«Химия» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып


В «Ауыспалы металдар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет24/27
Дата14.03.2023
өлшемі0,94 Mb.
#74103
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
«Õèìèÿ» ï?í³íåí æèûíòû? áà?àëàó?à àðíàë?àí ?ä³ñòåìåë³ê ?ñûíûñòàð

11.4В «Ауыспалы металдар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты

11.2.1.22 Ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу
11.2.1.23 Атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру
11.2.2.4 Орынбасу реакциялары теңдеулері бойынша есептер шығару
11.2.2.24 Комплексті қосылыстардың құрылысын
сипаттау
11.2.1.26 Ауыспалы металдардың кешенді
қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы


  • Ауыспалы металдардың айнымалы тотығу дәрежесі көрсететінін сипаттайды

  • Атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық

қасиеттерін сипаттайды

  • Лигандалық орынбасу реакциялары теңдеулерін жазады

  • Комплексті қосылыстардың құрылысын сипаттап және кескінін (эскизі) салады

  • Ауыспалы металдардың кешенді қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындалу уақыты 25 минут

Тапсырмалар



  1. (a) (і) Ауыспалы металдар түсінің өзгеруіне әсер ететін екі фактор ұсыныңыз:

(іі) Берілген кестені толтырыңыз:

Тотығу дәрежесі

Түрлері

Түстері

Оксидінің қасиеті

Cr +6

Cr2O72-

қызыл -сары

қышқылдық

Cr +3

Cr3+ [Cr(H2O)6]3+



Cr +2

Cr2+ [Cr(H2O)6]2+



Fe+3

Fe3+ [Fe(H2O)6]3+



Fe+2

Fe2+ [Fe(H2O)6]2+




  1. (a) (і) Кестеден ауыспалы металдар мен сілтілік металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін салыстырыңыз.


Қасиеттері

Сілтілік металдар

Ауыспалы металдар

Тығыздығы



Балқу температурасы



Электр және жылу
өткізгіштігі



Қосылыстарының түсі



Сумен әрекеттесуі



Қышқылмен әрекеттесуі



(іі) Ауыспалы металдармен сілтілік металдардың химиялық қасиетіндегі айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.

    1. Аналитикалық талдау қорытындысы бойынша ауыспалы металдардың қандай иондарына төмендегі мәліметтер сәйкес келетіндігін көрсетіңіз: Cr3+, Cu2+, Ni2+

      1. Ерітіндісінің түсі жасыл. Аммиак ерітіндісін қосқанда жасыл тұнба түзеді, артық мөлшердегі аммиакта тұнба еріп, қанық көк түсті ерітінді түзеді.

      2. Ерітіндісінің түсі көгілдір. Аммиак ерітіндісін қосқанда көк тұнба түзеді, артық мөлшердегі аммиакта тұнба еріп, қанық көк түсті ерітінді түзеді.

(iii)Қанық көк түсті ерітіндісін натрий гидроксиді ерітіндісімен өңдегенде сұржасыл тұнба түзеді, натрий гидроксидінің артық мөлшерін қосқанда тұнба еріп, қанық жасыл ерітінді түзеді.

  1. (a) Лигандалардың орынбасу реакциялары бойынша жүретін химиялық реакция теңдеулерін аяқтаңыз:

[Co(H2O)6]2+ + 4Cl- ………… + ………….
[Cr(H2O)6]2+ +3OH- ………… + ………….
[Cu(H2O)6]2+ + 4NH3 ………… + …………. + …….

    1. Массасы 3,92 г хромның (ІІІ) сульфатына 2 г калий гидроксиді қосылды. Жүзеге асатын өзгерістің қысқартылған иондық теңдеуі берілген:

[Cr(H2O)6]2+ + 3 ОН - ⇌ [Cr(H2O)6]3+ + 2О
Реакция нәтижесінде түзілген тұнба толығымен еріп кетуі үшін, қанша грамм калий гидроксидін қосу қажет екенін есептеңіз.

    1. Диаграммада берілген комплексті қосылыстың құрылысын сипаттаңыз. Көп нүктенің орнына тиісті терминдерді жазыңыз.


4.

    1. Комплексті қосылыстар үшін төменде берілген кестені толтырыңыз:


5. (a) Түсті қосылыстардың түзілуі – бұл ауыспалы металдардың керемет қасиеттері. Мыс (II) карбонатының азғантай мөлшеріне сұйылтылған тұз қышқылы қосылды. Теңестірілген реакция теңдеуін жазып көрсетіп және жүретін өзгерістерді сипаттаңыз.
(b) Осыдан кейін сұйытылған аммиак ерітіндісі артық мөлшерде қосылды. Келесі өзгерістерді жазып көрсетіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет