Химиялық есепті талдау

бет2/2
Дата25.04.2022
өлшемі41,23 Kb.
#32159
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
есепті талдау

Есеп № 2. Лабораторияда сутегін алюминиймен сілті қосып алуға болады немесе HCl қосуға болады.

Егер реакцияға 9г Al қатысса, бөлінетін сутегі екеуінде бірдей бола ма?

Есепте екі химиялық процесс туралы айтылған. Сонымен қатар , бір затпен екі түрлі зат әрекеттесіп тұр.

Сондықтан есепті екі реакция теңдеуін жазу арқылы шығаруға болады.

2 Al + 2 NaOH + 2 H2O = 2 NaAlO2 + 3 H

2 Al + 6 HCl = 2 AlCl3 + 3 H2 ↑

Есеп № 3 . 5 т 60% HNO3 алу үшін қанша тонна NHкерек, егер өндірісте NHшығыны 2,8 % болса.

Есептің мазмұнында нақтылы химиялық процесс туралы ештеме айтылмаған. Бірақ формула бойынша бұл есепті шығару мүмкін емес. Себебі NHазот қышқылының құрамына кірмейді.Сондықтан бұл жерде оқушы HNOөндірісін еске түсіру керек.Ол 3 сатыдан тұрады:

а) 4 NH3 + 5 O2 k→ 4 NO + 6 H2O

б) 2 NO + O2 = 2 NO2

в) 4 NO2 + 2 H2O + O2 = 4 HNO3

Бұдан әрі зерттеу кезінде мынау ескеріледі: есепті шығару үшін бастапқы шикі заттың мөлшері мен (NH3) соңғы алынған заттың мөлшерінің (HNO3 ) арақатынасы белгілі болса болғаны.

Сөйтіп аралық процестер ескерілмейді, егер бастапқы мен соңғы заттың сан мәндері бірдей болса. Есепті шығару үшін барлық теңдеудің қосындысы алынады, немесе тізбе нұсқасы алынады:

4 NH3 + 5 O2 = 4NO + 6 H2O

+ 4 NO + 2 O2 = 4 NO2

4 NO2 + 2 H2O + O2 = 4 HNO3

4 NH3 + 8 O2 = 4 HNO+ 4 H2O

немесе NH→ HNO3

Есепті талдау арқылы оқушылардың ойлау іс-әрекеттері дамиды.

Есепті талдаудың екі жолы бар:

а) есептің мазмұнан сұраққа қарай, яғни белгілі өлшемнен белгісіз өлшемге қарай талдау. Бұны талдаудың синтетикалық әдісі дейді.

б) ізделіп отырған шамадан белгілі шамаға қарай талдауды аналитикалық әдіс дейді.

Мұғалім бұл екі әдісті оқушыларға түсіндіру керек. Сонда оқушылар өз ерекшелігіне қарай бұл әдістерді пайдалана алады.

Синтетикалық әдісте : не берілді, оны қандай өлшеммен анықтауға болады, соңында нені анықтау керек, белгісіз өлшемді анықтау үшін мәліметтер жеткілікті ме, қандай қосымша анықтамалар керек ,оны қалай анықтауға болады, міне осылар анықталады.

Енді есептің талдауын қарастырайық:

Есеп. 1 кг 17% NH3 ерітіндісін алу үшін аммоний хлориді тұзымен сөндірілген известьтің қандай массасын әрекеттестіруге болады?

Синтетикалық әдіс: Мазмұннан мынаны білеміз: амиактың массасы, проценттік мөлшері, сөндірілген известьтің массасын табу. Есептің қысқаша мазмұның жазамыз:

Шешуі:

Берілгені: W = m(е.з) / m(ерт)

m (NH3) =1кг Ерітіндінің массасы мен ерітіндегі

W (NH) =0,17 амиактың массалық үлесі арқылы m (Ca(OH)- ? еріген амиактың салмағын формуламен

Қосымша мәліметтер: анықтауға болады. Ол үшін жоспар құрамыз.

M(NH) =17 г/моль

M (Ca(OH)=74 г/моль

Есептің жоспары:

1. 1 кг 0,17 NHмассасын табу.

m(е.з) = W ∙ m(ерт) =0,17 ∙ 1000 г =170 г

2. Реакция теңдеуі арқылы известің массасын табу.

x г 170 г

2 NH4Cl + Ca (OH)2 = CaCl2 + 2NH3 + 2 H2O

74 г 34 г
х = 74· 170 / 34 = 370 г

Егер оқушыға белгілі өлшеммен белгісіз өлшем арасындағы байланыс түсініксіз болса, онда есепті зерттеудің аналитикалық әдісіне көшу керек.

Бұл кезде белгісіз өлшемге көңіл аударады, оны қалай анықтау керек, яғни бұл үшін қандай теориялық ілім, заңдылық керек, оны қалай пайдалану керек. Бұл сұрақты шешкеннен кейін, белгісіз өлшеммен белгілі өлшем арасындағы тура және жанама байланыстарды анықтайды.

1) Мысалы есептің шарты бойынша Ca (OH)массасын анықтау керек болса, реакция теңдеуі бойынша қорытынды жасайды, яғни реакцияға 2 моль NH4Cl мен 1 моль Ca (OH)әрекеттесіп , 1 моль CaClмен 2 моль NHпен 2 моль H2O шығады.

2) Ca (OH)массасын табу үшін реакцияға қатысқан заттардың төртеуінің біреуінің массасын анықтаса да болғаны, ондай зат NH3. Оның массасын формула бойынша анықтауға болады. Олай болса Ca (OH)салмағын да амиактың массасымен салыстыра отырып анықталынады. Сонымен аналитикалық әдіс те есептің жоспарына әкеліп отыр. Аналитикалық әдісті төмендегі есепке қолданайық:

Есеп №2 Құрамы 80% магнитті темірден тұратын әрбір тонна темір рудасынан құрамында 95% Ғе бар 570кг шойын алуға болады. Теориямен салыстырғанда шыққан темірдің массалық үлесінің шығымын анықтаңдар.

Есеп талқыланғаннан кейін, оның шарты жазылады. Жоспар құрылады.

Берілгені: Есепті шығару үшін шығымға байланысты

m (руда) =1т анықтамаларды еске түсіреді. Оны анықтайтын

m (шойын) = 570кг формуланы жазады.

ω(Ғе) = 0,95

ω(Ғе3О4) = 0,8 η = mпрак(Ғе) / mтеор (Ғе)

η(Ғе)-?

Практика жүзінде алынған темірдің массасын шойынның массасы мен

ондағы темірдің проценттік мөлшерімен анықтайды. Сонан кейін бір тонна рудадағы темірдің массасын табу үшін алдымен бір тоннадағы Ғе3О4 массасын табады. Сосын химиялық формула арқылы Ғе3Ожәне оның молярлық массасы арқылы рудадағы Ғе массасын табуға болады. Осындай талқылаудан кейін барып,есептің шығару жоспары құрылады.

    1. Шойындағы темірдің массасын табу.

m = 570 · 0,95 = 541,5 кг.

    1. Бір тонна рудадағы Ғе3О4 массасын табу.

m (Ғе3О3) = 0,8· 1000 кг = 800 кг

    1. Ғе3Оқұрамындағы темірдің массасын табу.(теориялық масса
      800 ----------------------- х

232 ----------------------- 168

х = 800 ·168 / 232 = 579

4.Темірдің массалық үлесінің шығымын анықтау.

η = mпрак(Ғе) / mтеор (Ғе) = 541,5 / 579 = 0,94 = 94 %
Күрделі есептерді талқылағанда көрнекілік материалдың орны ерекше. Мәліметтерді графика түрінде өрнектеудің маңызы өте зор. Себебі графика арқылы өрнектеп, есептің мазмұнын анық, нақтылы түсінуге болады.

    1. Ғе3Оқұрамындағы темірдің массасын табу.(теориялық масса)

800 ----------------------- х

232 ----------------------- 168

х = 800 ·168 / 232 = 579

4.Темірдің массалық үлесінің шығымын анықтау.

η = mпрак(Ғе) / mтеор (Ғе) = 541,5 / 579 = 0,94 = 94 %
Күрделі есептерді талқылағанда көрнекілік материалдың орны ерекше. Мәліметтерді графика түрінде өрнектеудің маңызы өте зор. Себебі графика арқылы өрнектеп, есептің мазмұнын анық, нақтылы түсінуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет