Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


КАЛЬЦИЙ КАРБОНАТЫНДАҒЫ КАЛЬЦИЙ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ



бет147/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   271
КАЛЬЦИЙ КАРБОНАТЫНДАҒЫ КАЛЬЦИЙ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР:



  1. Кальций карбонатының тұз қышқылында еру реакциясының теңдеуін жазындар.

  2. Тұнбаны неге 1,5-2 сағатқа қалдырады?

  3. Ерігіштік көбейтіңдісі ережесін пайдаланып, кальций оксалатының (СаС2О4) тұнба түзілу жағдайын көрсетіндер.

  4. Тұнбаны неге аммоний қымыздық қышқылы ерітіндісімен жуады?



ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ



  1. Кальций карбонатын (0,5г) алдымен техникалық сосын аналитикалық таразыда өлшендер – М2, көлемі 300-350мл болатын стаканға салып, 10-15 см3 су құйындар. Ақырындап 3-5см3 концентрлі тұз қышқылын құйындар.

  2. Кальций карбонатын толық ерігенге дейін стаканды ақырындап шайқап отырындар. Егер кальций карбонаты толық ерімей жатса, аздап қыздырындар.

  3. Осы ерітіндіге 100см3 дейін су құйып қайнағанға дейін қыздырып, оған тез 30-40см3 ыстық қымыздық қышқылы ерітіндісін не аммоний оксалатын құйындар (1г қышқыл не тұз 30-40см3 суда ерітіп, қымыздық қышқылын не аммоний оксалатын дайындап алу керек).

  4. Ерітіндіге 2-3 тамшы метилоранж құйындар. Ерітінді қызыл түске боялуы керек. Ерітіндіні шайқап отырып, ақырындап (тамшылатып) аммоний гидроксидін (1:5) ерітінді сары түске боялғанға дейін құйындар. Сонда ерітінді ортасы рН 4-4,5 болады. Бұл тұнба түсіру процесі 10 минуттан аспауы керек.

  5. Ерітіндіні тұнбамен тыныштықта 1,5-2 сағаттай қалдыру керек.

  6. 1,5-2 сағаттан соң (ерітінді суыған соң және мөлдір болғанда) тұнбаны бөліп алу керек, ол үшін тығыз фильтр қағазын қолдану керек. Тұнбаны ерітіндіден толық бөліп алу үшін фильтрлеу әдісін оқулықтардан жақсылап оқыңдар.

  7. Фильтрдегі тұнбаны 1% - аммоний оксалаты ерітіндісімен хлор-ионы толық біткенге дейін жуындар. Хлор-ионының бар-жоғын былай тексереді: воронкадан аққан ерітіндіні пробиркаға жинап (~2см3) 0,5см3 азот қышқылын құйып, оған азот қышқыл күміс ерітіндісін тамызындар. Егер тұнба (AgCl) түзілмесе, онда кальций оксалатының тұнбасы толық жуылды деген қорытынды жасалады.

  8. Фильтрдегі тұнбадан сұйық ерітінді толық ағып біткен соң оны воронкадан ақырындап алып, алдын ала тұрақты салмаққа келтіріліп өлшеп қойған фарфор тигельге салады. Фарфор тигельді бір - екі рет 9000С температурада қыздырып, тұрақты салмаққа келтіріп алу керек. Тигельді плиткаға қойып, тұнбаны ақырындап фильтр қағазымен бірге кептіреді. Егер тұнбаны бірден ыстық муфель пешіне қойса, аммоний оксалаты ыдырап, газ шығады. Бұл газбен бірге тұнбаны жоғалтып алу мүмкіндігі туады. Тигельді муфель пешінің алдыңғы жағына қойып, фильтрді жағады. Фильтр толық жанып біткен соң 9000С муфель пешінде тигельді 20-25 минутқа қалдырындар.

  9. Кальций оксидін эксикаторға қойып, суытындар. Эксикаторға қоймаса кальций оксиді ауадан су мен көмір қышқыл газын өзіне тартып алып, салмағын өзгертеді. Тигель толық суыған соң аналитикалық таразыда тез өлшеп, кальций оксидінің салмағын (М1) табындар.

  10. Кальций мөлшерін былай анықтандар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет