Кіріспе
5В011200- «Химия»
мамандығы бойынша білім беру 2 траектория бойынша ұсынылады.
1) 5В011200-Химия мамандығы 5В011201-Бейорганикалық химия мамандандыруының білім беру
траекториясы
2) 5В011200-Химия мамандығы 5В011202-Химиялық экология мамандандыруының білім беру
траекториясы
Бітірушіге «Білім бакалавры» дәрежесі беріледі.
5В011200-Химия мамандығы 5В011201-Бейорганикалық химия мамандандыруының білім беру
траекториясы бойынша бітірушілер төмендегі қызметтер атқара алады:
-химия пәнінің мұғалімі,
-химиялық және педагогикалық салалардағы ғылыми-зерттеу ұйымдастыруда аға лаборант, лаборант
маман.
5В011200-Химия мамандығы 5В011202-Химиялық экология мамандандыруының білім беру траекториясы
бойынша бітірушілер төмендегі қызметтер атқара алады:
-химия пәнінің мұғалімі,
- экологиялық мекемелердің аға технигі және технигі т.б.
- ғылыми-зерттеу институттарының маманы, лаборант-эколог.
Элективті пәндер каталогы жоғарыда аталған екі білім беру траекториясы бойынша жасалынды.
5В011200-«Химия»
мамандығы бойынша негізгі оқылатын таңдау пәндері бірыңғай. Кәсіптендіру
пәндері циклдерінде мамандандырудың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, кейбір
төмендегідей пән
айырмашылықтары көрсетіледі.