Химия және химиялық технология факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді


Температураның реакция жылдамдығына әсері



бет12/17
Дата04.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#121916
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Температураның реакция жылдамдығына әсері
Әдетте температура өскен сайын химиялық реакция жылдамдығы артады. Температура өскенде реакция жылдамдығының кемуі өте сирек кездеседі.
Реакция жылдамдығы кинетиканың негізгі заңы бойынша мына формуламен анықталады﹕ W﹦K﹒Cn1A﹒Cn2B
Осыдан температураның жылдамдыққа әсері консентрацияның немесе дәреже көрсеткіштің, немесе жылдамдық константасының К өзгеруімен байлансты деуге болады. Температураның реакция жылдамдығына әсерін қарастырғанда, оның жылдамдық константасына әсері болатынын есте ұстауымыз қажет.
Реакцияның Т + 10 градус температурадағы константасының жылдамдықтың температуралық коэффициенті γ деп аталады.
γ﹦КТ+10 / KT
Температуралық коэффициентінің практика жүзінде анықталған мәні екі мен төрттің арасында жатады, яғни температураны әрбір 10 градусқа көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы 2-4 есе өседі. Бұл Вант – Гофф ережесі деп аталады.
Вант – Гофф ережесі төмен температураларда ертінділерде өтетін процестер үшін ғана анықталған жуық ереже температура өскен сайын тұрақты болып қалмайды, ол кеміп, мәні бірге жақындайды реакция жылдамдығына температураның әсерін Вант – Гофф ережесіне қарағанда дәлірек көрсететін Аррениус теңдеуі﹕
lnk = -B/ T + C
мұндағы В және С зерттелетін реакцияға тән, температураға тәуелсіз тұрақты шамалар.
Температура өскенде реакцияға қатынасқан зат молекуласының энергиясы артып, нәтижесінде энергиясы төмендеу бір бөлім молекула активтенген молекулаға айналатындықтан, реакцияға қатынасқан зат молекуласындағы активтенген молекуланың проценті артып, өнімді соқтығысудың саны көбейеді де химиялық реакция жылдамдығы артады.
Қысымның химиялық реакция жылдамдығына әсері
Газдар жөнінен айтқанда, температура тұрақты болғанда белгілі мөлшердегі газдың өзіне түскен қысымға кері пропорционал болады. Атап айтқанда, егер газдың қысымы бұрынғыдан екі есе артса, газдың көлемі кішірейіп, бұрынғы көлемнің жартысындай болады. Бірлік көлемдегі молекула саны бұрынғыдан екі есе көбейеді. Сондықтан қысым артса, бірлік көлемдегі реакцияға қатынасқан заттың концентрациясы артқандықтан химиялық реакция жылдамдығы артады. Керісінше қысым кемісе, газдың көлемі ұлғайып, концентрациясы төмендейтіндіктен химиялық реакция жылдамдығы да кемиді.
Егер реакцияға қатынасқан зат қатты зат, сұйықтық немесе ерітінді болса, оларға қысымның әсері аз болады. Реакция жылдамдығы өзгермейді деп қарауға болады
Лекция 12


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет