– диализ тәсілін пайдаланады. Диализ кезінде кіші молекулалар мембранадан
өтіп, ал дисперстік бөлшектер одан өтпей сүзіледі. Көбінесе, диализ үшін
целлюлоза нитраты ерітіндісінен алынған мембраналарды қолданады.
Дисперсті жүйелердің тиімді тазарту әдісі – мембраналық бөлу. Дисперстік
фаза бөлшектерінің өлшемі мен физика-химиялық қасиеттерінде
айырмашылықтар болуы мүмкін, сондықтан оларды бөлу үшін әртүрлі
мембраналық тәсілдерді пайдаланады. Өлшемдері 0,1-10 мкм ірі бөлшектерді
(бактерияларды, коллоидтық бөлшектерді, эмульсиялардағы тамшыларды)
бөлу үшін микросүзуді қолданады. Кеуекті мембраналар (кеуектердің
өлшемдері 0,05-10 мкм) арқылы тазартылатын ерітіндіге аз қысымда (200
кПа) әсер көрсетіледі. Ұсақ бөлшектердің (1-500 нм) дисперсияларын
ультрасүзу арқылы тазартады. Кеуекті мембраналар (1-100 нм) арқылы
тазартылатын ерітіндіге қатысты қозғаушы күш қызметін 100 кПа-1МПа
қысымы атқарады. Ультрасүзудің объектілері – суда еріген полимерлердің
молекулалары, сонымен қатар фармацевтикалық заттар. Қарастырылған
үрдістерге қысым тән болғандықтан, оларды баромембраналық әдістер деп
атайды. Баромембраналық әдістерге кері осмос үрдісі де жатады, оны теңіз
суларын тұзсыздандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен электрдиализді
де қолданады, мұнда қозғаушы күш ретінде электр өрісінің градиенті
алынады. Көптеген мембраналар келтірілген жіктелуге сай келмейді. Диализ
процестері сыртқы қысымсыз концентрация градиенті әсерінен жүреді.
Бөлінетін орталар мен материалдың табиғатына қарай кеуекті және кеуексіз
мембраналар қолданылады.
28.
Достарыңызбен бөлісу: