Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Мысал 3. 15% күкірт қышқылының ерітіндісінің ( = 1,10 г/мл) моляльді, нормальдылығын , молярлылығын табу керек. Шешеуі



бет31/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Мысал 3. 15% күкірт қышқылының ерітіндісінің ( = 1,10 г/мл) моляльді, нормальдылығын , молярлылығын табу керек. Шешеуі: 1000г суға санағанда келетін күкірт қышқылының моляльдығын анықтау үшін қажет қышқыл массасы 1000 : 85 = х : 15; х = 176,5 г. Күкірт қышқылының мольдік массасы 98 г/моль, сонда m = 176,5/98 = 1,80моль/кг. Молярлы және нормальды концентрациясын анықтау үшін 1000 мл (яғни 1000  1,1 = 1100г) ерітіндідегі қышқыл массасын табады: 1100 : 100 = у : 15; у = 165 г. Күкірт қышқылының эквивалент массасы 49 г/моль, олай болса, Сн = 165/49 = 3,37 моль/л, См = 165/98 = 1,68 моль /л.
Мысал 4. 42 мл күкірт қышқылын бейтараптау үшін 14 мл 0,3 н. cілті қажет болса, қышқыл ерітіндісінің молярлылығын анықтау керек. Шешуі : заттар өзара эквивалентті мөлшерде әрекеттесетіндіктен , былай жазуға болады: Сн ,қ  Vқ = Сн ,с Vс , мұндағы қышқыл мен сілті концентрациялары мен көлемдері.
Олай болса, Сн ,қ  42 = 14  0,3 ; Сн ,қ = 0,1 н. Қышқылдың эквиваленті
0,5 моль, сонда молярлылығы 0,1  0,5 = 0,05 моль/л болады.
Мысал 5. 100 мл 15% - ті (массасы бойынша) күкірт қышқылын дайындау үшін 96 % - ті (массасы бойынша) ( = 1,84г/мл) қышқылдың қанша көлемін және қанша масса су алу керек? Шешуі: 15% - ті 100 мл қышқылды дайындау үшін қажет массасы 100 мл  1,10 г / мл = 110г.16,5 г күкірт қышқылы бар 96 %-ті ерітінді көлемін табу керек, ол үшін 1мл ерітінді массаы 1,84 г болғандықтан ,онда 1,84  0,96 = 1,77г H2SO4 болады. Олай болса, H2SO4 ерітіндісінің табу керек көлемі 16,5 /1,77 = 9,32мл. Сонымен, 100 мл 15% -ті H2SO4 ерітіндісін дайындау 9,32 мл 96 % -ті ерітінді және 110 – 16,5 = 93,5 г су алады.
Мысал 6. 10% -ті сілті ерітіндісін дайындау үшін 200 мл 30% - ті (масса бойынша) NaOH ерітіндісіне ( = 1,33 г/мл ) қанша су құю керек? Шешуі: 200 мл NaOH ерітіндісінің массасы 200 мл  1,33 г/мл = 266 г, сонда бұл ерітіндіде 266 0,3 = 79,8г 30% - ті NaOH болады. Есеп шарты бойынша бұл масса (79,8г) сұйытылған ерітіндінің жалпы массасының 10% - ін құрайды. Сонда алынған ерітінді массасы (79,8/10) 100 = 798 г болады. Олай болса, алғашқы ерітіндіге 798 – 266 = 532 г су қосу керек.
Мысал 7. 500 мл 3М тұз қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 2М және 6М ерітінділерінің қандай көлемдерін араластыру керек. Араластырған кезде көлемдер өзгерісін есептемеу керек. Шешуі: 500 мл 3М тұз қышқылында 0,53 = 1,5 моль НСІ болады, 6М ерітінді көлемін х деп белгілесе, 2М ерітінді көлемі ( 0,5 – х )л, сонда х л 6М ерітіндіде 6х моль НСІ болады, ал (0,5 – х) л 2М ерітіндіде – 2(0,5 - х) моль НСІ болады.Ерітіндідегі НСІ – дың жалпы мөлшері 1,5 моль болатындықтан, былай жазамыз: 6х + 2( 0,5 - х) = 1,5; х = 0,125 л . Олай болса, қажет ерітіндіні дайындау үшін 125 мл 6М және 375 мл 2М НСІ ерітінділерін алып, араластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет