Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы


Денсаулық сақтау саласындағы түрлі мамандармен және ұйым басшыларымен тиімді қарым – қатынас жасаудың жалпы қағидалары



бет5/37
Дата12.06.2022
өлшемі121,62 Kb.
#36714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Хііі д ріс. Коммуникативті рдіс, да дылары туралы т сінік. Мейі

Денсаулық сақтау саласындағы түрлі мамандармен және ұйым басшыларымен тиімді қарым – қатынас жасаудың жалпы қағидалары
Денсаулық сақтау менеджері мен гигиена эпидемиология мамандарының мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалаудың нысаны болып табылатын емдік – профилактикалық мекеме басшыларымен, медицина қызметкерлерімен, ұйымдар мен мекеме қызметкерлерімен жасайтын өзара қарым –қатынасының тиімді жолдары.
Психикасы ерекше (агрессивтілік, дұшпандылық, алаңдаушылық, депрессия, истерия, жабысқақ қорқыныш.) емдік – профилактикалық мекеме басшыларымен, медицина қызметкерлерімен, ұйымдар мен мекеме қызметкерлерімен қарым– қатынас жасау.
Маман қызметіндегі деонтология
Медициналық деонтология туралы түсінік. Медициналық этика –деонтологияның теориялық негізі , медицина қызметкерінің медицина – этикалық принциптердің көрінісі ретіндегі деонтологияның практикалық бөлімі. Медицина этикасының негізі принциптері: пациентке денсаулығы туралы ақпарат беру, адамгершілікті қарым – қатынас, оның заңды құқықтарын сыйлау; пациенттің адамдық жетістіктерін сыйлау; зиян келтірмеу принциптерін сақтау, пациенттің медициналық араласуға келісу немесе одан бос тарту құқығы, пациенттің дер кезінде сапалы медициналық көмек алу құқысы (дистрибутивті әділдік); өлгелі жатқан науқасты сыйлау; кәсіби құпияны сақтау; біліктілік емес медициналық араласудан қорғау; өз кәсібін сыйлау; әріптестерін сыйлау; тұрғындарға медициналық санитариялық ақпарат беру.
ХІV - дәріс.


Мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігі.


Жоспары.

  1. Коммуникативтік құзыреттілік туралы түсінік.

  2. Медицина қызметкерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциалдық тұрақтылық, эмпатия, сенситивтілік, рефлекция.

Коммуникативті білгірліктің бір жағы оның құрама бөліктері-медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.


Ауру адамның медициналық қызметіне қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір қимылдар, ойлары стеротиптері әдеттеріне медициналық қызметкерінің төзе алуы оның коммунткативтілік төзімдлігін көрсетеді науқас медициналық қызметкерлерге түрлі сезімдер тудыруы мүмкін: ұнау және ұнамау,сүйкімді немесе сүйкімсіз алайда медицина қызметкерінің психологиялық дайындығы, ол ситуацияны түзетіп ,түсінбеушіліктің алдын алады немесе қолайсыз қатынасты тоқтатып, ауру адаммен достық, психологияның жанасу түрінде қарым-қатынас құрады.
1.Қазіргі заманғы дәрігерде қандай психологиялық қасиеттер болуы қажет?
Коммуникативтік біліктіліктің астарында тұлғаның психологиялық сипаттамасы жатыр, бұл арқылы адам белгілі –бір әлеуметтік топқа кіреді,қоршаған ортамен эмоционалды қарым-қатынасқа түсіп,басқа адамдармен бірге бола алады.
Бұл психологиялық қасиет “аффиляция”деп аталады, яғни басқа адамдармен бірге ”болуға’,”қосылуға” ұмтылу қажеттілігі.
Іштей аффиляция бауыр басу,адалдық сиақты сезімдер арқылы көрініс тапса,сырттай –ашықтық, басқа адамдармен үнемі бірге болу, қызметтес болу сияқты іс-әрекеттер арқылы көрінеді.
2.Психологиялық сипаттамаиретіндегі аффиляция дәрігерге неліктен қажет?
Ұзақтылығымен, қарым-қатынасқа түсетін адамдардың алуан түрлігімен ерекшелінетін дәрігер жұмысына аффилиция:
-науқастарға қызығушылықпен қарауға көмектеседі;
-оларға көмектесуге ұмтылады;
-кәсіби деформациядан, немқұрайлықпен ресмиликтен қорғайды;
-науқасқа жеке “дене ” деп қараудан сақтайды.
3.Жемісте коммуникативтік өзара қарым-қатынас жасаудың тағыда бір алғышарттары бар ма?
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін қамтамасыз ететін келесі бір психологиялық қасиет-бұл эмоционалды тұрақтылық болып табылады.Эмоционалды тұрақтылық дәрігерге ‘’психологиялық стерстен'', науқастармен қақтығысып қалудан қорғайды. Дәрігердің эмоционалды іс-әрекеттері, науқастың оған деген сенімін жоғалтып қана қоймай, дәрігердің бір қалыптылығы мен эмоционалды тұрақтылығы, сабырлылығы науқасқа сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

  1. Жемісті коммуникация үшін басқа қандай психологиялық қасиеттер қажет?

Қарым-қатынас орнатуға дәрігер басты психологиялық қасиеті-бұл эмпатия көрсетуі, яғни бұл дәрігердің науқас қиындығына ортақтасуға, терең сезінуі, науқас күйзелістеріне өзіндік психологиялық тұрғыда ''қатысуы'' болып табылады.
Эмпатия үш түрлі компонеттен тұрады:
1.Идентификация механизіміне негізделген эмоционалды эмпатия.
2.Интеллектуалды процестерге негізделген(салыстыру,талдау) танымдық эмпатия.
3.Ішкі интуицияға сүйінетін предикативтіэмпатия, яғни басқа адам туралы көзқарасты болжай алу қабілетін көрінетін эмпатия.
5.Науқастармен жұмыс жасауда эмпатия не нәрсеге мүмкіндік береді?
-эмоционалды түрде ортақтасу, науқаспен психологиялық контакт орнатуға , ол туралы толық, әрі нақты мәлімет алуға, науқасқа жазылатынына деген сенімді ұялатуға, науқастың дәрігер кәсібилігіне деген сеніммен қарауына көмектеседі.
-дәрігердің эмпатиясы, науқастың субьективті сезімдерінің, аурудың обьективті кленикалық сипатына сәйкес келмеген жағдайында көмектеседі(аггравация,диссимуляция мен анозогонозияда және симу-лятивті жағдайында).
6. Эмпатиялық жауаптардың қандай типтері бар?
Коэн-Коул мен Берд (1991) эмпатиялық жауаптардың бес түрін көрсетеді:
-бейнелеу-<<Мен сіздің... көріп тұрмын>>,
-мойындау-<<Сіздің не сезіп тұрғаныңызды түсіне аламын..... >>,
-қолдау-<<Менің сізге көмектескім келеді>>,
-серіктестің <<Бірге жұмыс жасап көрейік >>,
-сыйлау-<<Сіз көп нәрсе жасадыңыз >>,
Эмпатия сөздік немесе сөздік емес түрде болуы мүмкін.
Сөздік:
-<<Өкінішті... >>,
-<<Сізге бұл жағдайды шешу қиынға соққан болар... >>,
-Бүгін<< сіз (қайғылы,ашулы,көңілсіз...) сияқтысыз>>,
-<<Қазір сізге оңай емес>>,
-<<Бұл жағдайды жеңу үшін, біз бірге жұмыс жасаймыз>>,
-<<Маған кез-келген уақытта қоңырау соға аласыз>>,
Сөздік емес:
-жанашыр кейіп танытыңыз
-бет келбетініңіз арқылы онымен бірге екеніңізді білдіріңіз
-науқастың қолынан ұстаңыз.
7.Коммуникативтілік біліктілікті қалыптастыру үшін басқа қандай психологиялық қасиеттер маңызыды?
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігінің қалыптасуындағы маңызды психологиялық қасиет-бұл сезімдалдық (сенситивтілік).Бұл қасиет дәрігерге науқаспен қарым-қатынас жасаудағы өзінің мінез-құлқын қайта қарап, түзетуге көмектесіп “кері байланыс” рөлін атқарады.
Дегенмен, сенситивтілік өте жоғары болмауы тиіс, себебі ол дәрігердің өзіндік бағалауын,аффилятивті қажеттілігін төмендетеді.
8.Кәсіби іс-әрекет барысында дәрігерде қандай кәсіби қасиеттер дамиды?
Біріншіден,кәсіби бейімделу. Жас дәрігер маманның өз кәсіби іс-әрекетіне бейімделуі үшін шамамен ,екі жыл уақыт қажет.
Осы уақыт ішінде не болады?
Бұл уақыт аралығында, жас дәрігер өзінің жаңа әлеуметтік рөлінде, өзін неғұрлым сенімді сезіне бастайды және де жеке кәсіби ''имиджін'' белгілі –бір дағдылары мен репертуарын қалыптасады.
Алғашында, жас дәрігер өзбетінше жұмыс жасау кезінде өзін сенімді сезіне алмайды, сондықтан қиын да, жауапты сәттерде неғұрлым тәжірбиелі мамандардың көмегіне сүйінеді. Сонымен қатар, ол өзі тәрізді жас дәрігерлермен қарым-қатынас жасап, олардың тарапынан эмоционалды қолдау алады.Бұл кәсіби бейімделудің танымдық жағдайын, кәсіби білімнің, іскерлік пен дағдының жетілуі деп қарастыруға болады.
Кәсіби бейімделудің тағы бір компоненті кәсіби имиджің қалыптасуы-мен байланысты.Оның маңызды сипаты дәрігердің сенімділігі мен қалыпты жағдайлар болып табылады.
9.Кәсіби ‘’имидж” не береді?
Кез -келген ,тіпті ең бір күтпеген, қауіпті жағдайларда да, дәрігер қатты қобалжып,қорқып немесе жіберген қатесі үшін қатты жабырқап тұрса да, онысын науқасқа көрсетпеуі тиіс.
Дәрігер сенімді болуы:
-науқаста дәрігер біліктілігі жөнінде “терапевтік иллюзия” қалыптастырады;
-дәрігердің қиын жағдайда өзін-өзі ұстап, болашақты болжай алуы,науқастың “жағдайдың соңы жақсы болады” деген сенім бұзады;
-науқас сенімін арттырып, үмітін оятады.
10. ‘’ Кәсіби имидж” қандай сөздік емес компонеттерден тұрады?
-қатым-қатынасқа түсуге дейін, ашық дененің қалпы;
-сенімділікті, ілтипаттылықты білдіретін мимикалық реакциялар
-эмоционалды жақындықты білдіретін арақашықтық
-дәрігердің сыртқы келбеті,оның сөйлеу мәнері: сенім ұялататын,сабырлы бірқалыпты дауыс ырғағы.
Мұның бәрі дәрігердің кәсіби біліктілігіне деген науқастың сенімділігін арттырады.
Медицина қызметкерінің тағыда кәсіби маңыздысы жоғары қасиеті, бұл кәсіби іс-әрекет барысында қалыптастыратын коммуникативті толеранттылық болып табылады.

ХV - дәріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет