«Химиядан әртүрлі қиындығы жоғары есептерді шығарту» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасы Орал,2012 жыл


Құрастырушы: Закирова Ш. Г. Ә.Молдағұлова атындағы № 38мектеп- лицейінің химия пәнінің мұғалімі Рецензенттер



бет2/13
Дата06.01.2022
өлшемі39,38 Kb.
#11456
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Құрастырушы: Закирова Ш. Г. Ә.Молдағұлова атындағы № 38мектеп-

лицейінің химия пәнінің мұғалімі



Рецензенттер: Дарибаева Т.О.- Облыстық әдістемелік кабинет әдіскері,

жоғары санатты хмия пәнінің мұғалімі

Тулегенова А.С.-№34МГ-ның жоғары санатты химия пәнінің

мұғалімі


Ұсынылып отырған қолданбалы курс жаратылыстану-математика бағытының химия-биология бағдарының 10сыныбына арналған. Оқу бағдарламасы бойынша жаратылыстану-математика бағытының 10 сыныбында бейорганикалық химия бөлімі оқытылатындықтан, сол бөлімге сәйкес қолданбалы курс мазмұны құрастырылып, алынған. Бұл курс бейорганикалық химияның теориялық тақырыптарын терең меңгеруде, оқушылардың әртүрлі тәсілдермен сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіріп, дамытуда көмекші қызмет атқарады. Бағдарлама мазмұнын құруда оқушылардың 8-9 сыныпта алған негізгі тірек білімдері ескеріліп, сол алған білімдерін 10 сыныпта берілетін химиядағы түрлі тақырыптар бойынша тереңдетіп, кеңейту бағытындағы сандық есептер шығаруға арналған.


Түсінік хат
Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын ЖОО-на түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан. Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-на түсуге үміткер абитуриенттерге және студенттерге типтік есептерді көптеп шығарту қолға алынуда.

Есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыра алатын тамаша әдіс. Есептер шығару арқылы адамның олау, есте сақтау, сөйлей алу қабілеттерін дамытуға болады, химиялық заңдар мен құбылыстарды түсінуге, дүниетанымдылыққа қалыптастырамыз. Балалар есептер шығару арқылы еңбектенуге тәрбиеленеді және политехникалық дайындықтан өтеді.

Күрделі есептерді шығаруда химияның теориялық курсын жақсы білу жеткіліксіз, егер де есеп шығару дағдылары қалыптаспаса.Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген.Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады.Сондықтан да, қиындық деңгейлері қарапайым типтік есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет.

Бұл курс жаратылыстану-математика бағытының химия-биология бағдарының 10 сыныбына арналған. Оқу бағдарламасы бойынша жаратылыстану-математика бағытының 10 сыныбында бейорганикалық химия бөлімі оқытылатындықтан, сол бөлімге сәйкес қолданбалы курс мазмұны құрастырылып, алынып отыр. Бұл курс бейорганикалық химияның теориялық тақырыптарын терең меңгеруде, оқушылардың әртүрлі тәсілдермен сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіріп, дамытуда маңызды. Бағдарлама мазмұнын құруда оқушылардың 8-9 сыныпта алған негізгі тірек білімдері ескеріліп, сол алған білімдерін 10 сыныпта берілетін химиядағы түрлі тақырыптар бойынша тереңдетіп, кеңейту бағытындағы сандық есептер шығаруға арналды. Қарапайым есептерден күрделі есептер шығару арқылы, дағдылары қалыптасқаннан соң күрделі (олимпиадалық) есептер шығару бағытына қарай ауысып, білімдерін тереңдету мақсаты қойылып отыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет