1- тәжірибе. Метанды алу және оның қасиеттерін зерттеу Жұмыс барысы: Бір бөлік сусыз натрий ацетаты мен екі бөлік натронды ізбестің қоспасын фарфор тостағанда араластырып құрғақ пробиркаға салып, аузын газ түтігі бар тығынмен бекітеді де, штативке көлбеу орнатады.
Алдымен пробирканы баяу, ал қоспа салынған жерін қатты қыздырады. Бөлінген метанды су астында жинайды. Метанды екі пробиркаға жинандар.
Метан жақсы жанады. Оны байқау үшін метаны бар пробирканың су астында бармақпен аузын басып тұрып, судан шығарады да спирт шамының жалынына ұстап аузынан тұтатады, метан көкшіл түсті күйесіз жалын шығарып жанады. Метан толық жану үшін пробиркаға шетінен аз - аздап су құю керек, сол кезде пробирка түбіндегі газ біртіндеп жоғары көтеріледі де, жану толық жүреді. Қоспаны қыздыра отырып, газ жүретін түтікшенің ұшын 1мл калий перманганаты құйылған пробиркаға (1-2 тамшы концентрлі күкірт қышқылы құйылған) батырады, сосын газ жүретін түтікшенің ұшын 1мл бром суы құйылған пробиркаға батырады. Бұл ерітінділерден газды 20-30 секундтай өткізеді. Қандай өзгеріс болады? Сосын газ жүретін түтікшенің ұшын жоғары қаратып, газ жүретін түтікшенің ұшында газды жағады.
Пробирка суыған соң бірнеше тамшы концентрлі тұз қышқылын құяды. Неге? Байқаған құбылысты сипаттап, реакция теңдеуін жазыңдар.
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар: 1. Метан суда ери ме? Метанды алу реакциясының теңдеуін жазу керек.
2. Метанның жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар. Жалын түсі қандай? Неге?
3. Метанның түзілу реакциясын жазыңыздар.
4. Неге сусыз натрий ацетаты қолданылады? Натрон ізбесі не үшін қажет?
5. Калий перманганаты және бром суы ерітінділері арқылы метанды өткізгенде ерітінділер түсі қалай өзгереді? Метан қай гомологтық қатарға жатады?
Алкандар тақырыбына есептер мен жаттығулар
1. Изомерия және номенклатура С6Н14 көмірсутектің изомерлерінің структуралық формулаларын жазып,
әр изомерді жүйелік номенклатура бойынша атау керек:
а) қалыпты құрылысты;
б) екі үшіншілік көміртегі атомдары болса;
в) төртіншілік көміртегі атомы болса;
г) бір үшіншілік көміртегі атомы болатын 2 изомер.
1.2. Келесі көмірсутектердің структуралық формулаларын жазу керек:
а) 2,2-диметилгексан; б) 2,3-диметил-3-этилгексан; в) 2,3,4-триметилпентан;
г) 2,5-диметил-3,3-диэтилгексан.