Химия факультеті



бет8/33
Дата18.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#140654
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Радикалды сополимерлеу . Радикалды сополимерлеу. Сополимерлердің құрамының теңдеуі, мономерлердің салыстырмалы белсенділігінің константалары (сополимерлеу константалары). Сополимерлеу константаларын анықтау әдістері. Мономерлердің салыстырмалы реакцияға түсу қабілеттілігі. Сополимерлер құрамының бастапқы мономерлік қоспадан диаграммасы.
Сополимерлеу түрлері: идеалды, азеотропты, кезектескен. Сополимер құрамының конверсиямен өзгеруі. Радикалды сополимерлеудегі мономер активтілігіне әсер ететін факторлар: кернеу, стериялық қиындықтар, полярлы эффектілер. Полимерлеуді блокта, ерітіндіде, суспензияда, эмульсияда жүргізудің өндірістегі сипаттамалары.
Иондық полимерлеу. Иондық полимерлеудің жалпы заңдылықтары және ерекшеліктері. Катионды полимерлеу. Мономерлердің сипаттамалары. Элементарлы стадиялар: иницирлеу, тізбектің өсуі және тежелуі. Катионды полимерлеудің катализаторлары мен сокатализаторлары. Анионды полимерлеу. Анионды полимерлеудің катализаторлары. Иницирлеу, тізбектің өсуі және тежелуі. «тірің тізбек механизмі. Катиондық полимерлеудің кинетикасы. Температураның және еріткіштің табиғатының әсері. Ионды-координациялық полимерлеу. Циглер-Натта катализаторлары.
Макромолекулалардың түзілуінің сатылы процестері. Гомо- және гетерополиконденсация. Полиамидтердің, полиэфирлердің, полиуретандардың, полиамидтердің синтезі. Полифункциональды қосылыстардың реакцияларының бағыты. Қайтымды поликонденсация. Поликонденсациялық тепе-теңдік және полимерлердің молекулалық массасы. Поликонденсацияны балқымада, ерітіндіде және фазалар шекарасында жүргізу. Қайтымсыз поликонденсация. Үшөлшемді поликонденсация, тармақталу коэффициенті, гельтүзілу нүктесі.
Полимерлердің химиялық реакциялары. Полимерлердің химиялық түрленуінің төменмолекулалық қосылыстардың реакцияларымен салыстырғандағы ерекшеліктері. Тізбек эффекті, конфигурациялық, конформациялық және электростатикалық эффектілер. Концентрацияның және молекуладан жоғары құрылымдардың әсері. Макромолекулалардың полимерлеу дәрежесін өзгеріске ұшыратпайтын химиялық реакциялар (полимерге ұқсас және ішкімолекулалық түрленулер). Ионалмастырғыш полимерлер. Макромолекулалардың полимерлеу дәрежесін өсіретін/төмендететін химиялық реакциялар. Молекулааралық реакциялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет