Химия рк сұрақтары



бет14/30
Дата25.11.2023
өлшемі3,33 Mb.
#127822
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
хим рк 101а

Фронтальды тәсіл. Егер зерттелетін қоспаны хроматографиялық жүйе орналасқан бағанаға үздіксіз енгізіп отырса, онда бірінші болып таза күйінде ең әлсіз адсорбцияланатын зат бөлініп шығады. Міне осылай қоспадағы заттардың хроматографиялық жүйемен әсерлесу нәтижесінде әртүрлі мерзімде бөлініп шығуы фронтальды хроматография негізін құрайды.



  1. Эльюентті тәсіл. Колонка- бағанаға бірнеше компоненті бар талданатын ерітіндінің сыбағасын бөлігін енгізеді. Төменгі бөлікте нашар сорбцияланатын компонент болады.

Ығыстырып шығару тәсілі. Бағанаға бірнеше компоненті бар талданатын ерітіндінің аликвотты бөлігін енгізеді, содан оң сорбциялануы жақсы компоненттің көмегімен нашар сорбцияланатынын ығыстырып шығарады. Бірінен кейін бірі шайылатын екі компонеттің шығуынан, осы екі компонент те болатын аймақ пайда болады.

  1. Эльюентті тәсілде эльюент ретінде электролиттер ерітіндісін қолданады. Таза түрдегі компоненттерді алу үшін эльюирлеуді жиі қышқыл ерітіндісімен немесе концентриялары біртіндеп өсетін басқа затпен жүргізеді. Кейбір заңдылықтар бар болғанымен ионитке тартқыштық тәжірибеде барлық иондарда әртүрлі.

Мысалы, валенттілігі үлкен катиондар кішілеріне қарағанда жақсырақ сорбцияланады. Бірдей валентті иондардың сорбциялануының жуықталған заңдылығын мына сорбциялық қатардың бірізділігімен көрсетуге болады.
Cs+ > Rb+ > K+ > NH4 + > Na+ ; Ba2+ > Sr2+ > Ca2+ > Mg2+ ;
Zn2+ > Cu2+ > Ni2+ > Co2+
Хроматография әдісінің жіктелуі.
Қоспаны ажыратып, анықтау барысында хроматографиялық жүйенің агрегаттық күйіне қарай газды, сұйқты және газ- сұйықты хроматография деп бөлінеді.
Қоспалардың ажырау байыбына қарай- адсорбциялық, таралу, ион алмасу, тұндыру, тотығу- тотықсыздану, гель- хроматографиясы, адсорбциялық- комплекс түзілу хроматографиясы деп бөлінеді.
Хроматографиялық іс- амалды жүзеге асыру түріне қарай- бағаналы, түтікшелі, жұқа қабатты, қағазды хроматография болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет