Есеп №3. Химиялық реакциялар
3.1
|
3.2
|
3.3
|
3.4
|
3.5
|
Жалпы
|
2
|
4
|
4
|
4
|
6
|
20
|
|
|
|
|
|
|
Келесі реакция теңдеулерін (қажет болса) аяқтаңыз жəне коэффициенттерді жазыңыз.
№3-5 реакцияларды теңестіру жолын міндетті түрде көрсетіңіз. Реакция №1.
Реакция №2. Реакция №3: Реакция №4.
𝐼 2 + 𝑁𝑎 2𝑆 2𝑂 3 = ⋯ + 𝑁𝑎 2𝑆 #𝑂 $
𝑁𝑎𝐵𝑟 + 𝑁𝑎𝐵𝑟𝑂 3 + 𝐻 2𝑆𝑂 # = ⋯ + ⋯ + ⋯
𝐾𝐶𝑟𝑂 2 + 𝐶𝑙 2 + 𝐾𝑂𝐻 = 𝐾 2𝐶𝑟𝑂 # + ⋯ + ⋯
CrC𝑙3 + KN𝑂3 + 𝐾2C𝑂3 = 𝐾2Cr𝑂# + KN𝑂2 + C𝑂2 + KCl
Реакция №5. Ескертпе: 𝐶 %𝐻 &9𝑁 – кең тараған органикалық негіз (диизопропилэтиламин). 𝑁 2 диизопропилэтиламиннің тотығу өнімі болып табылады.
𝐶 %𝐻 &9N + HN𝑂 3 = C𝑂 2 + 𝐻 2O + N𝑂 2 + 𝑁 2
Есеп №4. Бишофит
4.1
|
4.2
|
4.3
|
Жалпы
|
8
|
4
|
12
|
24
|
|
|
|
|
Сулы магний хлориді ерітіндісін дайындалатын бишофит минералы бетон өндірісінде, құрылыста, медицинада жəне ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Қазақстан территориясында бишофиттің кейбір жер асты қабаттары табылған. Бұл минерал құрамында əртүрлі қоспалар аз мөлшерде кездесетін магний хлориді гексагидраты
𝑀𝑔𝐶𝑙 2 ⋅ 6𝐻 2𝑂 болып табылады.
Жас Химик жұмыс істеген ғылыми орталыққа бишофит үлгісі сараптамаға əкелінді. Жас Химик интернеттен қарап отырып, магний хлоридінің кристалгидратын қыздыру арқылы А затын алу реакциясын көрсететін видеоны көріп қалды. Жас Химик əкелінген бишофит үлгісінің аз мөлшерін пайдаланып, бұл реакцияның дұрыстығын тексеріп көрмекші болды.
Алдын ала суда ерімейтін қоспаларды сүзіп алған Жас Химик 80℃ -та бишофиттің 200 г қаныққан сулы ерітіндісін дайындады. Содан кейін ол алынған ерітіндіні 20℃-қа дейін салқындатты. Бұл кезде тазартылған магний хлоридінің гексагидратының кристалдары тұнбаға түсіп, қалған ерітіндіде суда еритін қоспалар қалды.
Сусыз магний хлоридінің 100 г судағы ерігіштігі 80℃ жəне 20℃ температурада сəйкесінше 65,8 г жəне 54,8 г болатынын ескере отырып, тұнбаға түскен кристалды гидраттың массасын есептеңіз.
Қайта кристалдану нəтижесінде алынған магний хлориді гексагидратының аз мөлшерін өлшегеннен кейін, Жас Химик оны желдеткіш астында 300℃ температурада мұқият қыздырды (1-реакция). Алынған массасы 0,291 г А затын 50 мл 0,1 М тұз қышқылы ерітіндісінде ерітті (2-реакция) жəне дистилденген суды пайдаланып, алынған ерітіндінің көлемін 100 мл-ге жеткізді (1-ерітінді). 50 мл 1-ерітіндіге ол күміс нитратының артық ерітіндісін (3-реакция) қосқанда, 0,632 г ақ тұнба түсті.
Пайда болған А өніміндегі хлордың массалық үлесін есептеңіз.
Қалған 50 мл 1-ерітіндіні бейтараптау үшін 12,0 мл 0,05 М натрий гидроксиді ерітіндісі қажет болды (4-реакция, магний иондары ерітіндіде қалады). Барлық сипатталған тəсілдерді орындап, алынған мəліметтерді пайдаланып, Жас Химик А затының формуласын шығарды жəне ол видеодағы формуламен сəйкес келді.
Жауабын есептеулермен растай отырып, А затының формуласын құрыңыз. 1-4 реакция теңдеулерін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |