Химия пәнінен қолданбалы курс оқушылардың шығармашылық –ойлау қабілеттері мен іздемпаздығының дамыту қҰралы



Pdf көрінісі
Дата07.04.2017
өлшемі322,23 Kb.
#11255

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС ОҚУШЫЛАРДЫҢ 



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ –ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІ МЕН 

ІЗДЕМПАЗДЫҒЫНЫҢ  ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ 

 

Тӛлеген Гүлшат 

Астана қаласы, №64 мектеп-лицейі химия пәні мұғалімі 

 

Оқушының  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғасын  қалыптастыру  –  барлық 



педагогикалық  ұжымдардың  бірігуін  талап  етеді.  Жеке  тұлғаға  бағытталған 

сабақ-  оқушылардың  тұлғалық  ерекшеліктері  ашылатын,  қасиеттері 

қалыптасатын,  мүмкіндіктері  жүзеге    асырылатын  оқыту  жағдаяты.  Әр 

оқушының  болмысы  арқылы  дамытушылық  ойлау,  ӛзбетінше  шешім 

қабылдау қабілеті қалыптасуы тиіс. 

Жалпы  білім  беретін  мектептерде  сабақ  ӛткізу  барысында  оқу-тәрбие 

процесінің  патриоттық  тәрбиеге  қатысты  бӛлігін  арттыруға  байланысты 

шаралар  қарастырылуы  керек.  Олар  :  отан  сүйгіштікке,  тӛзімділікке, 

азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге бағытталуы қажет. 

Мектеп  пәнінің  құралдары  әрбір  сабақта  оқушының  бойында 

шығармашылық  ойлауды  «  дербестікті»,  бастамшылықты  дамытатын  оқу 

жағдайларын жасауы тиіс. 

Уақыт  талабы  оқыту  технологияларын  жаңартуды  талап  етуде.  Оқу-

тәрбие  процесінің  тиімділігі  педагогикалық  мамандардың  шығармашылық 

бастамасына тығыз байланысты.Жеке тұлға қалыптастыруда жаңа оқытудың 

әдіс-  тәсілдерін  іздестіру  пәндік  білім  саласында  игерілетін  білімдерімен 

анықталады.Мұғалім  қазіргі  заман  технологияларын  игенру  мәселесіне 

кӛбірек кӛңіл бӛлуі қажет. 

Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық 

білім  беру  реформасы  бағыттарының  жалпы  орта  білім  берудің  жоғарғы 

деңгейіндегі  бейінді  оқыту  жатады.  Бұл  процестің  нормативтік  жақтары 

жалпы  орта  білім  берудің  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандартында 

кӛрсетілген. 

Бейінді  оқыту  жалпы  орта    білім  берудің  жалпы  орта  білім  беру 

деңгейіндегі  оқытуды  саралау    жүйесі  ретінде  қарастырылады.  Бейінді 

оқытуды  жоғары  сыныптар  екі  бағыт  бойынша  оқитын  болады:  қоғамдық-

гуманитарлық  және  жаратылыстану-математикалық  бағыт.Мектеп  бұл  екі 

бағыттың  бірін немесе екеуін де оқушылардың қажеттілігі  мен олардың ата-

аналарының сұранысын ескере отырып таңдап бағыттары бойынша физика-

техникалық , экономика- математикалық бағыт. 

«Химия оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасының жалпы орта білім 

беруге арналған базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентерінің бірі 

болып  саналады.  Базистік  оқу  жоспарындағы  химия  пәнінің  мақсатын, 

нәтижелерді    бағалау  ӛлшемін,  олардың  сипаттамаларын  тұрақтандыруды 

анықтаудың нормативтік базасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 


«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

министрінің  24.09.2002  ж.  №  693  бұйрығымен  бекітілген  мемлекеттік 



жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарттары болып табылады. 

Қазіргі  кезде  оқушыларды  химиялық  әзірлеудің  жоғарғы  деңгейіне  қол 

жеткізу  үшін  химиялық  білім  беруді  дамытуда  айқындалған  жалпыәлемдік 

тенденцияларға  яғни  химиялық  білім  берудің  мазмұнын  экологияландыру, 

басқа  жаратылыстану  ғылымдарымен  кіріктіру  және  оқытудың  жаңа 

әдістерін қолдануға барынша сүйену қажет . 

Білім  беруді  қазіргі  кезеңге  сәйкес  ӛзгерту  әрбір  оқушыға  белгілі  бір 

білім жиынтығын меңгертуге ғана бағытталмай, сонымен бірге жеке адамның 

танымдық және жасампаздық қабілеттерін дамытуды ойластыруы тиіс. 

Әрбір  оқушының  қызығушылығы  мен  қабілетін  ескеру,  оқытудың  іс-

әрекеттік  мәнділігін  арттыру,  саралап  оқыту,  білімнің  практикалық 

бағытталуын  күшейту,  оқу  материалдарының  мазмұнын  оқушының  ӛмір 

тәжірибесіне  жақындату,  оның  ӛз  бетінше  оқу  және  ізденушілк  қызметін 

кеңейтетін  жағдайлар  туғызу  білім  сапасын  арттырудың  пәрменді  тәсілдері 

болып  саналады.  Химия  пәнінің  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқушылардың 

практикалық  және  эксперименталдық  қызметіне  кӛп  кӛңіл  бӛлгені  жӛн. 

Осыдан  оқушының  ӛзіндік  танымдық  қабілеті  артып,  практикалық 

дағдылары қалыптасады, оқуға құлшынысы артады.  

Қазіргі  кезде  оқу  процесін  ұтымды  ұйымдастыру  технологияны 

пайдалану  арқылы ғана  жүзеге  асады,  яғни  оқу  процесін  жобалау  керек.  Іс-

әрекеттік-құзыреттілк  әдіс  арқылы  оқытуды  ұйымдастыруда  оқушылардың 

ӛзіндік таынмдық қызметін артыратын педагогикалық технологияларды кӛп 

қолдану қажет. Мұғалім оларды таңдауда мына критерийлерді : оқу пәнінің 

ерекшеліктерін,  оқушының  даму  деңгейін  және  жас  ерекшеліктерін,  ӛз 

бетінше оқу деңгейін ескеруі тиіс. 

Химядан  оқу  бағдарламасын  іске  асыру  қосымша  әдістемелік  оқу 

құралдары,  химиялық  препараттар  мен  химиялық  реактивтер,  арнайы 

құралдар  мен  кӛрнекі  және  зертханалық  құралдар,  баспа  материалдар, 

электрондық  оқулық,  диа-  және  видеофильмдері  және  видеофрагменттер, 

ақпараттық  және  техникалық  оқу  құралдары  бар  арнайы  жабдықталған  оқу 

кабинеттерінде жүргізуі тиіс. 

Мен  10  (ЖМБ)  химия  пәнінен  "Химия  есептерін  шығару  әдістері" 

қолданбалы  курсын  сіздерге  ұсынбақшымын.      Осы  бағдарлама  бойынша  

сабақ  жүргізудемін.  Қолданбалы  курстың  ерекшелігі  оқушылар  күнделікті 

сабақ  жоспарынан  тыс  тың  материалдарды  кӛп  ізденеді.  Ӛзін-ӛзі  дамыта 

біледі. 


-  Химиялық  есептерді  шығару  әдісіне  арналған  .  Мұнда  химиялық 

экспериментке сүйенген есептер курс мазмұнын  тереңдете түседі. 



Қолданбалы курсқа қойылатын талаптар : 

-

 



 

-

 



курстар санының таңдауға лайық мейлінше кӛп болуы; 

-

 



вариативтілігі,  әр  оқу  жылында  ғылым  мен  техниканың  жетістігін 

ескере отырып,  курстарды жаңарта білу; 



«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

-



 

қысқа  мерзімділігі,  яғни  оқушылар  бір  оқу  жылында  бірнеше  

элективті  курстарды  таңдауға  мүмкіндігі  болады.  Әр  тоқсанға  арналған 

элективті курстар болса ӛте ыңғайлы болады; 

-

 

мазмұнының  ӛзіндігі,  химия  пәнінің  ерекшелігін  және  химияға  тән 



танымдық  әрекетерді(эксперимент,  модельдеу,  т.б.  )  кӛрсету.  Мектеп 

курсының  мазмұнын  қайталауға  болмайды.  немесе  жоғарғы  оқу 

орындарында ӛтілетін бірінші курс бағдарламасын қарастыру қажетсіз; 

-

 



білім стандарттарынан ӛзгешелігі; 

-

 



курсты ұйымдастыруда әрекеттік тәсілді қолдану; 

-

 



курсты  оқытуда  белсенді  оқу  әдістерін,  жаңа  ақпараттық 

технологияларды қолдану шеберлігін кеңейту. 

Бейіндік  оқыту  сыныптарында  (10-11-сыныптар)  қосымша  мынандай 

талаптарды ескерген жӛн: 

-

 

оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын арттыру; 



-

 

бейіндік деңгейде химияны меңгеруге дайындау; 



-

 

оқыту барысында химиядан практикалық біліктілігін қалыптастыру 



және дамыту. 

Элективті курстардың жіктелуі. 

 

-



 

пәнге бағытталған; 

-

 

пәнаралық; 



-

 

қолданбалы. 



Пәнге бағытталған элективті курстар. 

Олардың  мақсаты  –  оқу  жоспарына  кіретін  базалық  пәндер  бойынша 

білімді  тереңірек  және  ауқымды  меңгерту.  Бұл  курстарды  былай  топтауға 

болады:  

-

 

Химияны  терең  меңгертуге  бағытталған  жоғарғы  деңгейдегі 



курстар.  Мысалы,  "комплексті  қосылыстар"  ,  "Ерітінділер  теориясы", 

"Биогенді  элементтер",  "Ғылыми-зерттеу  жұмысын  ұйымдастыру",  "Судың 

қасиеттері",  "Компьютерлік  моделдеу"  Тоығу-тотықсыздану  реакциялары" 

т.б. 


-

 

Қоғамдық  –  гуманитарлық  бағытта  оқитын  оқушылар  үшін  немесе 



химия тереңдетіп оқылатын мектеп оқушыларына арналған бірыңғай ұлттық 

тестке дайындық мақсатында енетін элективті курстар. 



Пәнаралық элективті курстар. 

Олардың мақсаты – табиғат пен қоғам туралы білімдерді интеграциялау, 

дүниенің  біртұтас  бейнесін  қалыптастыру.  Мысалы  :  "Тірі  организмдегі  

химиялық  элементтер",  "  Биохимияға  кіріспе",  "  Химия  және  денсаулық" 

және т.б. 

  Қолданбалы элективті курстар. 

Олардың  мақсаты  –  химия  пәнінің  теориялық  негіздерін  қолданбалы 

сипатта пайдалануын мектеп оқушыларына кеңірек және ашық  кӛрсетіп, сол 

арқылы  олардың  білімдерін  қалыптастыру.  Мысалы  :  "Қазақстанның  химия 

ӛнеркәсібінің  дамуы",  "  Химия  және  қоғам",  "Ғарыш  химиясы",  "  Химия 



«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

және  медицина",  "  Химия  және  тағам"  т.б.  оқушылардың  қызығушылығын 



тудырады. 

Мысал ретінде: 



Сан есептерін шығару әдістемесі 

Сан есептерін оқыту, тәрбиелік маңызы: 

1.

 

Сан  есептері  арқылы  жаңа  білім  алынады,  білім  нығайтылып, 



жетілдіріліп қолданылады. 

2.

 



Тәрбиелік  маңызы:  Заттар  мен  құбылыстардың  арасындағы  сандық 

қатынастар  жүзеге  асады.  Оқушынының  диалетикалық  және  материалистік 

кӛзқарасын дамыту. Еңбексүйгіштікті мақсатқа жетуде табандылықты, ӛзінің 

жауапкершілігін арттырады. 

          Дамытушылық мақсаты: ӛте терең сан есептерінің үлесі ӛте кең. 

1)

 



Есеп  шығару  барысын  түсіну,  талқылау,  ой  елегінен  ӛткізіп 

тұжырым жасау. 

2)

 

Салыстыру, талдау, жинақтау. 



Жалпыдан  жекеге,  жекеден  жалпыға  ауысып  ойлау  арқылы  оқушының 

ақыл-ойы дамиды. Интелектуалдық ақыл -  ойы қалыптасады. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет