Хикая, Хикаят, Әпсана, Аңыз. Хикая



бет1/3
Дата18.10.2022
өлшемі24,68 Kb.
#44006
  1   2   3
Байланысты:
Хикая, Хикаят, псана, А ыз. Хикая


Хикая, Хикаят, Әпсана, Аңыз.
Хикая (араб.: روى- әңгімелеу) - шығыс-түркі әдебиеттерінде әңгіме, новелла мағынасында қолданылатын әдеби термин. Хикая - повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр. Xикая желісі шытырман сюжетке құрылады. Авторлары белгісіз. ауызша тарап, фольклорлық сипаталған Xикаялар да бар. Хикаяның өлеңмен жазылған түрі "хикаят" делінеді.
Хикаят  (парсы, апсанс - аңыз, араб, хикаят - әңгіме) - қазақ фольклорлық прозасының жанры. Бұл терминді орыс, Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан легенда (лат. legenda) - ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына С.Қасқабасов енгізген. Әпсана - бағзы бір замандарда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-әнбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерғе негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық прозаның көркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі. Әпсанадан аңызға да, мифке де, ертегілерге де тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады. Оқиғаның тым көне, архаикалық сипаты белгілі бір идеялық, тақырыптық бағдарды діттейтін сюжеттік-композициясын шарттылықтың басымдылығы, көп нұсқалық - әпсананың негізгі ерекшеліктері әпсана шартты түрде тарихи-мекендік, діни-кітаби, әлеуметтік-утопиялық деп үшке бөлінеді. Тарихи-мекендік әпсана есте жоқ ескі дәуірде өткен оқиғалар, тарихи тұлғалар жайына арналады (Ескендір Зұлқарнайын, Қызыр, Қорқыт туралы әпсана). Діни- кітаби әпсана құран хикаяларын мазмұндап, әулиелердің тағдыр-талайын, тіршілік тауқыметін, т.б. өзек етеді (Мысалы: Аюп, Мұса, Әзірет Әли, Нұх, т.б. туралы әпсаналар). Ал әлеуметтік-утопиялық әпсаналар халықтың тәңірі қалаған абат мекен Жеруйық хакындағы ой-арманынан туындайды (Асан қайғы, Абат, Өтеген батыр іздейтін Жерұйық, Жиделі-Байсын туралы әпсаналар).
Әпсана – халықтың наным-сенімінен, арман-қиялынан туған прозалық жанрдың бірі, шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи оқиға немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында көркемдей баяндайтын әңгімелер.
Халық прозасының бұл жанры үш түрге бөлінеді:

  • а ) mapuxu-мекендік әпсаналар

  • ә) әлеуметтік-утопиялық әпсаналар

  • б) діни-кітаби хикаяттар.

Аңыз әңгімелердің мазмұн желісіне уақыт өте арман-қиялдан туған элементтер араласып, әпсанаға айналады. Сондықтан да әпсана кейіпкерлері ерекше жандар ретінде бейнеленіп, небір ғажайып оқиғалардың ортасына түседі.
Тарихи-мекендік әпсаналар кей жағдайда ежелгі мифтен де тарайды. Жер-су, мекен тарихын баяндайтын әпсаналардың сюжеті коп жағдайда сол тектес аңыздар сюжетіне ұқсатылып, қиялдан туады. Мәселен,«Тоқпанның балалары», «Айнақ көл», «Ыстық көл», «Қара жігіт», «Өгіздің терісі», «Қызылкеніш ордасы» сияқты әпсаналар осы негізде пайда болған.
Бұлармен салыстырғанда әлеуметтік-утопиялық әпсаналар болмысты, өмірдің көкейкесті мәселелерін молырақ әрі айқынырақ қамтиды. Мұнда халықтың бақыт туралы, жақсы өмір жайлы арман-аңсары анық көрінеді де, кейіпкерлер дәріптеле суреттеледі. Ертеде, есте жоқ кезенде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман болған деп басталатын мұндай әпсаналарда елдің әлеуметтік қиялы, бақытты ғұмыр жөніндегі түсінігі қоғамның бір тарихи кезендерінде жаңғырып отырады да, утопиялық пайымдарға ұласады. Алтын Орда мен Ноғай Ордасы ыдырап, ел күйзелген тұста «Жерұйықты іздеген Асанқайғы» туралы, содан соң XVIII ғ.-да Өтегеннің Жиделі Байсынды іздегені жайындағы әпсаналар осының айқын айғағы. Бұл әпсаналарда бас кейіпкер барынша дәріптеліп, құтты қоныс алыста, табылмайтын жұмақ болып бейнеленеді. Әпсананың тақырыптық ерекшеліктерімен өзгешеленетін тағы бір түрі - діни-кітаби хикаяттар. Мұнда исламның ұстанымдары уағыздалып, Құран мен Інжілдің сюжеттері пайдаланылып, пайғамбарлар мен әулиелер жөнінде әңгімеленеді. Мұнда да ескілікті және жаңа исламдық мифологияның белгілері қатар жүреді.
Әпсана (парсы, апсанс - аңыз, араб, хикаят - әңгіме) - қазақ фольклорлық прозасының жанры. Бұл терминді орыс, Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан "легенда" (лат. legenda) - ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына С.Қасқабасов енгізген. Әпсана - бағзы бір замандарда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-әнбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерғе негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық прозаның көркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі. Әпсанадан аңызға да, мифке де, ертегілерге де тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады. Оқиғаның тым көне, архаикалық сипаты белгілі бір идеялық, тақырыптық бағдарды діттейтін сюжеттік-композициясын шарттылықтың басымдылығы, көп нұсқалық - әпсананың негізгі ерекшеліктері әпсана шартты түрде тарихи-мекендік, діни-кітаби, әлеуметтік-утопиялық деп үшке бөлінеді. Тарихи-мекендік әпсана есте жоқ ескі дәуірде өткен оқиғалар, тарихи тұлғалар жайына арналады (Ескендір Зұлқарнайын, Қызыр, Қорқыт туралы әпсана). Діни- кітаби әпсана құран хикаяларын мазмұндап, әулиелердің тағдыр-талайын, тіршілік тауқыметін, т.б. өзек етеді (Мысалы: Аюп, Мұса, Әзірет Әли, Нұх, т.б. туралы әпсаналар). Ал әлеуметтік-утопиялық әпсаналар халықтың тәңірі қалаған абат мекен Жеруйық хакындағы ой-арманынан туындайды (Асан қайғы, Абат, Өтеген батыр іздейтін Жерұйық, Жиделі-Байсын туралы әпсаналар).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет