Өрмекші жібегі – ол табиғи полимер, өзінің салмағы үшін ерекше беріктігі бар. Кевлар – өрмекші жібегіне ұқсас қасиетте әзірленген жасанды полимер. Кевлар өте берік, тығыздығы аз материал болғандықтан, бронькеудшелер тігуге, сондай-ақ спорттық бұйымдардың бөлшектерін жасауға қолданылады.
Кевларда полимерлі жіптер бір-бірімен сызықтық берік байланыс түзеді. Кевлар құрамында талшығы парафенилдиамин мен терефталь қышқылы болады.
(і) Бұл реакция полимерленудің қандай түріне жатады?
(іі) Кевлар полимерін жасау үшін қажет екі мономер молекуласын салыңыз.
Көрсетілген екі мономердің полимерленуінен пайда болған полимер - бұл терилен деген атаумен белгілі.
(і) Екі мономер конденсация полимеризациясы арқылы реакцияға түседі. Бұл реакцияда тағы қандай молекула түзіледі
(іі) Териленнің қайталанатын бірлігінің құрылымын салыңыз.
(ііі) Жоғарыдағы полимерді қолдану неліктен экологиялық тұрғыдан тиімді болып табылады?
Синтетикалық полимерлер, біздің тіршілігімізге үлкен өзгерістер енгізді, бірақ оларды қолдану бірқатар қиындықтарға душар етті. Полимер материалдарының қалдықтарын шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: өндіріс қалдықтары және тұтыну қалдықтары.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың едәуір бөлігі полигондарда жойылады. Бұл жерде туындайтын проблемаларды көрсетіңіз.
Полимер қалдықтарын кәдеге асыру мәселелерін қалай шешуге болады? Өз пікіріңізді түсіндіріңіз.