Химия рк сұрақтары



Pdf көрінісі
бет17/37
Дата04.11.2023
өлшемі3,12 Mb.
#121854
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
хим рк 101а

Эльюентті тәсіл. 
Колонка- бағанаға бірнеше компоненті бар 
талданатын ерітіндінің сыбағасын бөлігін енгізеді. Төменгі бөлікте 
нашар сорбцияланатын компонент болады. 
Ығыстырып шығару тәсілі. Бағанаға бірнеше компоненті бар 
талданатын ерітіндінің аликвотты бөлігін енгізеді, содан оң 
сорбциялануы жақсы компоненттің көмегімен нашар 
сорбцияланатынын ығыстырып шығарады. Бірінен кейін бірі 
шайылатын екі компонеттің шығуынан, осы екі компонент те болатын 
аймақ пайда болады. 
3.
Эльюентті тәсілде 
эльюент ретінде электролиттер ерітіндісін
қолданады. Таза түрдегі компоненттерді алу үшін эльюирлеуді жиі 
қышқыл ерітіндісімен немесе концентриялары біртіндеп өсетін басқа 
затпен жүргізеді. Кейбір заңдылықтар бар болғанымен ионитке 
тартқыштық тәжірибеде барлық иондарда әртүрлі. 
Мысалы, валенттілігі үлкен катиондар кішілеріне қарағанда жақсырақ 
сорбцияланады. Бірдей валентті иондардың сорбциялануының 
жуықталған заңдылығын мына сорбциялық қатардың бірізділігімен 
көрсетуге болады. 
Cs+ > Rb+ > K+ > NH4 + > Na+ ; Ba2+ > Sr2+ > Ca2+ > Mg2+ ; 
Zn2+ > Cu2+ > Ni2+ > Co2+ 
Хроматография әдісінің жіктелуі. 


Қоспаны ажыратып, анықтау барысында хроматографиялық жүйенің 
агрегаттық күйіне қарай газды, сұйқты және газ- сұйықты хроматография деп 
бөлінеді. 
Қоспалардың ажырау байыбына қарай- адсорбциялық, таралу, ион алмасу, 
тұндыру, тотығу- тотықсыздану, гель- хроматографиясы, адсорбциялық- 
комплекс түзілу хроматографиясы деп бөлінеді. 
Хроматографиялық іс- амалды жүзеге асыру түріне қарай- бағаналы, 
түтікшелі, жұқа қабатты, қағазды хроматография болып бөлінеді. 
 Ион алмасу хроматографиясы. 
Хроматографияның бұл түрі талданатын ерітіндідегі иондарды адсорбенттің 
құрамына кіретін иондарға қайтымды алмастыруға негізделген. Өз иондарын 
жылжымалы фаза иондарына алмастыра алатын мұндай сорбенттерді 
иониттер немесе ион алмастырғыштар деп атайды, олар өздерінің арналуына 
сәйкес катиониттерге және аниониттерге бөлінеді. Талданатын ерітінді 
иондарының алмастыру қабілеті әр түрлі болуына байланысты 
хроматограммалар түзілуі жүзеге асады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет