«Химия» пәнінен -тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары сынып 1



бет2/2
Дата25.12.2023
өлшемі51,39 Kb.
#143255
1   2
Байланысты:
№2 ТЖБ

6. Сутегі – ХХІ ғасырдың отыны. Оны суды айыру арқылы зертханада алуға болады. 4 г сутегін алу үшін қажет судың массасы мен зат мөлшерін анықтаңыз. [2]
7. Берілген эндотермиялық және экзотермиялық реакцияға байланысты тұжырымдардың бос орындарын қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Найзағай кезінде озонның түзілуінде энергия __________. Табиғи газ жанғанда энергия ________. Жылу бөле жүретін реакцияларда кинетикалық энергия ________. _____________ рeaкцияда температура төмендейді. Экзотермиялық реакцияда зат бөлшектері ______ жылдамдықпен қозғалады.
Қажетті сөздер: эндотермиялық, жоғарылайды, жоғары, бөлінеді, сіңіріледі. [2]


8. Сутегі – ең кең тараған элемент, тіпті Күн массасының 75%-н құрайды.
a) Сутектің қолданылу салаларына екі мысал келтіріңіз:
1)____________________________________________________________
2)____________________________________________________________ [1]
b) Төменде берілген айналымдарды іске асыруға мүмкін реакция теңдеулерін жазыңыз.
1 2
С → H2 → NH3
3
NaH
1)______________________________________________________
2)______________________________________________________
3)______________________________________________________ [3]
9. Оттегі адамдардың есте сақтау, назар аудару және физикалық қасиеттерін арттырады. Организмге түскен оттектің 20%-ы мидың жұмысына жұмсалады. Оттегінің химиялық белсенділігі де жоғары.
а) Оттектің берілген заттармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңыз:
1) Al
2) Са
______________________________________________________________________________[2]

b) Оттектің қолданылатын салаларын анықтаңыз.


A) метил спиртін алуда
B) тұз қышқылын алуда
C) су астында тыныс алуға
D) мұнай өнімдерін өңдеуде
E) қатты майларды алуда [1]

с) Оттекті күрделі заттарды қыздырып, айыру арқылы алады. Өршіткі марганец (ІV) оксидінің қатысында сутек пероксиді (Н2О2) шабытты реакцияға түсіп, оттек газын түзеді. Реакция теңдеуін жазыңыз. [1]


10. Адам тіршілігінің нәтижесінде озон қабаты жұқарады. Озон қабатының жұқаруына суретте көрсетілген факторлар әсер етеді.



https://www.syl.ru/article/188050/new_chto-takoe-ozonovyiy-sloy-zemli-problemyi-ozonovogo-sloya

а) Осы факторлардың біреуінің озон қабатына қалай әсер ететінін жазыңыз.


_______________________________________________________________ [1]

b) Озон қабатының жұқаруының бір салдарын көрсетіңіз.


_____________________________________________________________ [1]
11. CaCO3 → CaO + CO2 реакциясында энергия өзгереді.
а) Жылудың бөлінуі немесе сіңірілуіне байланысты реакцияның типін анықтаңыз.
______________________________________________________________ [1]
b) Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз. [1]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет