Химия және экология


Саяси бейімделуге байланысты қандай көзқарастарды білесіздер. Шолу жасаңыз



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі207,47 Kb.
#130158
1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ Саясаттану Өтеген Гүлнұр

1.3 Саяси бейімделуге байланысты қандай көзқарастарды білесіздер. Шолу жасаңыз.
Саяси бейімделу - саяси жүйенің, саяси құрылымның функцияларының өзгеруінде, жаңа мақсаттар қоюда, мәселелерді шешудің жаңа жолдарында байқалатын қоршаған ортаның талаптарына бейімделу.
Негізінен осы саяси бейімделудің өзінің кезеңдері бар және соған байланысты түрлі көзқарастар бар. Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты (типі) бар. Біріншісі — өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, "қуалай дамушы" мемлекеттер ретінде қарайды.
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзкарастар бар. Солардың ішінде бұрыннан келе жатқан және кең тарағанының бірі — бейімделудің сызықтық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік денгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі. Оларда соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Сонын нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.
Осы ғасырдың 50 жылдарында қазіргі мемлекеттің болашақ үлгісі ретінде Американың "еркін" қоғамын айтатын. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өмірдің барлық саласында Батыс бастауларына еліктеу, солардың істегенін қайталау сияқты көрінді. Мысалы, саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату, билікті тармақтау, оның заң шығарушы және атқару органдарын, көппартиялық жүйені жаңғырту. Бұл мағынада бейімделу – осы жолға түскен елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарты. Себебі, дамудың өзі қоғам өмірін неғұрлым батыс үлгісінің негізгі ерекшеліктерін, белгілерін тезірек ұйымдастырған сайын жеделдей түсетін.
Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; ә) Батысқа бейімделу "үшінші елдердің" табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; б) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынасының, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылданған.
"Қуалай дамуды" жүзеге асырудың басты амал-әдісі – Батыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, жан басына шаққанда белгілі бір деңгейге жету Батыстағы әлеуметтік және экономикалық қоғамның жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа жағдайға бейімделудің шешуші жайты – ақша. Ол әлеуметтік технологияларды, қазыналарды, демократиялық институттарды таратуға көмектеседі. Сол арқылы тұтыну деңгейін көтеруге, адам құқықтарын бұрмалауды тоқтатуға, мәдениеттің құлдырауын жеңуге болады деп ұйғарды.
Бірақ жаңа жағдайға етудің "сызықтық қозғалыс" теориясы Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің Батыстың билікті ұйымдастыру, мемлекет пен азамат қатынастарының үлгі-өнегесі ойлаған жерден шыккан жоқ. Нақтылы өмірде демократиялану, либералдық құндылықтардың институционалдануы, парламент жүйесін орнату және басқа Батыстың билік түрлерін орнату үлгілері мемлекетті басқаруда тиімділік әкелмеді. Керісінше, олар шенеуніктердің сатылғыштығы мен жемқорлығына, бюрократияның қызмет бабын пайдаланып, баю жолын кездеген зорлық-зомбылық, бассыздығына әкелді. Қоғамда әсіресе байлар мен шектен шыққан кедейлердің саны көбейді, наразылықтар, шиеленіс, кикілжіндер өрістеді. Ғалымдардың көбі оны дамып келе жатқан елдердің мұндай өзгеріске дайын еместігінен деп түсіндірді. Бірақ бұл теориялық үлгінің біржақтылығында еді.
60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді. Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысында бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болады. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байла- нысты болады.
1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институңионалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.
2. Әр түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлері, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.
3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктері. Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.
Сондықтан 70-80 жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты көзқарас қайта қаралды. Бейімделуді дамудың шарты ретінде емес, қызметі ретінде қарайтын болды. Бұл саладағы басым бағытқа, мақсатқа әлеуметтік, экономикалық, саяси құрылымдардың өзгеруі жатқызылды. Онда Батыстың үлгісін қайталаудың қажет еместігі мойындалды. Бұрын дәстүрлік институттар мен құндылықтарды өркениетті жолға түсудің кедергісі деп қараса, енді әмбебап өлшемдер, құндылықтар, мақсатгар сақталса болды, ұлттық түрде бейімделудің өзі дұрыс деуге шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет