Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері /7cынып/ (8-10 беттер)



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі0,73 Mb.
#122420
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
7-сыныптың тақырыптық тесттері

Уақыт/ мин

0

2

4

6

8

10

12

14

16

Температура/ оС

90

85

82

80

80

80

79.8

78

69

A) 12-16 B) 6-10 C) 0-10 D) 0-4 E) 6-16
10. Жылу бөлінетін процестер
A) балқу B) конденсациялану C) десублимация
D) булану E) кристалдану Ғ) сублимация
11. Қатты заттардың сұйық күйдегі заттардан ерекшелігі
A) пішінін сақтайды
B) молекулалары қозғалғыш болады
C) молекулалар арасындағы арақашықтық молекулалар өлшемімен бірдей
D) тығыздығы жоғары болады
E) пішінін сақтамайды
Ғ) ағады және оңай құйылады
12. Заттың газ күйінен қатты күйге өту процесі
A) булану B) кристалдану C) кондесация
D) сублимация E) балқу Ғ) десублимация
13. Бадқу процесін сипаттайтын құбылыс
A) балқыған темір салқындап қатты
B) жуынатын бөлмедегі шынының беті суланды
C) күн астындағы дымқыл киім кепті
D) шөптің бетіне шық пайда болды E) балмұздақ ыстық ауада сұйыққа айналды
14. Кестедегі берілген мәліметтерді ескеріп, мына заттардың агрегаттық күйлері қандай болатынын анықтаңдар:
1) оттек 20°С; 2) алюминий 1000°С; 3) гелий –200°С.

Зат

Балқу температурасы

Қайнау температурасы

Гелий

–272°С

–269°С

Оттек

–218°С

–183°С

Алюминий

660°С

2467°С

A) гелий-қатты, оттек-газ, алюминий-сұйық B) гелий-газ, оттек-газ, алюминий-қатты
C) гелий-сұйық, оттек-қатты, алюминий-қатты D) гелий-газ, оттек-газ, алюминий-сұйық
E) гелий-газ, оттек-сұйық, алюминий-қатты
15. Сұйықтың қатты күйге өтуі
A) булану B) кристалдану C) кондесация
D) сублимация E) балқу Ғ) десублимация
16. Булану процесін сипаттайтын құбылыс
A) балқыған темір салқындап қатты B) жуынатын бөлмедегі шынының беті суланды
C) күн астындағы дымқыл киім кепті D) шөптің бетіне шық пайда болды
E) балмұздақ ыстық ауада сұйыққа айналды
17. Гелийдің сұйық күйден газға айналатын температурасы
A) –269°С B) –296°С C) –272°С D) –259°С E) –265°С
18. Азот пен оттектің қайнау температуралары
A) –218°С B) –269°С C) –252°С D) –196°С E) –183°С
19. Газдың сұйыққа өту процесі
A) булану B) кристалдану C) кондесация
D) сублимация E) балқу Ғ) десублимация
20. Конденсациялану процесін сипаттайтын құбылыс
A) балқыған темір салқындап қатты B) жуынатын бөлмедегі шынының беті суланды
C) күн астындағы дымқыл киім кепті D) шөптің бетіне шық пайда болды
E) балмұздақ ыстық ауада сұйыққа айналды

Атомдар мен молекулалар. Жай және күрделі заттар /7cынып/


(40-42 беттер)

1. Заттарды жай заттарға жіктеу арқылы олардың құрамын анықтау әдісі


A) талдау B) синтез C) алмасу D) анализ E) қосылу
2. Атом-молекулалық ілім химия ғылымына енген уақыт
A) ХХ ғасырдың басында B) ХІХ ғасырдың ортасында C) ХХ ғасырдың соңында
D) ХІХ ғасырдың басында E) ХІХ ғасырдың соңында
3. 1860 жылы Карлсруэ (Германия) қаласында химиктердің халықаралық съезінде нақты анықтамалары қабылданған ұғымдар
A) ядро B) протон C) атом D) электрон E) молекула
4. Заттың қасиеттері мен құрамы сақталатын ұсақ бөлшектері
A) молекулалар B) нейтрондар C) электрондар D) атомдар E) протондар
5. Сөз тіркестерінің қайсысы дұрыс?
A) ауа молекуласы B) гелий атомы C) сүт молекуласы
D) сутек молекуласы E) темір атомы
6. «Материя бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден тұрады» деген гипотезаны ұстанған филисоф
A) Аристотель B) Платон C) Сократ D) Анаксимен E) Демокрит
7. Атом-молекулалық ілімін дамытып, оны алғаш химия ғылымында қолданған ғалым
A) Дальтон B) Пруст C) Ломоносов D) Авогадро E) Лавуазье
8. Атомдардың бір түрінен түзілген заттар
A) атомдар B) жай заттар C) молекулалар D) ядро E) күрделі заттар
9. Күрделі заттарды анықтаңдар
A) қант B) су C) мыс D) күкірт E) сода
10. Келесі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына атом, молекула ұғымдарының тиістісін қойып оқыңдар:
1) Су ... сутек пен оттектің ... түзілген. 2) Йод ... ауаға таралуына байланысты иісі білінеді.
A) 1) молекуласы, молекулаларынан; 2) атомының
B) 1) атомдары, молекулаларынан; 2) молекуласының
C) 1) молекуласы, молекулаларынан; 2) молекуласының
D) 1) молекуласы, атомдарынан; 2) молекуласының
E) 1) атомы, атомдарынан; 2) атомының
11. «Математикалық химияның элементтері» еңбегінің авторы
A) Пруст B) Ломоносов C) Лавуазье D) Дальтон E) Авогадро
12. Заттың химиялық бөлінбейтін ұсақ бөлшектері
A) молекулалар B) нейтрондар C) электрондар D) атомдар E) протондар
13. Жай заттарды көрсетіңдер
A) темір B) су C) оттек D) сода E) қант
14. Ағылшын физигі мен химигі Джон Дальтон ашқан заңдар мен жасаған теориясы
A) органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы
B) қыздырғанда газдардың біркелкі үлғаю заңы
C) құрам тұрақтылық заңы
D) зат құрылысының атомдық теориясы
E) еселі қатынас заңы
15. «Химиялық философияның жаңа жүйесі» кітабының авторы
A) Пруст B) Ломоносов C) Лавуазье D) Дальтон E) Авогадро
16. Атомдардың әр түрінен түзілген заттар
A) атомдар B) жай заттар C) молекулалар D) ядро E) күрделі заттар
17. Жай заттар
A) темір сульфиді B) сутек C) оттек D) ас тұзы E) су
18. Орыс ғалымы М.В.Ломоносов ашқан химия мен физиканың негізгі заңдары
A) энергияның сақталу заңы
B) қыздырғанда газдардың біркелкі үлғаю заңы
C) құрам тұрақтылық заңы
D) заттар массасының сақталу заңы
E) еселі қатынас заңы
19. Заттар құрамына қарай жіктеледі
A) қоспалар B) жай заттар C) таза заттар D) атомдар мен молекулалар E) күрделі заттар
20. М.В.Ломоносовтан кейін, 67 жылдан соң атомдық ілімді химия ғылымына қолданған ғалым
A) Дальтон B) Пруст C) Ломоносов D) Авогадро E) Лавуазье

Химиялық элементтер және олардың таңбалары /7cынып/


(43-46 беттер)

1. Металдарға тән қасиеттер


A) шыңдалуға бейім B) жылуды нашар өткізеді C) иілімді
D) электр тогын жақсы өткізеді E) морт
2. Металдарды анықтаңдар
A) күкірт B) алюминий C) азот D) оттек E) қалайы
3. Адам организмін құрайтын ең маңызды элементтер
A) оттек, көміртек B) азот, фосфор C) күкірт, фосфор
D) сутек, азот E) оттек, күкірт
4. Атомдардың белгілі бір түрі
A) жай зат B) қосылыс C) химиялық элемент
D) күрделі зат E) молекула
5. Химиялық элементтердің таңбаларын енгізген химик
A) Бойль B) Берцелиус C) Бутлеров D) Резерфорд E) Дальтон
6. Химиялық элементтің салыстырмалы атомды массасы (Ar)
A) элементтің атомдық массасының оттек атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасына тең
B) элементтің атомдық массасының күкірт атомы массасының 1/32 бөлігіне қатынасына тең
C) элементтің атомдық массасының оттек атомы массасының 1/16 бөлігіне қатынасына тең
D) элементтің атомдық массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасына тең
E) элементтің атомдық массасының көміртек атомы массасының 1/16 бөлігіне қатынасына тең
7. Атомдық нөмірі 16-ға тең элемент
A) N B) O C) Si D) P E) S
8. Келесі тұжырымдардың қайсысында химиялық элемент туралы сөз болады?
A) азот пен оттек ауаның негізін құрайды B) жер қыртысының жартысы оттектің үлесіне тиеді
C) азот өсімдіктің өсуіне қажет D) балықтар суда еріген оттекпен тыныс алады
E) судың құрамы сутек пен оттектен тұрады
9. Бірдей химиялық элемент атомдарынан құралатын заттар
A) жай заттар B) қосылыстар C) химиялық элементтер
D) күрделі заттар E) қоспалар
10. Металдарға тән қасиеттер
A) электр тогын нашар өткізеді
B) жылуды жақсы өткізеді
C) металдық жылтыры болады
D) шыңдалуға келмейді
E) иілімді, берік
11. Бейметалдарды көрсетіңдер
A) күкірт B) мыс C) азот D) оттек E) алтын
12. Сүйек құрамына күретін және оған беріктік қасиет беретін элементтер
A) магний B) фосфор C) күкірт D) азот E) кальций
13. Бүгінгі күні атомдардың, яғни химиялық элементтердің белгілі түрі
A) 108 B) 124 C) 89 D) 116 E) 63
14. Әртүрлі химиялық элементтер атомдарынан құралатын заттар
A) жай заттар B) қосылыстар C) химиялық элементтер D) қоспалар E) күрделі заттар
15. Салыстырмалы атомдық массасы 23-ке тең элемент
A) титан B) натрий C) алюминий D) ванадий E) магний
16. Келесі тұжырымдардың қайсысында жай зат туралы сөз болады?
A) азот пен оттек ауаның негізін құрайды
B) жер қыртысының жартысы оттектің үлесіне тиеді
C) азот өсімдіктің өсуіне қажет
D) балықтар суда еріген оттекпен тыныс алады
E) судың құрамы сутек пен оттектен тұрады
17. Тыныс алуға қажетті түссіз, жануды қолдайтын жай зат
A) ауа B) гелий C) оттек D) сутек E) азот
18. Сутектің латынша аталуы
A) hidrargyrum B) hydrogenium C) hidrargirum D) hydrargyrum E) hidrogenyum
19. «цэ» деп оқылатын химиялық элемент
A) көміртек B) күкірт C) кремний D) цирконий E) цезий
20. Қорғасын элементінің оқылуы
A) купрум B) феррум C) аргентум D) плюмбум E) гидраргирум

Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар /7cынып/


(47-50 беттер)

1. Протонның сипаттамасы


A) таңбасы р0 B) заряды +1 C) таңбасы р+ D) заряды – 1 E) массасы 1 м.а.б.
2. Ядро құрамына кіретін бөлшектер
A) нейтрон B) электрон C) атом D) протон E) позитрон
3. Атомның ортасында оң зарядталған ядросы бар екенін тәжірибе жүзінде анықтаған ғалым
A) Бор B) Резерфорд C) Дальтон D) Менделеев E) Ломоносов
4. Атомның планетарлық моделі бойынша атом қандай бөлшектерден тұрады?
A) теріс зарядталған ядродан
B) ядроны айнала қозғалатын оң зарядталған протондардан
C) оң зарядталған ядродан
D) протон мен нейтрондардан
E) ядроны айнала қозғалатын теріс зарядталған электрондардан
5. Протон таңбаланады
A) 1+1р B) р+ C) n0 D) +11р E) 01n
6. Атом, жалпы алғанда, электрбейтарап бөлшек, себебі
A) протондар мен нейтрондар саны бірдей
B) протондар саны электрондар санынан артық
C) протондар мен электрондар саны бірдей
D) протондар санынан электрондар саны артық
E) нейтрондар мен электрондар саны бірдей
7. Нейтронның сипаттамасы
A) таңбасы n0 B) заряды +1 C) таңбасы n+ D) заряды 0 E) массасы 1 м.а.б.
8. Изотоптар дегеніміз
A) ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі бір элемент атомдарының түрөзгерісі
B) ядро заряды әртүрлі, бірақ атомдық массалары бірдей бір элемент атомдарының түрөзгерісі
C) ядро заряды бірдей, бірақ электрондар саны әртүрлі бір элемент атомдарының түрөзгерісі
D) ядро заряды әртүрлі, бірақ нейтрондар саны бірдей бір элемент атомдарының түрөзгерісі
E) ядро заряды мен атомдық массалары бірдей бір элемент атомдарының түрөзгерісі
9. 1123Na атом құрамын анықтаңдар
A) (12р+; 11n0)11e B) (11р+; 12n0)12e C) (11р+; 11n0)12e
D) (11р+; 12n0)11e E) (11р+; 12n0)10e
10. Нейтрон таңбаланады
A) n B) n+ C) n0 D) 10n E) 01n
11. Сутектің изотоптарының саны
A) 2 B) 5 C) 1 D) 4 E) 3
12. Табиғатта кездесетін хлор атомдарының 75%-ы 35СІ изотоптан және 25%-ы 37СІ изотоптан
тұрады. Хлордың салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер
A) 35,354 B) 35,5 C) 35,345 D) 35,453 E) 35,435
13. (35р+; 45n0)35e атом құрамына сәйкес келетін элемент
A) родий B) селен C) бром D) сынап E) марганец
14. Электронның сипаттамасы
A) таңбасы e B) массасы 0 м.а.б. C) таңбасы e+ D) заряды – 1 E) массасы 1 м.а.б.
15. Нейтрон саны бірдей элементтер
A) фтор мен неон B) натрий мен алюминий C) кремний мен фосфор
D) калий мен кальций E) күкірт пен фосфор
16. 1940К атомындағы протон мен нейтрон санын анықтаңдар
A) 21 протон B) 21 нейтрон C) 19 протон D) 40 нейтрон E) 19 нейтрон
17. Электрон таңбаланады
A) e B) e+ C) e0 D) 0e E) 0e
18. Нейтрондар саны анықталатын формула
A) N=Ar+Z B) N= Z-Ar C) N=Z-E D) N=Ar-Z E) N=Z+E
19. Нейтрон саны 2-ге тең сутектің изотобы
A) тритий B) 12Н C) дейтерий D) 13Н E) протий
2 0. Берілген суретті зерделей отырып, қандай элементтердің атом құрылысы көрсетілгенін анықтаңдар
A) оттек B) күкірт C) көміртек D) азот E) бор
Ауа және оның құрамы /7cынып/
(52-54 беттер)

1. Ауаның құрамында кездесетін газдар (көлемдік үлесі, %-бойынша)


A) азот-78,08; оттек-20,95; инертті газдар-0,94; көміртек (IV) оксиді -0,03
B) азот-78,08; оттек-20,95; инертті газдар-1,30; көміртек (IV) оксиді -0,046
C) азот-75,50; оттек-23,10; инертті газдар-0,94; көміртек (IV) оксиді -0,03
D) азот-75,50; оттек-23,10; инертті газдар-1,30; көміртек (IV) оксиді -0,046
E) азот-78,08; оттек-23,10; инертті газдар-1,30; көміртек (IV) оксиді -0,03
2. Табиғаттағы әртүрлі құбылыстардың нәтижесінде, мысалы, жер сілкінкенде, жанартау атқылағанда, отын жанғанда өндіріс орындарынан ауаға бөлінетін газдар
A) N2, O2 B) NO, NO2 C) CO2, H2O D) SO2, SO3 E) H2S
3. Ауаның 4/5 бөлігі азоттан, 1/5 бөлігі (көлем бойынша) оттектен тұратын газдар қоспасы екенін дәлелдеген ғалым
A) Пристли B) Шееле C) Лавуазье D) Кавендиш E) Резерфорд
4. Елімізде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ҚР Үкіметі
қабылдаған бағдарлама
A) «Жасыл өсімдік» B) «Жасыл ел» C) «Жасыл әлем» D) «Көгалдандыру» E) «Жасылдар»
5. Өндіріс шаңы мен зиянды газдардың концентрациясын төмендету үшін
A) ағаштар отырғызылады
B) өндірістер тұрғын үйлерден аулақ орналастырылады
C) қалаларды айналып өтетін жолдар мен жолайрықтар салынады
D) көліктерді түнгі уақытта жүргізеді
E) шөптесін өсімдіктер отырғызылады
6. Газдарды шаң мен тұманнан тазарту үшін ең көп қолданылатыны
A) көпсатылы тазарту аппараттары B) құрғақ шаңтұтқыштар C) жасыл өсімдіктер
D) электрсүзгілер E) циклон аппараттары
7. Әртүрлі жағдайларға байланысты ауаның құрамындағы мөлшері өзгеріп тұратын заттар
A) N2, O2 B) NO, NO2 C) CO2, H2O D) SO2, SO3 E) H2S
8. Француз химигі Антуан Лоран Лавуазьенің іске асырған еңбектері
A) «химиялық элемент» ұғымын енгізді B) химиялық элементтердің таңбасын енгізді
C) «химиялық қосылыс» ұғымын енгізді D) ауаның құрамын тәжірибе жүзінде дәлелдеді
E) химиялық элементтердің «валенттілік» ұғымын енгізді
9. Ауаның құрамында кездесетін газдар (массалық үлесі, %-бойынша)
A) азот-78,08; оттек-20,95; инертті газдар-0,94; көміртек (IV) оксиді -0,03
B) азот-78,08; оттек-20,95; инертті газдар-1,30; көміртек (IV) оксиді -0,046
C) азот-75,50; оттек-23,10; инертті газдар-0,94; көміртек (IV) оксиді -0,03
D) азот-75,50; оттек-23,10; инертті газдар-1,30; көміртек (IV) оксиді -0,046
E) азот-78,08; оттек-23,10; инертті газдар-1,30; көміртек (IV) оксиді -0,03
10. Қандай жағдайда ауаның құрамындағы су буының мөлшері көптеу болады?
A) ауа райының суық кезінде B) ауа райының ылғалды кезінде
C) барлық жағдайда да көптеу болады D) ауа райының құрғақ кезінде
E) ауа райының жылы кезінде
11. Әртүрлі газдарды тазартуда қолданылатын аппараттар
A) көпсатылы тазарту аппараттары B) құрғақ шаңтұтқыштар C) жасыл өсімдіктер
D) электрсүзгілер E) циклон аппараттары
12. Ауаның сапалық құрамын мынадай тәжірибемен анықтауға болады: ауамен толтырылған шыны
қалпақ суға төңкеріледі. Темір қасыққа салынған қызыл фосфорды тұтатып, суға төңкерілген
қақпақ астында жақса, су қақпақтың 1/5 бөлігіне дейін көтеріледі. Өйткені
A) фосфордың жануына ауаның құрамындағы азот қана жұмсалады
B) фосфордың жануына ауаның құрамындағы инертті газдар ғана жұмсалады
C) фосфордың жануына ауаның құрамындағы оттек қана жұмсалады
D) фосфордың жануына ауаның құрамындағы көмірқышқыл газы ғана жұмсалады
E) фосфордың жануына ауаның құрамындағы су буы ғана жұмсалады
13. ХІХ ғасырдың соңындағы зерттеулер көрсеткен, оттек пен азоттан басқа ауа құрамына кіретін 5 түрлі газ
A) Не, Хе B) Ne, Ar C) NO, NO2 D) SO2, SO3 E) Kr
14. Бөлінетін газдарды жоғары деңгейде тазарту үшін қолданылатын аппараттар
A) көпсатылы тазарту аппараттары B) құрғақ шаңтұтқыштар C) жасыл өсімдіктер
D) электрсүзгілер E) циклон аппараттары
15. Қандай жағдайда ауаның құрамындағы су буының мөлшері аздау болады?
A) ауа райының суық кезінде B) ауа райының ылғалды кезінде
C) барлық жағдайда да аздау болады D) ауа райының құрғақ кезінде
E) ауа райының жылы кезінде
Жану /7cынып/
(55-57 беттер)

1. Көз қаратпайтын жалынмен ақ түсті түтін түзе жанатын реакция теңдеуі


A) мыс+оттек=мыс (ІІ) оксиді
B) көміртек+оттек=көміртек (IV) оксиді
C) фосфор+оттек=фосфор (V) оксиді
D) күкірт+оттек=күкірт (IV) оксиді
E) темір+оттек=темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)
2. Оттек бар ыдысқа көмір түйірін салса, ол жалынсыз жанады. Сол ыдысқа әк суының ерітіндісін құйып шайқағанда ерітінді лайланады. Өйткені көмір жанған ыдыста түзіледі
A) күкірт (IV) оксиді B) көміртек (IV) оксиді C) күкірт (VI) оксиді
D) көміртек (ІI) оксиді E) фосфор (V) оксиді
3. Заттардың жылу және жарық бөліп, тотыға жүретін химиялық реакциясы
A) тұтану температурасы B) оксидтену C) тотығу D) жану E) қосылу
4. Заттардың оттекпен әрекеттесу реакциясы
A) оксидтену B) жану C) тұтану температурасы D) қосылу E) тотығу
5. Оттекте қатты қыздырғанда жанбай, баяу тотығып қара түсті оксид түзе жүретін реакция теңдеуі
A) мыс+оттек=мыс (ІІ) оксиді
B) көміртек+оттек=көміртек (IV) оксиді
C) фосфор+оттек=фосфор (V) оксиді
D) күкірт+оттек=күкірт (IV) оксиді
E) темір+оттек=темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)
6. Оксидтер
A) құрамы екі элементтен тұратын, біреуі металл болып келетін күрделі заттар
B) құрамы екі элементтен тұратын, біреуі бейметалл болып келетін күрделі заттар
C) құрамы екі элементтен тұратын, біреуі көміртек болып келетін күрделі заттар
D) құрамы екі элементтен тұратын, біреуі күкірт болып келетін күрделі заттар
E) құрамы екі элементтен тұратын, біреуі оттек болып келетін күрделі заттар
7. Жылу бөліп жанатын зат немесе заттар қоспасы
A) оксид B) темір C) отын D) ағаш E) жану өнімдері
8. Баяу тотығуға жатады
A) қидың шіруі B) газдың жануы C) ағаштың жануы
D) көмірдің жануы E) тамақтың пісуі
9. Оттек бар ыдысқа түйірін салған кезде жалынсыз жана жүретін реакция теңдеуі
A) мыс+оттек=мыс (ІІ) оксиді
B) көміртек+оттек=көміртек (IV) оксиді
C) фосфор+оттек=фосфор (V) оксиді
D) күкірт+оттек=күкірт (IV) оксиді
E) темір+оттек=темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)
10. Заттар ауада жанғанда да оксидтер түзеді. Бірақ заттар ауада оттекке қарағанда баяу жанады, өйткені
A) ауа құрамындағы оттектің мөлшері бес еседей көп
B) ауа құрамындағы оттектің мөлшері екі еседей аз
C) ауа құрамындағы оттектің мөлшері екі еседей көп
D) ауа құрамындағы оттектің мөлшері бес еседей аз
E) ауа құрамындағы азоттың мөлшері бес еседей көп
11. Кейбір заттар оттекпен баяу әрекеттесіп, жылу біртіндеп бөледі. Бұл процесс ... деп аталады.
A) баяу тотығу B) құбылыс C) жану D) үдеріс E) өзгеру
12. Қатты отындар
A) мұнай өнімдері B) антрацит C) таскөмір D) шымтезек E) мұнайға серік газдар
13. Жіңішке сымға қадаған сіріңке шиін тұтатып, оттек бар ыдысқа батырғанда шатырлап жарық
ұшқындарын шашып, жалынсыз оксид түзе жүретін реакция теңдеуі
A) мыс+оттек=мыс (ІІ) оксиді
B) көміртек+оттек=көміртек (IV) оксиді
C) фосфор+оттек=фосфор (V) оксиді
D) күкірт+оттек=күкірт (IV) оксиді
E) темір+оттек=темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)
14. Жалын түзілуінің үш құраушысы
A) отын B) көмірқышқыл газы C) оттек D) су E) жылу
15. Өртті сөндіру үшін атқарылатын әрекеттер
A) температураны төмендету B) жану көзін жою C) температураны арттыру
D) оттектің келуін тоқтату E) ауа үрлеу
16. Сұйық отындар
A) мазут B) шымтезек C) табиғи газ D) бензин E) керосин
17. Алдын ала қыздырылған түйірін оттек бар ыдысқа батырса, көк жалынмен өткір иісті улы газ
түзе жүретін реакция теңдеуі
A) мыс+оттек=мыс (ІІ) оксиді
B) көміртек+оттек=көміртек (IV) оксиді
C) фосфор+оттек=фосфор (V) оксиді
D) күкірт+оттек=күкірт (IV) оксиді
E) темір+оттек=темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)
18. Көмірді не жанып жатқан ағашты сөндіру үшін су құятын себебі
A) себебі су жанбайды
B) су оларды салқындатады
C) су оларды ұсақтап жібереді
D) жамылғы қызметін атқарады
E) түзілген су буы ауаның келуіне тосқауыл болады
19. Балауыз (парафин) жанғанда түзілетін заттар
A) су B) көміртек (IІ) оксиді C) күкірт (IV) оксиді
D) көміртек (IV) оксиді E) фосфор (V) оксиді
20. Газ тәрізді отындар
A) көмірқышқыл газы B) табиғи газ C) мұнайға серік газдар
D) хлорсутек газы E) өнеркәсіп газдары

Негіздік және қышқылдық оксидтердің түзілуі. /7cынып/


(58-59 беттер)

1. Тұрмыста сөндірілмеген әк деп аталтын затты жиі қолданады. Бұл заттың химиялық атауы кальций оксиді. Сөндірілмеген әкке су қосып сөндіреді, сол кезде әк суы деп аталатын қосылыс алынады. Әк суына фенолфталеин ерітіндісінен тамызатын болсақ онда ол таңқурай түске боялады. Бұл құбылыс әк суының ортасы сілтілік (негіздік) екендігін білдіреді. Сөндірілмеген әк қандай оксидтер тобына жатады?


A) қышқылдық оксид B) екіұдайлы оксид C) бейтарап оксид
D) тұз түзбейтін оксид E) негіздік оксид
2. Фосфорды жаққан кезде түзілген оксидке су қосып үстіне көк лакмус (индикатор) тамызатын
болсақ, көк лакмустың түсі қызылға өзгереді. Түстің өзгеруі қышқыл түзілгендігін білдіреді.
Фосфор оксидінің табиғатын сипаттаңыз.
A) қышқылдық оксид B) екіұдайлы оксид C) бейтарап оксид
D) тұз түзбейтін оксид E) негіздік оксид
3. Кәрлен табақшаға аздап жаңа қыздырылған кальций оксидін (СаО) салып, үстіне су құямыз.
Нәтижесінде жылу бөлініп, борпылдақ ақұнтақ-сөндірілген әк түзіледі. Оны суда ерітіп, ерітіндіге
лакмус индикаторын тамызғанда көгеруі негіз түзілгенін білдіреді. Кальций оксидінің табиғатын
сипаттаңыз.
A) қышқылдық оксид B) екіұдайлы оксид C) бейтарап оксид
D) тұз түзбейтін оксид E) негіздік оксид
4. Негіздік оксидтерді көрсетіңдер
A) N2O5 B) CaO C) SO2 D) K2O E) CuO
5. N2O5, CaO, SO2, K2O, CuO, СО2, Р2O5, ВаО, SіO2, Li2O, SO3 қышқылдық оксидтердің санын
анықтаңдар
A) 11 B) 3 C) 6 D) 8 E) 5
6. Қышқылдық оксидтерді көрсетіңдер
A) N2O5 B) CaO C) SO2 D) СО2 E) CuO
7. N2O5, CaO, SO2, K2O, CuO, СО2, Р2O5, ВаО, SіO2, Li2O, SO3 негіздік оксидтердің санын
анықтаңдар
A) 5 B) 11 C) 3 D) 6 E) 8
8. Сөндірілмеген әктің формуласы
A) N2O5 B) CaO C) SO2 D) СО2 E) CuO
9. Металдар жанып
A) қышқыл түзеді B) негіз түзеді C) қышқылдық оксид түзеді
D) тұз түзеді E) негіздік оксид түзеді
10. Бейметалдар жанып түзеді
A) тұздар B) негіздік оксидтер C) қышқылдық оксидтер D) негіздер E) қышқылдар

Табиғи қышқылдар мен сілтілер /7cынып/


(64-66 беттер)

1. Қышқыл және сілті ерітінділері әсерінен түсін өзгертетін заттар


A) ингибиторлар B) тұздар C) еріткіштер D) индикаторлар E) оксидтер
2. Минералды қышқылдар
A) алма қышқылы B) тұз қышқылы C) азот қышқылы
D) аскорбин қышқылы E) күкірт қышқылы
3. Қышқылдылығы жоғары науқастарға антацидтік препараттар беріледі. Олардың әсер ету механизмі асқазан сөлінің қышқылдылығын бейтараптауға негізделген. Антацидтік препараттарға жатады
A) магний оксиді B) калий гидроксиді C) натрий гидроксиді
D) алюминий гидроксиді E) кальций гидроксиді
4. Азот қышқылының формуласы
A) HCl B) HNO3 C) H2SO4 D) H2CO3 E) H3PO4
5. Сілтілерге жатады
A) магний гидроксиді B) калий гидроксиді C) натрий гидроксиді
D) алюминий гидроксиді E) кальций гидроксиді
6. Асқазандағы астың тез қорытылуына, аспен бірге түскен зиянды бактерияларды жоюға көмектесетін қышқыл
A) HCl B) HNO3 C) H2SO4 D) H2CO3 E) H3PO4
7. Химиялық индикаторлар
A) ирис гүлінің қайнатпасы B) метилоранж C) шие шырыны
D) лакмус E) фенолфталеин
8. Лакмус индикаторының сілтілік ортадағы түсі
A) қызыл B) таңқурай C) күлгін D) қызғылт E) көк
9. Табиғи қышқылдар
A) алма қышқылы B) салицил қышқылы C) азот қышқылы
D) аскорбин қышқылы E) күкірт қышқылы
10. Цитрус жемістері-грейпфрут, апельсин және лимонда кездесетін табиғи қышқылдар
A) салицил қышқылы B) сүт қышқылы C) аскорбин қышқылы
D) алма қышқылы E) лимон қышқылы
11. Метилоранж индикаторының қышқылдық ортадағы түсі
A) қызыл сары B) түссіз C) қызғылт D) күлгін E) сары
12. Табиғи индикаторлар
A) ирис гүлінің қайнатпасы B) метилоранж C) шие шырыны
D) жүзім шырыны E) фенолфталеин
13. Әмбебап индикатор ерітінді ортасы бойынша көрсететін рН мәні
A) қышқыл ортада рН˃7; сілтілік ортада рН˂7; бейтарап ортада рН=7
B) қышқыл ортада рН˂7; сілтілік ортада рН˃7; бейтарап ортада рН=7
C) қышқыл ортада рН˂7; сілтілік ортада рН=7; бейтарап ортада рН˃7
D) қышқыл ортада рН=7; сілтілік ортада рН˃7; бейтарап ортада рН˂7
E) қышқыл ортада рН˃7; сілтілік ортада рН=7; бейтарап ортада рН˂7
14. Фенолфталеин индикаторы таңқурай түске боялатын ерітінділер
A) КОН B) Mg(OH)2 C) NaOH D) Al(OH)3 E) Ca(OH)2
15. Қандай қосылыстардың ерітінділері лакмус индикаторының түсін қызыл түске бояйды?
A) NaOH B) HNO3 C) КОН D) HCІ E) H2SO4
16. Сілті мен қышқыл ерітінділерінің әсерінен лакмус индикаторы түсінің өзгеруі
A) қышқылдық ортада-қызыл; сілтілік ортада-көк; бейтарап ортада-күлгін
B) қышқылдық ортада-түссіз; сілтілік ортада-таңқурай түсті; бейтарап ортада-түссіз
C) қышқылдық ортада-түссіз; сілтілік ортада-көк; бейтарап ортада-сары
D) қышқылдық ортада-қызғылт; сілтілік ортада-сары; бейтарап ортада-қызыл сары
E) қышқылдық ортада-қызғылт; сілтілік ортада-күлгін; бейтарап ортада-сары
17. Антацидтік заттар
A) калий карбонаты B) калий гидроксиді C) магний гидроксиді
D) натрий гидроксиді E) магний карбонаты
18. Сілті мен қышқыл ерітінділерінің әсерінен фенолфталеин индикаторы түсінің өзгеруі
A) қышқылдық ортада-қызыл; сілтілік ортада-көк; бейтарап ортада-күлгін
B) қышқылдық ортада-түссіз; сілтілік ортада-таңқурай түсті; бейтарап ортада-түссіз
C) қышқылдық ортада-түссіз; сілтілік ортада-көк; бейтарап ортада-сары
D) қышқылдық ортада-қызғылт; сілтілік ортада-сары; бейтарап ортада-қызыл сары
E) қышқылдық ортада-қызғылт; сілтілік ортада-күлгін; бейтарап ортада-сары
19. Минералды тыңайтқыштар, бояулар, қопарғыш заттар алуда қолданылатын қосылыстар
A) фосфор қышқылы B) тұз қышқылы
C) азот қышқылы D) көмір қышқылы
E) күкірт қышқылы
20. Сілті мен қышқыл ерітінділерінің әсерінен метилоранж индикаторы түсінің өзгеруі
A) қышқылдық ортада-қызыл; сілтілік ортада-көк; бейтарап ортада-күлгін
B) қышқылдық ортада-түссіз; сілтілік ортада-таңқурай түсті; бейтарап ортада-түссіз
C) қышқылдық ортада-түссіз; сілтілік ортада-көк; бейтарап ортада-сары
D) қышқылдық ортада-қызғылт; сілтілік ортада-сары; бейтарап ортада-қызыл сары
E) қышқылдық ортада-қызғылт; сілтілік ортада-күлгін; бейтарап ортада-сары

Қышқылдардың химиялық қасиеттері /7cынып/


( 66-68 беттер)

1. Қышқылдарға тән химиялық қасиеттер


A) сілтілермен әрекеттесу B) сульфаттармен әрекеттесу C) металдармен әрекеттесу
D) карбонаттармен әрекеттесу E) бейметалдармен әрекеттесу
2. Төрт сынауықтың біріншісіне мыс сымының кесіндісін, екіншісіне магний, үшіншісіне мырыш, төртіншісіне темір жаңқасын салып, әр сынауыққа 2 мл тұз немесе күкірт қышқылының ерітінділерін қосып, аздап қыздырғанда қай сынауықта реакция ең шабытты жүреді?
A) үшінші сынауықта B) екінші сынауықта C) барлығы бірдей
D) бірінші сынауықта E) төртінші сынауықта
3. Топырақтың қышқылдылығын бейтараптау үшін ауылшаруашылығындағы практикалық маңызы зор реакция
A) натрий гидроксиді+күкірт қышқылы=натрий сульфаты+су
B) темір (ІІІ) оксиді+ тұз қышқылы=темір (ІІІ) хлориді +су
C) калий сульфиті+тұз қышқылы=калий хлориді+су+күкірт (IV) оксиді
D) мырыш+тұз қышқылы=мырыш хлориді+сутек
E) кальций карбонаты+тұз қышқылы=кальций хлориді+су+көмірқышқыл газы
4. Сұйытылған қышқыл ерітінділерінен сутекті ығыстыратын металдар
A) темір B) магний C) мыс D) алюминий E) сынап
5. Мәрмәр, бор, әктас құрамы бір-біріне ұқсас болады. Осы заттарға тұз қышқылымен әсер еткенде
қандай газ бөлінеді?
A) сутек газы B) күкірт (IV) оксиді C) көмірқышқыл газы
D) оттек газы E) азот газы
6. Бейтараптану реакциясы
A) натрий гидроксиді+күкірт қышқылы=натрий сульфаты+су
B) темір (ІІІ) оксиді+ тұз қышқылы=темір (ІІІ) хлориді +су
C) калий сульфиті+тұз қышқылы=калий хлориді+су+күкірт (IV) оксиді
D) мырыш+тұз қышқылы=мырыш хлориді+сутек
E) кальций карбонаты+тұз қышқылы=кальций хлориді+су+көмірқышқыл газы
7. K, Hg, Ni, Fe, Pt, Pb, Na, Cu, Sn, Ag берілген металдардан сұйытылған қышқыл ерітінділерінен сутекті ығыстыратын металдар саны
A) 2 B) 6 C) 8 D) 10 E) 4
8. Төрт сынауықтың біріншісіне мыс сымының кесіндісін, екіншісіне магний, үшіншісіне мырыш, төртіншісіне темір жаңқасын салып, әр сынауыққа 2 мл тұз немесе күкірт қышқылының ерітінділерін қосып, аздап қыздырғанда қай сынауықта реакция мүлдем жүрмейді?
A) үшінші сынауықта B) екінші сынауықта C) барлығы бірдей
D) бірінші сынауықта E) төртінші сынауықта
9. Бейтараптану реакциясы
A) қышқылдардың металдармен әрекеттесуі
B) қышқылдардың бейметалдармен әрекеттесуі
C) қышқылдардың сілтілермен әрекеттесуі
D) қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі
E) қышқылдардың сульфиттермен әрекеттесуі
10. Сілтілердің қышқылдармен әрекеттесуін сипаттайтын реакция теңдеуі
A) натрий гидроксиді+күкірт қышқылы=натрий сульфаты+су
B) темір (ІІІ) оксиді+ тұз қышқылы=темір (ІІІ) хлориді +су
C) калий сульфиті+тұз қышқылы=калий хлориді+су+күкірт (IV) оксиді
D) мырыш+тұз қышқылы=мырыш хлориді+сутек
E) кальций карбонаты+тұз қышқылы=кальций хлориді+су+көмірқышқыл газы
11. Сұйытылған қышқыл ерітінділерінен сутекті ығыстырмайтын металдар
A) калий B) күміс C) мыс D) қорғасын E) сынап
12. K, Hg, Ni, Fe, Pt, Au, Pb, Na, Cu, Sn, Ag, Mg, Al берілген металдардан сұйытылған қышқыл ерітінділерінен сутекті ығыстырмайтын металдар саны
A) 7 B) 13 C) 9 D) 11 E) 5
13. Металдардың белсенділік қатарын құрастырған ғалым
A) Бутлеров B) Менделеев C) Бекетов
D) Берцелиус E) Дальтон
14. Төрт сынауықтың біріншісіне мыс сымының кесіндісін, екіншісіне магний, үшіншісіне мырыш, төртіншісіне темір жаңқасын салып, әр сынауыққа 2 мл тұз немесе күкірт қышқылының ерітінділерін қосып, аздап қыздырғанда қай сынауықта сутек бөлінбейді?
A) үшінші сынауықта B) екінші сынауықта C) барлығы бірдей
D) бірінші сынауықта E) төртінші сынауықта
15. Металдардың қышқылдармен әрекеттесуін сипаттайтын реакция теңдеуі
A) натрий гидроксиді+күкірт қышқылы=натрий сульфаты+су
B) мырыш+тұз қышқылы=мырыш хлориді+сутек
C) калий сульфиті+тұз қышқылы=калий хлориді+су+күкірт (IV) оксиді
D) темір (ІІІ) оксиді+ тұз қышқылы=темір (ІІІ) хлориді +су
E) кальций карбонаты+тұз қышқылы=кальций хлориді+су+көмірқышқыл газы
Химиялық элементтердің жіктелуі /7cынып/
(74-77 беттер)

1. Химиялық элементтерді олардан түзілген жай заттардың қасиеттеріне сәйкес металдар мен бейметалдар деп жіктеуді ұсынған ғалым


A) Й.Берцелиус B) Д.Менделеев C) И.Дёберейнер
D) Э.Резерфорд E) Дж.Ньюлендс
2. Металдарды көрсетіңдер
A) S B) Cu C) P D) Ag E) Sn
3. Октавалар заңының тұжырымдамасы
A) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың
атомдық салмақтарына периодты түрде тәуелді»
B) «Элементтердің және олар түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері атом ядросының
зарядына периодты түрде тәуелді»
C) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін жеті санға немесе жеті
еселікке ерекшеленеді»
D) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың
электрон санына периодты түрде тәуелді»
E) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін сегіз санға немесе сегіз
еселікке ерекшеленеді»
4. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз
A) периодтық заң сандық математикалық теңдеумен өрнектеледі
B) периодтық заң химиялық элементтердің таңбаларымен бейнеленеді
C) периодтық заң сандық математикалық формуламен өрнектеледі
D) периодтық заң химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесімен бейнеленеді
E) периодтық заң электрондармен өрнектеледі
5. Периодтық жүйенің бір бөлігі берілген

2-период

X







Y










Z

Мына таңбалармен: X, Y, Z қандай элементтер берілген?
A) көміртек B) неон C) бериллий D) азот E) литий
6. Дж. Ньюлендстің октавалар заңына ғылым шүбәмен қарады, себебі
A) химиялық элементтердің атомдық массалары мен химиялық қасиеттерін сәйкестендірген
B) Ньюлендстің кестесінде бос орын болмады
C) әр периодта жеті топ жасаумен шектелген
D) әр элементке рет нөмірін тағайындаған
E) кейбір ұяшықтарға бірнеше элементтерді орналастыруға тура келген
7. Химиялық элементтердің қасиеттерін атомдық массаларымен байланыстырған ең алғашқы табиғат зерттеушісі
A) Й.Берцелиус B) Д.Менделеев C) И.Дёберейнер D) Э.Резерфорд E) Дж.Ньюлендс
8. Бейметалдарды анықтаңдар
A) S B) Cu C) P D) Br E) Sn
9. Д.И.Менделеевтің периодтық заңының (алғашқы) тұжырымдамасы
A) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың
атомдық салмақтарына периодты түрде тәуелді»
B) «Элементтердің және олар түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері атом ядросының
зарядына периодты түрде тәуелді»
C) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін жеті санға немесе жеті
еселікке ерекшеленеді»
D) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың
электрон санына периодты түрде тәуелді»
E) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін сегіз санға немесе сегіз
еселікке ерекшеленеді»
10. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында химиктер ашқан элементтер саны
A) 60 B) 116 C) 114 D) 118 E) 25
11. Қасиеттері ұқсас элементтерді үш-үштен топқа (триадалар жіктеу жүйесін) біріктіруді ұсынған ғалым
A) Й.Берцелиус B) Д.Менделеев C) И.Дёберейнер D) Э.Резерфорд E) Дж.Ньюлендс
12. Қазіргі уақытта белгілі болған химиялық элементтер саны
A) 60 B) 116 C) 114 D) 118 E) 25
13. Металдар
A) электр тогын жақсы өткізеді B) бос күйінде жылтыр болады
C) электр тогын нашар өткізеді D) металл жылтыры болмайды
E) жылуды жақсы өткізеді
14. И.В.Дёберейнердің жіктеу жүйесі толық жетілдірілмеген болып шықты. И.В.Дёберейнердің қателігі
A) үштік топты іздеумен болды
B) химиялық элемнттердің қасиеттерін атомдық массаларына байланыстыруында
C) металдарды жеке топтарға орналастырды
D) триаданы іздеумен болды
E) бейметалдардың қасиеттерін сәйкестендірді
15. Октавалар заңын ұсынған ғалым
A) Й.Берцелиус B) Д.Менделеев C) И.Дёберейнер D) Э.Резерфорд E) Дж.Ньюлендс
16. 1865 жылы ағылшын ғалымы Дж.А.Ньюлендс химиялық элемнттерді атомдық массаларының
өсу ретімен орналастырды. Осының нәтижесінде ол әр сегізінші элемент қасиеті жағынан
бірінші элементті қайталайтынын байқаған. Бұл табылған қаңдылықты ол жеті музыкалық
гаммалардың аналогиясы бойынша ... деп атады
A) химиялық элементтердің периодтық заңы B) үштік заң C) октавалар заңы
D) триадалар заңы E) сегіздік заң
17. И.Дёберейнер ұсынған триада жіктеуінің мәні мынада
A) әр триадада ортаңғы элементтің атомдық массасы екі жағындағы элементтердің атомдық
массаларының арифметикалық ортасына тең
B) әр триадада алғашқы элементтің атомдық массасы екі келесі элементтердің атомдық
массаларының арифметикалық ортасынан 2 есе жеңіл
C) әр триадада ортаңғы элементтің атомдық массасы екі жағындағы элементтердің атомдық
массаларының арифметикалық ортасынан 2 есе ауыр
D) әр триадада соңғы элементтің атомдық массасы екі алдыңғы элементтердің атомдық
массаларының арифметикалық ортасынан 2 есе ауыр
E) әр триадада ортаңғы элементтің атомдық массасы екі жағындағы элементтердің атомдық
массаларының арифметикалық ортасынан 2 есе жеңіл
18. Д.И.Менделеевтің периодтық заңының жаңа тұжырымдамасы
A) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың
атомдық салмақтарына периодты түрде тәуелді»
B) «Элементтердің және олар түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері атом ядросының
зарядына периодты түрде тәуелді»
C) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін жеті санға немесе жеті
еселікке ерекшеленеді»
D) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың
электрон санына периодты түрде тәуелді»
E) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін сегіз санға немесе сегіз
еселікке ерекшеленеді»
19. Бейметалдар
A) электр тогын жақсы өткізеді B) бос күйінде жылтыр болады C) электр тогын нашар өткізеді
D) металл жылтыры болмайды E) жылуды жақсы өткізеді
20. Металдар мен бейметалдардың қасиеттерінде өзгешеліктер бар. Дұрыс тұжырымды көрсетіңдер
A) металдар негіздік қасиеттер көрсететін қосылыстар түзеді
B) бейметалдар негіздік қасиеттер көрсететін қосылыстар түзеді
C) металдар қышқылдық қасиеттер көрсететін қосылыстар түзеді
D) металдар мен бейметалдар өзара ортақ қасиет көрсететін қосылыстар түзеді
E) бейметалдар қышқылдық қасиеттер көрсететін қосылыстар түзеді

Периодтық жүйенің құрылымы /7cынып/


(79-82 беттер)

1. Швед ғалымы Карл Шееле ашқан химиялық элементтер


A) фтор, хлор, молибден B) натрий, калий C) барий, оттек
D) вольфрам, марганец E) литий, магний
2. Периодтық жүйедегі ең жеңіл элемент
A) оттек B) литий C) азот D) гелий E) сутек
3. Периодтық жүйенің қысқа нұсқасындағы топтар саны
A) 3 B) 8 C) 2 D) 18 E) 7
4. Швед ауылы Иттербюдің құрметіне аталған элементтер
A) тулий, фермий B) рений, иридий C) иттрий, эрбий
D) цирконий, родий E) иттербий, тербий
5. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтердің горизонталь қатары ... деп аталады
A) период B) триада C) топ D) топша E) октава
6. Кіші периодтар
A) 4-7 -периодтар B) 1-3, 7 -периодтар C) 4-6 -периодтар
D) 1-7 -периодтар E) 1-3 -периодтар
7. Үлкен период элементтері орналасқан қатар
A) Rb, Sr, Na B) Na, Mg, Ca C) K, Ca, Fe D) Li, Be, F E) Cr, Mn, Cl
8. Элементтердің периодтық жүйесінің жартылай ұзын және ұзын нұсқаларындағы топтар саны
A) 3 B) 8 C) 2 D) 18 E) 7
9. Қазіргі уақытта периодтық жүйедегі периодтар саны
A) 18 B) 7 C) 3 D) 8 E) 2
10. Элементтердің периодтық жүйесінің қысқа нұсқасындағы топтар бөлінеді
A) кіші топша B) аралас топша C) негізгі топша D) үлкен топша E) қосымша топша
11. Үлкен периодтар
A) 4-7 -периодтар B) 1-3, 7 -периодтар C) 4-6 -периодтар
D) 1-7 -периодтар E) 1-3 -периодтар
12. Кіші период элементтері орналасқан қатар
A) Rb, Sr, Na B) Na, Mg, Ca C) K, Ca, Fe D) Li, Be, F E) Cr, Mn, Cl
13. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтердің вертикаль қатарлары ... деп
аталады
A) периодтар B) триадалар C) топтар D) үштік топтар E) октавалар
14. Периодтық жүйедегі кейбір топшалардың атаулары бар. Мысалы:
A) ІА тобы-сілтілік металдар B) VA тобы-галогендер
C) IIВ тобы-жеңіл металдар D) VIIA тобы-галогендер
E) VIIВ тобы-ауыр металдар
15. Жай зат ретінде газдар түзетін элементтер
A) вольфрам, сынап, радон B) сутек, азот, оттек C) темір, мыс, хром
D) криптон, ксенон, бром E) сынап, бром
16. ІІА топша элементтері
A) Be, Ca, Zn B) Na, K, Rb C) Zn, Cd, Hg D) Na, K, Ca E) Ba, Mg, Ca
17. ІА топша элементтері
A) Be, Ca, Zn B) Na, K, Rb C) Zn, Cd, Hg D) Na, K, Ca E) Ba, Mg, Ca
18. Жай зат ретінде қатты түзетін элементтер
A) вольфрам, сынап, радон B) сутек, азот, оттек C) темір, мыс, хром
D) криптон, ксенон, бром E) сынап, бром
19. ІІB топша элементтері
A) Be, Ca, Zn B) Na, K, Rb C) Zn, Cd, Hg D) Na, K, Ca E) Ba, Mg, Ca
20. Жай зат ретінде сұйықтықтар түзетін элементтер
A) вольфрам, сынап, радон B) сутек, азот, оттек C) темір, мыс, хром
D) криптон, ксенон, бром E) сынап, бром

Химиялық элементтердің табиғи топтары /7cынып/


(83-88 беттер)

1. Литийдің физикалық қасиеттері


A) tбалқу=180°С B) өте жұмсақ C) tқайнау=1340°С
D) tбалқу=98°С E) жұмсақтау Ғ) tқайнау=760°С
2. «Металдардың патшасы»
A) натрий B) рубидий C) литий D) франций E) цезий Ғ) калий
3. Сілтілік металдардың рет нөмірі артқан сайын
A) қаттылығы артады B) қайнау температуралары кемиді C) қаттылығы кемиді
D) қайнау температуралары алдымен артып, кейіннен кемиді E) балқу температуралары кемиді
4. Мысықтың көмегімен ашылған элемент
A) йод B) фтор C) астат D) бром E) хлор
5. Заманауи автомобильдердің қауіпсіздік жастығында қолданылатын қосылыс
A) О2 B) натрий азиді C) гелий газы D) NaN3 E) оттек газы
6. Ауыспалы металдар
A) алтын B) күміс C) натрий D) платина E) кальций
7. Жарнамалық лампаларда қолданылатын газдар
A) неон B) гелий C) аргон D) сутек E) азот
8. Натрийдің физикалық қасиеттері
A) tбалқу=180°С B) tқайнау=880°С C) өте жұмсақ
D) tбалқу=98°С E) жұмсақ Ғ) tқайнау=760°С
9. Сілтілік металдардың қасиеттері
A) өте белсенді B) морт C) өте жұмсақ D) иілгіш E) қатты
10. Жұмсақтығы сонша, пышақпен кесуге болатын металдар
A) натрий B) кальций C) магний D) калий E) литий
11. «Бейметалдардың патшасы»
A) бром B) фтор C) йод D) хлор E) астат
12. Галогендер сутекпен әрекеттесіп түзеді
A) тұздар B) негіздер C) қатты заттар D) қышқылдар E) сұйық заттар
13. Инертті газдар қатары
A) гелий, криптон, ксенон B) фтор, бром, астат C) неон, аргон, радон
D) хлор, йод E) оттек, сутек, азот
14. Сілтілік металдар өте белсенді болғандықтан, оларды сақтайды
A) бензиннің астында B) керосиннің астында C) судың астында
D) глицериннің астында E) машина майының астында
15. Калийдің физикалық қасиеттері
A) tбалқу=64°С B) tқайнау=880°С C) өте жұмсақ
D) tбалқу=98°С E) жұмсақ Ғ) tқайнау=760°С
16. Фтордың физикалық қасиеттері
A) қызыл қоңыр сұйықтық, tбалқу= - 7°С, tқайнау= 59°С
B) қара күлгін қатты зат, tбалқу= 114°С, tқайнау= 184°С
C) ашық сары газ, tбалқу= 114°С, tқайнау= 184°С
D) ашық сары газ, tбалқу= - 220°С, tқайнау= -188°С
E) сарғыш жасыл газ, tбалқу= - 101°С, tқайнау= -35°С
17. Галоген сөзінің мағынасы
A) су түзуші B) қышқыл түзуші C) тұз түзуші D) кен түзуші E) газ түзуші
18. Галогендерді көрсетіңдер
A) гелий, криптон, ксенон B) фтор, бром, астат C) неон, аргон, радон
D) хлор, йод E) оттек, сутек, азот
19. Йодтың физикалық қасиеттері
A) қызыл қоңыр сұйықтық, tбалқу= - 7°С, tқайнау= 59°С
B) қара күлгін қатты зат, tбалқу= 114°С, tқайнау= 184°С
C) ашық сары газ, tбалқу= 114°С, tқайнау= 184°С
D) ашық сары газ, tбалқу= - 220°С, tқайнау= -188°С
E) сарғыш жасыл газ, tбалқу= - 101°С, tқайнау= -35°С
20. Ауыспалы металдардың қасиеттері
A) жылуды жақсы өткізеді
B) электрді нашар өткізеді
C) ауада оңай тотығады
D) жылуды нашар өткізеді
E) электрді күшті өткізеді
21. Металдарды дәнекерлеуде қолданылатын инертті газ
A) неон B) гелий C) аргон D) радон E) ксенон
22. Бромның физикалық қасиеттері
A) қызыл қоңыр сұйықтық, tбалқу= - 7°С, tқайнау= 59°С
B) қара күлгін қатты зат, tбалқу= 114°С, tқайнау= 184°С
C) ашық сары газ, tбалқу= 114°С, tқайнау= 184°С
D) ашық сары газ, tбалқу= - 220°С, tқайнау= -188°С
E) сарғыш жасыл газ, tбалқу= - 101°С, tқайнау= -35°С
23. Ең белсенді бейметалдар
A) халькогендер B) галогендер C) пниктогендер
D) инертті газдар E) ауаның құрамындағы газдар
24. Қандай элемент туралы сөз қозғалып жатыр? Х элементі белсенді емес, ол аэростаттарды толтыру үшін қолданылады. Күннің құрамында кездеседі.
A) оттек B) аргон C) азот D) гелий E) криптон
25. Хлордың физикалық қасиеттері
A) қызыл қоңыр сұйықтық, tбалқу= - 7°С, tқайнау= 59°С
B) қара күлгін қатты зат, tбалқу= 114°С, tқайнау= 184°С
C) ашық сары газ, tбалқу= 114°С, tқайнау= 184°С
D) ашық сары газ, tбалқу= - 220°С, tқайнау= -188°С
E) сарғыш жасыл газ, tбалқу= - 101°С, tқайнау= -35°С

Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы /7cынып/


(90-91 беттер)

1. Сутек атомының массасы


A) 1,66*10 – 27 кг B) 2,66*10 – 23 г C) 1,66*10 – 24 г D) 2,66*10 – 26 кг E) 1,99*10 – 26 кг
2. Массаның атом бірлігі (м.а.б.) –
A) көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен берілген атомның массасы қанша есе ауыр екенін
көрсететін шама
B) оттек атомы массасының 1/16 бөлігіне тең шама
C) оттек атомы массасының 1/16 бөлігінен берілген атомның массасы қанша есе ауыр екенін
көрсететін шама
D) сутек атомы массасына тең шама
E) көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне тең шама
3. Салыстырмалы атомдық массаларының қатынастары 1:2-ге тең элементтерді анықтаңдар
A) неон мен бром B) оттек пен күкірт C) литий мен кремний
D) көміртек пен магний E) оттек пен мыс
4. Салыстырмалы атомдық массаларының мәні 20 және 201-ге тең элементтер
A) неон B) қорғасын C) кальций D) азот E) сынап
5. Оттек атомының массасы сутек атомының массасынан неше есе ауыр?
A) 8 есе B) 32 есе C) 16 есе D) 2 есе E) 4 есе
6. Оттек атомының массасы
A) 1,66*10 – 27 кг B) 2,66*10 – 23 г C) 1,66*10 – 24 г D) 2,66*10 – 26 кг E) 1,99*10 – 26 кг
7. Салыстырмалы атомдық масса -
A) көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен берілген атомның массасы қанша есе ауыр екенін
көрсететін шама
B) оттек атомы массасының 1/16 бөлігіне тең шама
C) оттек атомы массасының 1/16 бөлігінен берілген атомның массасы қанша есе ауыр екенін
көрсететін шама
D) сутек атомы массасына тең шама
E) көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне тең шама
8. Салыстырмалы атомдық массаларының қатынастары 1:4-ке тең элементтерді анықтаңдар
A) неон мен бром B) оттек пен күкірт C) литий мен кремний
D) көміртек пен магний E) оттек пен мыс
9. Массаның атом бірлігі тең
A) 1,66*10 – 27 кг B) 2,66*10 – 23 г C) 1,66*10 – 24 г D) 2,66*10 – 26 кг E) 1,99*10 – 26 кг
10. Салыстырмалы атомдық масса белгіленеді
A) M B) Ar C) м.а.б. D) A E) Mr
11. Көміртек атомының массасы
A) 1,66*10 – 27 кг B) 2,66*10 – 23 г C) 1,99*10 – 23 г D) 2,66*10 – 26 кг E) 1,99*10 – 26 кг
12. Гелий атомының массасы м.а.б.-ден неше есе ауыр
A) 16 есе B) 8 есе C) 32 есе D) 4 есе E) 2 есе
13. Көміртек пен оттектің салыстырмалы атомдық массаларының қосындысы нешеге тең?
A) 28 B) 42 C) 44 D) 14 E) 22
14. Кремний мен фосфордың салыстырмалы атомдық массаларының қосындысы қандай элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының сан мәніне тең?
A) Cu B) Co C) Fe D) Mn E) Ni
15. Кремний мен көміртектің салыстырмалы атомдық массаларының қосындысы қандай элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының сан мәніне тең?
A) Ca B) Sc C) Cl D) Ar E) K

Химиялық формулалар. Валенттілік. Салыстырмалы молекулалық масса. /7cынып/


(92-97 беттер)

1. Молекулалары екі атомнан тұратын заттар


A) сутек, азот B) оттек, фтор C) көміртек, фосфор D) хлор, бром, йод E) кремний, күкірт
2. Валенттілік
A) заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер арқылы шартты түрде жазу
B) молекуладағы химиялық элемент атомының санын көрсетеді
C) химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының белгілі санын қосып алу
қасиеті
D) атомдардың немесе молекулалардың санын көрсету үшін пайдаланылады
E) массаның атом бірлігі арқылы өрнектелген молекуланың массасы
3. Қосылыстарында тұрақты І валенттік көрсететін элементтер
А) Н, К B) O, Be C) Li, Na D) Mg, Ca E) Zn, Ba
4. Қосылыстарында айнымалы І және ІІ валенттік көрсететін элементтер
А) C B) Cr C) Sn D) Cu E) Pb
5. Қосылыстарында айнымалы ІI, IV және VІ валенттік көрсететін элемент
А) Ca B) S C) Cr D) P E) Hg
6. Коэффициент
A) заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер арқылы шартты түрде жазу
B) молекуладағы химиялық элемент атомының санын көрсетеді
C) химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының белгілі санын қосып алу
қасиеті
D) атомдардың немесе молекулалардың санын көрсету үшін пайдаланылады
E) массаның атом бірлігі арқылы өрнектелген молекуланың массасы
7. Қосылыстарында тұрақты ІІІ валенттік көрсететін элементтер
А) Ғе B) АІ C) Со D) Nі E) Р F) В
8. Формуланы құрастыру алгоритмінің реттілігін көрсетіңдер
1. химиялық элементтер таңбаларының үстіне валенттіліктері рим цифрларымен жазылады
2. ең кіші ортақ еселіктің мәнін әрбір элементтің валенттіліктеріне бөліп, атомдардың индекстері
анықталады
3. екі элемент валенттіліктерінің ең кіші ортақ еселігі табылады
4. химиялық элементтердің таңбалары қатарластырып жазылады
A) 3241 B) 4312 C) 2341 D) 1324 E) 4132
9. Ағартқыш зат ретінде шашты түссіздендіру үшін жиі пайдаланылатын зат
A) су B) Н2О2 C) оттек D) сутек пероксиді E) Н2О
10. Химиялық формула
A) заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер арқылы шартты түрде жазу
B) молекуладағы химиялық элемент атомының санын көрсетеді
C) химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының белгілі санын қосып алу
қасиеті
D) атомдардың немесе молекулалардың санын көрсету үшін пайдаланылады
E) массаның атом бірлігі арқылы өрнектелген молекуланың массасы
11. Магний карбонатындағы MgCO3 элементтердің массалыққатынастарын есептеңдер
A) 2:1:7 B) 3:1:4 C) 2:1:4 D) 1:1:3 E) 1:1:4
12. Көміртектің бір атомы мен оттектің екі атомынан тұратын көмірқышқыл газының
салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер
A) 28 B) 24 C) 32 D) 44 E) 46
13. Темірдің екі атомы мен оттектің үш атомынан тұратын гематиттің салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер
A) 160 B) 140 C) 150 D) 180 E) 170
14. Индекс
A) заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер арқылы шартты түрде жазу
B) молекуладағы химиялық элемент атомының санын көрсетеді
C) химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының белгілі санын қосып алу
қасиеті
D) атомдардың немесе молекулалардың санын көрсету үшін пайдаланылады
E) массаның атом бірлігі арқылы өрнектелген молекуланың массасы
15. Жарақатты тазалау үшін медициналық ерітіндісі қолданылатын зат
A) су B) Н2О2 C) оттек D) сутек пероксиді E) Н2О
16. Темір (ІІІ) оксидінің формуласы
A) Ғе2О3 B) Ғе3О C) Ғе3О4 D) ҒеО3 E) ҒеО
17. SO3 молекуласындағы күкірттің валенттілігін анықтаңдар
A) IV B) II C) VI D) III E) VII
18. Молекулалық масса
A) заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер арқылы шартты түрде жазу
B) молекуладағы химиялық элемент санын көрсетеді
C) химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының белгілі санын қосып алу
қасиеті
D) атомдардың немесе молекулалардың санын көрсету үшін пайдаланылады
E) массаның атом бірлігі арқылы өрнектелген молекуланың массасы
19. Салыстырмалы молекулалық масса белгіленеді
A) M B) Mr C) Ar D) N E) A
20. Молекулалық масса
A) заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер арқылы шартты түрде жазу
B) молекуладағы химиялық элемент санын көрсетеді
C) химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының белгілі санын қосып алу
қасиеті
D) көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен берілген молекула массасы неше есе ауыр екенін
көрсететін шама
E) массаның атом бірлігі арқылы өрнектелген молекуланың массасы
21. Қосылыстарында тұрақты ІІ валенттік көрсететін элементтер
А) Н, Ғ B) O, Be C) Li, Na D) Mg, Ca E) Zn, Ba F) K, Cs
22. Қосылыстарында айнымалы ІІ және ІІІ валенттік көрсететін элементтер
А) Ғе B) АІ C) Со D) В E) Р F) Nі
23. Қосылыстарында айнымалы ІI және ІV валенттік көрсететін элементтер
А) C B) Cr C) Sn D) Cu E) Hg F) Pb
24. Қосылыстарында айнымалы ІI, III және VІ валенттік көрсететін элемент
А) Ca B) Cr C) S D) Mn E) Hg F) P
25. Қосылыстарында айнымалы ІІІ және V валенттік көрсететін элемент
А) Ғе B) АІ C) Со D) В E) Р F) Nі

Адам организміндегі химиялық элементтер


1. Май қышқылдарынан және глицериннен түзілетін күрделі органикалық қосылыстар
A) нәруыздар B) көмірсулар C) майлар D) дәрумендер E) минералдар
2. Адам массасының неше пайызы нәруыздың үлесіне тиеді?
A) 0,6 % B) 19 % C) 96 % D) 30 % E) 15-20 %
3. Адам миы үшін қажет ең басты энергия көзі
A) глюкоза B) аминқышқылы C) май D) май қышқылы E) глицерин
4. Бүйректе жинақталған элемент
A) барий B) мырыш C) стронций D) молибден E) йод
5. Қандай қоректік зат жетіспесе адамды ұйқы басады, басы ауырады, жүрек айниды?
A) майлар B) минералдар C) көмірсулар D) нәруыздар E) дәрумендер
6. Құрамына көміртек, сутек, оттек кіретін күрделі органикалық қосылыстар, олар адам ағзасының 0,6 %-ын құрайды
A) нәруыздар B) көмірсулар C) майлар D) дәрумендер E) минералдар
7. Көміртек, сутек, азот, оттек, күкірт сияқты элементтер кіретін күрделі органикалық зат
A) май B) глюкоза C) май қышқылы D) глицерин E) аминқышқылы
8. Адамға қандай зат жетіспеген жағдайда қан құрамы, ішкі мүшелердің қызметі бұзылады, иммунитет төмендейді?
A) көмірсулар B) майлар C) минералдар D) нәруыздар E) дәрумендер
9. Көздің тор қабығында жинақталған элемент
A) барий B) мырыш C) стронций D) молибден E) йод
10. Адам денесі массасының шамамен неше пайызын көміртек, сутек, оттек, азот құрайды?
A) 0,6 % B) 19 % C) 96 % D) 30 % E) 15-20 %
11. Құрамына 20 аминқышқылы кіретін күрделі органикалық қосылыстар
A) нәруыздар B) көмірсулар C) майлар D) дәрумендер E) минералдар
12. Адам ағзасына кальций жетіспеген жағдайдағы сыртқы көріністері
A) жүректің аритмиясы B) жүректің қысылуы C) көздің бадыраюы
D) балаларда мешелдіктің пайда болуы E) тістің бүлінуі
13. Қалқанша безде жинақталған элемент
A) барий B) мырыш C) стронций D) молибден E) йод
14. Майлар адам массасының неше пайызын құрайды?
A) 0,6 % B) 19 % C) 96 % D) 30 % E) 15-20 %
15. Адам ағзасына йод жетіспеген жағдайдағы сыртқы көріністері
A) жүректің аритмиясы B) жүректің қысылуы C) көздің бадыраюы
D) балаларда мешелдіктің пайда болуы E) тістің бүлінуі
16. Ұйқы безінде жинақталған элемент
A) барий B) мырыш C) стронций D) молибден E) йод
17. Әрбір ересек адамда кем дегенде неше грамм микроэлемент болады?
A) 5 г B) 22 г C) 6 г D) 16 г E) 18 г
18. Қан плазмасындағы қандай элемент мөлшерінің төмендеуі жүрек инфаркті ауруының пайда болуына соқтырады?
A) барий B) йод C) стронций D) молибден E) мырыш
19. Адам ағзасына магний жетіспеген жағдайдағы сыртқы көріністері
A) жүректің аритмиясы B) жүректің қысылуы C) көздің бадыраюы
D) балаларда мешелдіктің пайда болуы E) тістің бүлінуі
20. Қанда қандай элемент мөлшерінің азаюы-гипертониялық сырқаттардың пайда болуының көрсеткіші?
A) калий B) стронций C) натрий D) литий E) кальций

Тыныс алу процесі


(107-109 беттер)

1. Жұтылған ауаның құрамындағы қосылыстардың үлестері қандай болады?


A) оттек - 16,3 % B) көмірқышқыл газы - 0,03 % C) азот және т.б. – 79,7 %
D) көмірқышқыл газы - 4 % E) оттек – 20,94 %
2. Фотосинтез процесінің теңдеуі
A) көмірқышқыл газы+су→май+оттек
B) көмірсу+оттек → көмірқышқыл газы+су +энергия
C) көмірқышқыл газы+су→глюкоза+оттек
D) май+оттек → көмірқышқыл газы+су +энергия
E) көмірқышқыл газы+су→нәруыз+оттек
3. Адамға оттек жетіспеген жағдайда энергия да жетіспейді. Адам ағзасындаболатын өзгерістер
A) ұйқы басады B) есте сақтау артады C) жөтеледі
D) ойлау процесі нашарлайды E) жұмыс істеу қабілеті артады
4. Ересек адам минутына неше рет тыныс алады?
A) 20-30 B) 15 C) 40-60 D) 13 E) 18
5. Адам сирек тыныс алады
A) су ішкенде B) жұмыс істегенде C) таза ауада серуендегенде
D) тамақтанғанда E) адам ұйықтағанда
6. Органикалық қосылыстардың оттек әсерінен қарапайым заттарға ыдырау процесі ... деп аталады
A) жану B) фотосинтез C) тотығу D) айырылу E) шіру
7. Жануарлар мен өсімдіктер өрганизміндегі ең маңызды процесс
A) қоректену B) көбею C) өсу D) тыныс алу E) қозғалу
8. Адам тағамсыз қанша уақат өмір сүре алады?
A) бірнеше минут B) екі апта C) екі тәулік D) бес тәулік E) бес апта
9. Кішкентай балалар минутына неше рет тыныс алады?
A) 20-30 B) 15 C) 40-60 D) 13 E) 18
10. Тыныс шығарған ауаның құрамындағы қосылыстардың үлестері қандай болады?
A) оттек - 16,3 % B) көмірқышқыл газы - 0,03 % C) азот және т.б. – 79,03 %
D) көмірқышқыл газы - 4 % E) оттек – 20,94 %
11. Тотығу процесінің теңдеулері
A) көмірқышқыл газы+су→май+оттек B) көмірсу+оттек → көмірқышқыл газы+су +энергия
C) көмірқышқыл газы+су→глюкоза+оттек D) май+оттек → көмірқышқыл газы+су +энергия
E) көмірқышқыл газы+су→нәруыз+оттек
12. Фотосинтез процесі жүреді
A) адамдарда B) құстарда C) өсімдіктерде D) балықтарда E) ауада
13. Адамда тыныс алу жиілейді
A) су ішкенде B) тамақтанғанда C) таза ауада серуендегенде
D) адам ұйықтағанда E) физикалық күш түскенде
14. Адам сусыз қанша уақат өмір сүре алады?
A) бірнеше минут B) екі апта C) екі тәулік D) бес тәулік E) бес апта
15. Ауамен түсетін шаң-тозаңды, зиянды микроорганизмдерді ұстап қалады мұрын қуысындағы
A) кілегейлі қабық B) бұлшық еттер C) майда түктер
D) сүйектер E) танау тесігі
16. Мұрын және ауыз қуыстарында жұтылған ауа
A) құрғатылады B) жылынады C) газдарға жіктеледі
D) суытылады E) ылғалданады
17. Тыныс алу процесіне қатысатын мүшелердің реттілігін көрсет
A) ауыз қуысы, кеңірдек, көмекей, өкпе B) ауыз қуысы, көмекей, өкпе, кеңірдек
C) ауыз қуысы, өкпе, кеңірдек, көмекей D) ауыз қуысы, көмекей, кеңірдек, өкпе
E) өкпе, көмекей, кеңірдек, ауыз қуысы
18. Жас нәресте минутына неше рет тыныс алады?
A) 20-30 B) 15 C) 40-60 D) 13 E) 18
19. Тыныс алу реттеледі
A) ми арқылы B) өкпе арқылы C) жүрек арқылы D) тері арқылы E) қан арқылы
20. Ауа жұтылады
A) өкпемен B) мұрынмен C) ауыз қуысымен D) терімен E) көмеймен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет