандықпен болжаса, Сырым батыр ол өртке 

шарпылып,  оны  сөндіруге  жанталасты.  Сырым  көтерілісі  Бұқар  жырауда 

айтылатын  қауіптің  расқа  шыққанын  іс  жүзінде  дәлелдеді»,  –  дей  келіп, 

бұл  көтерілістің  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліске  дейін  ұласқанын 

айтады.  Сонымен  қатар,  Сырым  туралы  халық  жырының  әзірге  қолда 

жоқтығына  байланысты  оның  бұл  очеркке  он  әңгімесін  енгізіп,  бұл 

әңгімелердің өзінен Сырымның бейнесін ұғуға болатындығын, оның халық 

аузында  сақталған  тарихи  әңгімелерге  қарағанда  батыр  болуымен  қатар 

атақты  шешен  болғандығын  айтады

.

    Ресейге  қарсы  бағытталған 



отаршылдыққа  қарсы  күрес  елдің  рухани  өміріне  де  ықпал  етті.  Ел 

тәуелсіздігін  жырлау  халық  ақындарының  басты  тақырыптарының  біріне 

айналды. Сондай ақынның бірі – Күдері Көшекұлы.  

 

Күдері  Көшекұлының  мұрасын  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің 



тарихымен,  осы  кезеңдегі  қазақ  халқының  саяси-әлеуметтік,  мәдени-

рухани өміріндегі өзгерістермен сабақтастықта қарау қажет.  

Елдік  құрылымның  күйреуі,  қазақ  халқының  қоғамдық  әлеуметтік 

өмірін  біржола  басқа  арнаға  бұрып  әкетті.  Сол  кезеңдегі  тарихи 

реформалар қазақ әдебиетінің де болмысына бетбұрыс әкелді.  

Қазақ  даласында  ХІХ  ғасырда  патшалық  Ресей  отарлаушылары 

жүргізген  саяси  әлеуметтік  реформалар  сол  кезеңдегі  шығармашылық 

өкілдерінің  өзекжарды  тақырыбына  айналды.  Хандық  басқару  жүйесі 

ыдырағаннан  кейін,  үздік-создық  ұлт-азаттық  қозғалысқа  ұласқан 

наразылықтың жалпы халықтық қуатты күшке айналып кетуіне түрлі ішкі-

сыртқы  жағдаяттар  кедергі  болды.  Бұрқ  етіп  басталып,  күшпен  басылып, 


қайта  өршіп  отырған  ұлт-азаттық  қозғалыс  тарихының  қандай  

кезеңдерінде  болсын  ақын  мен  жыраулардың  сөзі,  әдебиет  мұраты  ғана 

жолынан  да,  жүрісінен  де  жаңылмады.  ХІХ  ғасыр  адамзат  тарихында 

мәдениеттің,  ғылым  мен  білімнің,  әдебиет  пен  өнердің  дамуына  ерекше 

орын  алды.  Әлемдік  тарихтың  және  мәдениеттің  бір  бөлігі  ретінде 

Қазақстан мәдениеті де бұл дамудан шет қалған жоқ.  

ХVІІІ  ғасырдың  соңғы  жылдарында,  ХІХ  ғасырдың  алғашқы 

жартысында  ғұмыр  кешкен  кесек  бітімді  ақын-жыраулар  шығармалары 

қазақ  әдебиетінің  сол  тұстағы  көп  қырлы  сипаты  мен  мазмұн  байлығын 

барынша 


толық 

жеткізе 


алды. 

Әдебиеттің 

жанрлық-көркемдік 

ерекшеліктерін  де  осы  ақындар  мұрасынан  байқаймыз.  Тарихи  жырдың 

алуан  бітімді  үлгісі,  мадақ  жыры  мен  жоқтаудың  небір  біртуар  бітімді 

нұсқалары (Байтоқ, Жанұзақ, Досқожа, Күдері т.б.), айтыс пен сал-серілік 

сөздің  озық  та  көркем  келісті  кестелері  де  осынау  ақын  мұраларынан 

табылады. Біздің зерттеу жұмысымызға арқау болып отырған Күдеріқожа 

ақын да сол заманның жаршысы, арқалы ақыны. 

Қазақ жері орысқа бодан болған соң, елдің қамын жейтін билер мен 

көсемдерді  жер  аудару,  қастандық  жасау  сияқты  қитұрқылық  әрекеттер 

етек алды. Ел ішіндегі Марал ишан сияқты халықты тура жолға бастайтын 

діни қайраткерлерге де жала жабылды. Ендігі кезекте әділетсіздікке қарсы 

бас  көтерер  деген  батырлардың  қасына  топтасқан  жыраулар  мен 

ақындарымыздың  шығармалары  халықтың  көкейіндегісін  айтатын  үгіт-

насихат  құралына  айналды.  Қазақ  мемлекетінің  негізін  құрайтын  діни 

түсінік  пен  сол  бағытта  еңбек  еткен  діни  қайраткерлердің  өмір  тарихы, 

әдет-ғұрпымыз  бен  салт-санамыздың  ауытқымауы  жолында  өзге  елдің 

жүргізіп  отырған  ұлтсыздандыру  саясатына  қарсы  бар  күш-жігермен 

күресіп  баққан  ақындарымыз,  хандарымыз  бен  батырларымыздың,  билер 

мен  шешендердің  өнегелі  сөздерін  халық  арасына  қайта  жырлау  арқылы 

этикалық  та,  эстетикалық  та  тәрбие  беру  арқылы  өткенді  аңсау,  тәуелсіз 

қазақ  мемлекеті  үшін  күресіп  жатқан  батырлардың  ерлігін  халық  ішінде 

дәріптеу жолында аянбай еңбек етті.  

ХІХ 

ғасырда 


Сыр 

бойында 


өмір 

сүрген 


ақындардың 

шығармаларында осындай ұлттық рухтың нышаны байқалады.  

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, әдебиет тарихында 

мол  рухани  қазына  қалдырған  тарихи  тұлғалардың  толғау,  жырларында, 

өлеңдерінде  сол  заманның  тынысы,  әдеби  дәстүрі,  көркемдік  таным 

мектебінің ерекшеліктері жақсы көрінеді. 

 


Құдайбергенова Күнімжан Тыныштықбекқызы  гуманитарлық ғылымдар 

магистрі,  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 

«Қорқыттану және өлке тарихы» ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері 

 

Құдайбергенова  Күнімжан  Тыныштықбекқызы  гуманитарлық  ғылымдар 



магистрі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 

«Қорқыттану және өлке тарихы» ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері 

 

Әдебиеттер тізімі: 



 

1.

 



Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003. 

2.

 



Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991.  

3.

 



Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Қазақстан, 1974 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет