«Химия» пəні бойынша тоқсанға арналған жиынтық бағалау спецификациясы 8 сынып
Мазмұны
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4
Күтілетін нәтиже 4
Ойлау дағдыларының деңгейі 5
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
Модерация және балл қою 6
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 9
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 19
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Химия « пәні бойынша оқу бағдарламасы, негізгі мектеп (7-9 сынып)
Күтілетін нəтиже Білу:
алғашқы химиялық түсініктерді;
зертханалық және практикалық жұмыстар барысындағы техника қауіпсіздік ережелерді
негізгі химиялық заңдар мен теориялар мәнін;
физикалық және химиялық шамалардың өлшем бірлігін;
түсініктер, формулалар, заңдар және физикалық тұрақты шамаларды;
атом-молекулалық ілім, атом құрылысы және элементтер қасиетін;
химиялық таңбаларды;
зат классификациясын;
химиялық байланыс түрлерін және зат құрылысын;
химиялық реакциялардың жүру заңдылығын және белгілерін, типтерін;
бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын және олардың қасиеттерін;
периодтық заңды және химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын;
Түсіну:
шамалардың физикалық мағынасын, негізгі терминдерін;
химиялық реакциялардың жүру жағдайларын;
Қолдану:
тірі және өлі табиғаттағы процестер және құбылыстарды сипаттау үшін негізгі химиялық терминдер мен түсініктерді;
тәжірибе – экспериментальды және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін;
практикалық және зертханалық жұмыстарды орындауда, оқу және қолданбалы есептер шығаруда химиялық заңдылықтар және формулаларды;
нәтижелерді ұсынуда графикалық әдістерді;
өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
Анализдеу:
берілген жаратылыстану- ғылыми эксперименттер нәтижесінде алынғандарды;
графикалық және кесте түрінде ұсынылған ақпараттарды;
зат қасиеттерінің оның сапалық және сандық құрамы мен құрылысына тәуелділігін;
зат қолданыс сферасы мен қасиеттерінің өзара байланысының себеп- салдарын;
Синтездеу:
жинақталған және өңделген берілгендерді жинақтап, ақпаратты кесте, график, хабарлама, баяндама, презентация түрінде ұсынуға;
Бағалау:
жүргізілген эксперименттер нәтижесін;
адамның тіршілік әрекеті мен қоршаған ортадағы түрлі физикалық және химиялық процестердің әсерін;
Достарыңызбен бөлісу: |