қашықтықтан оқыту немесе жұмыс форматында онлайн-сессия (бейне ағынын трансляциялау) өткізу кезінде визуалды және сөйлеу этикетін сақтауға, атап айтқанда: дресс-кодқа (ұқыпты сыртқы келбетке) қойылатын талаптарды сақтауға, дененің ашық бөліктерін, әдепсіз, арандатушылық немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзатын бейнелерді, оның ішінде киім мен фон көрсетуге жол бермеуге, осы курс бойынша білім алушы болып табылмайтын адамдарды трансляцияға тартпауға, үй жануарларын көрсетпеуге, сабақтың немесе академиялық сипаттағы басқа іс-шараның қалыпты барысын бұзуға назар аудартатын кез-келген бөгде қылықтарды жасамауға;
білім алушы көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда оқытушы немесе академиялық әкімшілік өкілеттіктерге ие кез келген өзге тұлға білім алушының осы сабаққа/іс-шараға қол жеткізуін тоқтатуы немесе бұғаттауы және сабақты белгісіз себеппен өткізіп алу фактісін тіркеуі тиіс.
осы ережелердің бұзылу сипатына байланысты университет әкімшілігі, оқытушылар мен білім алушылар тәртіп бұзушыны тәртіптік жауапкершілікке тарту мақсатында Фармация мектебінің деканатына жүгінуге құқылы.
Оқыту форматы: Аралас: онлайн және оффлайн.
Пререквизит: бейорганикалық химия Постреквизит: фармхимия Пәннің мақсаты: студенттердің органикалық химия бойынша білімдері мен зертханалық жұмыстарды орындау дағдыларын, базалық және профильдік пәндерді үйрену үшін қалыптастыру, сондай-ақ практикалық жумыста қолдану.
Пәннің қысқаша сипаттамасы:Органикалық химия органикалық қосылыстардың құрылысын, оларды алу жолдарын және химиялық қасиеттерін, сондай-ақ осы заттардың практикалық қолданылуын зерттейді. Органикалық заттар әртүрлі дәрілік формаларды, стоматологиялық композицияларды, протездерді және медициналық техниканың жабдықтарын дайындауда қолданылады.
Оқыту нәтижелері: ON1 Клиникалық және биомедициналық ғылымдар бойынша білімді қолдана отырып,сапалы емделуші-орталықтанған емдеуді қамтамасыз етуде медициналық қызметпен айналысу..