Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Заттың эквиваленті дегеніміз не? 2.Эквиваленттің молярлық массасы дегеніміз не? 3.Күрделі заттардың (қышқылдар, негіздер, тұздар) және жай заттардың эквиваленттерінің молярлық массасы қалай анықталады? 4.Эквиваленттер заңы қалай оқылады? Математикалық өрнегі қандай? 5. а) 6,02∙102 ацетилен С2Н2 молекулалары; б) 2,00∙1023 азот молекулалары неше моль және қанша грамм болады?
№2 Зертханалық сабақ
Газ тәрізді заттардың молярлық массасын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Газдың молярлық массасын анықтайтын әдістердің бірімен танысу, таразыда өлшеуді үйрену және газ заңдарын қолданып молярлық массаны анықтау.
Реактивтер мен құралдар: Кипп аппараты, технохимиялық таразы, цилиндр (250мл), тығынмен колба (200-250мл), термометр, барометр, тұз қышқылы (1:3), мрамор.
Көміртегінің(ІV) оксидін (СО2) алу үшін Кипп аппаратын жинау керек. Мраморға (СаСО3) тұз қышқылын құйып, СО2 алады.
Зертханалық жұмыс бойынша сұрақтар:
1.Газ тәріздес заттардың молекулалық массаларын анықтау үшін қолданылытын формулаларды жазу керек.
2.Кипп аппаратының құрылысы.
3.Көмір қышқыл газы бөлінгенде жүретін реакция теңдеуі.
4.Кипп аппаратынан бөлінген газды қалай тазалайды?
№2 – сурет. Көміртек оксидін алатын құрал
Алынған көміртегі(ІV) оксидін тұз қышқылынан тазалау үшін, оны натрийдің гидрокарбонаты ерітіндісінен (NaHСО3) өткізеді, сосын концентрлі күкірт қышқылынан өткізіп, құрғатады. Таза және құрғақ колбаны резина тығынымен жауып, белгі қойып, технохимиялық таразыда 0,01г
дәлдікке дейін өлшеңдер, колбаның массасын - m1 жазыңдар. Колбаны көміртегінің (ІV) оксидімен 3-4 мин Кипп аппаратынан жіберіп, толтырыңдар. Колбадан ақырындап газ келген трубканы шығарып, колбаны тығындап, қайта таразыда өлшеу керек - m2. Колбаны СО2-мен бірнеше рет толтырып, бірнеше рет өлшеу керек. Егер m2 кейінгі рет өлшегенде бір-бірінен 0,01г айырмасы болса, өлшеуді аяқтаңдар.
Колбаның көлемін анықтау керек, ол үшін колбаға белгісіне дейін су құйып, сосын цилиндрге құйып, анықтаңдар. Тәжірибе температурасын анықтап tтәжірибе 0С, оны абсолют температураға аудару керек. Т0К = 273 + tтәжірибе.
Барометр арқылы атмосфера қысымын анықтау керек, Р,кПа.
P, V, T белгілі болғандықтан, Менделеев-Клапейрон теңдеуі бойынша ауаның колбадағы массасын анықтау керек – mауа.
mауа = Mауа ∙pV/RT = 29∙ pV/RT
Колбадағы көміртегі (ІV) оксидінің көлемін қалыпты жағдайға(қ.ж.) мына теңдеу бойынша аударады: V0Р0/Т0 = VР/Т; V0 = VРТ0/Р0Т
Т- температура 0К; V0 Т= 273К және р0 = 101,3кПа болғандағы көлем. СО2 молярлық массасын есептеңдер:
1)СО2 ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы арқылы:
М(СО2) = (mСО2∙29)/mауа;
2)Газдың молярлық көлемі бойынша:
М(СО2) = (mСО2∙22,4)/ V0
3)Менделеев-Клапейрон теңдеуі бойынша:
М(СО2) = (mСО2∙RT)/pV
Осы табылған молярлық массалар бойынша орташа молярлық массаны есептеңдер (Мтәжірибе).
Теориялық молярлық массасымен салыстырып, салыстырмалы қатені есептеңдер:
% қате = ((Мтеор – Мтәж)/Мтеор) ∙100.
Кипп аппаратында жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар:
1)HCl + CaCO3 →
2)NaHCO3 + … →
3)H2SO4 + … →
Достарыңызбен бөлісу: |