Химия және химиялық технология факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді


Химико-технологиялық процестердің жылдамдығы



бет4/17
Дата04.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#121916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
treatise14257

Химико-технологиялық процестердің жылдамдығы

Негізгі өнім алудағы технологиялық процестердің жылдамдығы – тура, кері бағытта және қосалқы жүретін реакциялардың, сонымен қатар реакция аймағында бастапқы заттардың турбулентті және молекулалық диффузиясының нәтижесінің басты құрам бөлігін құрайды.


Химиялық реакциялардың жылдамдығы кесімді уақыт ішінде реакцияласушы заттардың концентрацияларының өзгеруімен сипатталады.
Химико-технологиялық процестің жылдамдығын (u) уақыт бойынша түрлі көлемдердің туындылары арқылы өрнектеледі. Қысқа уақыт dτ аралығында процестің жылдамдығын сипаттайтын барлық шамалар: dG, dGn , - dGu , dx сәйкес өзгереді, яғни процесс жылдамдығын u арқылы былай өрнектеуге болады.

Бұл жердегі τ процесс басталғандағы уақыт.
Процесстің жылдамдығын жоғарлату жолдары

Техниканың негізгі міндеттерінің бірі процесстің жылдамдығын арттыру үшін барлық жолдарды пайдалану және осыған байланысты аппаратураның өнімділігін арттыру. ХТП қарқындылығы процесс жылдамдығының негізгі формулалары арқылы іске асырылады, осыған сәйкес процесс жылдамдығын арттыру үшін анықтаушы шамаларды арттыру жолдарын табу керек.


Процестің қозғаушы күшін арттыру С мынадай жағдайларға жетуі мүмкін;
а) бастапқы материалдағы әрекеттесуші компонеттердің концентрациясының өсуіне; б) қысымның өсуіне; в) процесс температурасының реттелуімен; г) тепе теңдікті ауыстырғанда реакция өнімінің реакциялық көлемінен ауытқуына;
Химиялық реакцияның, абсорбция процесінің, адсорбция және конденсацияның қозғаушы күшін әрекеттесуші заттардың тепе теңдік концентрациялардың айырымы арқылы көрсетуге болады. Сондықтан процестің қозғаушы күшін арттыру мынадай жағдайларға алып келуі мүмкін не С-ның артуы, не С*-ның кемуі, не екі шамалардың бір уақытта сәйкесінше өзгеруі мүмкін.
Шикізаттағы әрекеттесуші заттардың концетрациясын арттыру С- ны өсіреді, сонымен қатар процестің жылдамдығыда өседі. Шикізаттағы әрекеттесуші компонеттердің концентрациясының арттыру жолдары материалдың агрегаттық күйіне тәуелді болады.
Қатты шикізаттың құрамын пайдалы заттармен арттыруды- байыту, ал сұйық және газ тәріздіні- концентрлеу дейді. Әрекеттесуші заттардың концетрациясын арттыру бұл процесті қарқындатудың өте маңызды әдісі болып табылады.
Қысымды арттыру процестің жылдамдығына және тепе-теңдіктің күйіне әсер етеді. Қысым газдың, сұйықтықтың және қатты денелермен әрекеттесуі кезінде немесе газ фазасында жүретін процестердің жылдамдығына әсер етеді. Газ фазасында өтетін гомогенді процестерде немесе газ тәрізді компонеттердің қатысуымен өтетін гетерогенді процестерде қысымды арттыру газ фазасының көлемін кемітеді және әрекеттесуші заттардың концентрациясын жоғарылатады. Осыған орай қысымды арттыру реагенттердің концентрациясының жоғарылауына пара пар. Қысым әсері кинетикалық теңдеулермен анықталады. Газ фазасындағы процестердің жылдамдығын былай анықтауға болады;
Мұндағы -газ қоспасындағы өнімнің парциал қысымы;
∆p-процестің қозғаушы күші;
Модельді реакция үшін
аА+вВ→dD
егер қысым қайтымсыз реакция немесе тепе теңдік күйден алшақта өтетін реакция болса

Әрбір компонеттің парциал қысымы жалпы қысымға P және қоспадағы компоненттің мольдік үлесіне NA пропорционал: PA=NAP және Pb=NAP


Сәйкесінше,
Мұндағы β-реакцияның жылдамдығының константасына және процестің қозғаушы күшіне тәуелді коэффициент. P-өлшемсіз қысым, яғни фактикалық қысымның қалыпты қысымға қатынасы; n=a1b1-реакцияның жалпы реті.
Реакцияның реті мынаған тең-газ компоненттерінің әрекеттесу реакциясының жылдамдығы дәрежелі қысымға пропорционал. 1-суретте көрсетілгендей қысым жоғарғы ретті реакцияны мейлінше қарқындылығын арттырады. Алайда қысымның өсуі реакция реті өзгеруіне n және k азаюына алып келеді.
Адсорбция, абсорбция, конденсация және де басқада процестер үшін газ компонентінің қатты немесе сұйық фазаға ауысуы мына өрнекпен өрнектеледі:

Абсорбция қарқындату үшін өндірісте қысымды көтеру кең қолданылады. Газдарды десорбциялау және сұйықтықтарды буландыру процестері үшін процесті жылдамдату және шығысын көбейту қысымды төмендету арқылы жүргізіледі, яғни вакумм қолдану арқылы. Газ фазасында тепе-теңдік күйге жақын өтетін қайтымды процестер үшін қозғаушы күш былай өрнектеледі:



Тепе-теңдіктің қысымға тәуелділігі мына формуламен анықталады:



∆n-реакциядағы газ компонентінің моль санының өзгерісі.
Қозғаушы күшті өсіру құралы ретінде процесс температурасын реттеу негізінен сорбциялық және десорбциялық процестерде қолданылады. Абсорбция, десорбция және конденсация процестерінің қозғаушы күші былай қрнектеледі: ∆С=С*-С. Бұл процестердегі тепе-теңдіктің ығысуы және жылдамдықтың өсуі аппаратқа беру алдында сұйықтықтың температурасын жоғарылату арқылы жетеміз.
Реакциялық аймақтан реакция өнімінің шығарылуы қайтымды реакцияның суммалық жылдамдығы . U2-нің төмендеуінен көбейеді немесе гетерогенді процестің қозғаушы күші (∆С=С-С*) С* шамасының төмендеуі немесе толық жойылуынан артады.
Газ қоспасдан реакция өнімі конденсация,таңдамалы абсорбция немесе адсорбция арқылы шығарылады. Сұйық қоспадан реакция өнімін қасиетіне байланысты тұнуда-крисстал түрінде, десорбцияда (булануда) бутүрінде немесе адсорбцияда қатты сіңіргіш арқылы шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет