Химиялық техникалық қауіпсіздік ережелері



бет2/5
Дата30.10.2022
өлшемі95,71 Kb.
#46271
1   2   3   4   5
Байланысты:
Химиялы? техникалы? ?ауіпсіздік ережелері

Әдебиеттік шолу
Химиялық техникалық қауіпсіздік ережелері
1. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадантаза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Кабинетте тек қана таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.
2. Кабинеттегі компютерді, диспенсерді тоққа қосулы қалпында қалдырып кетуге болмайды. Өшіргендігіңе көз т. т. жеткізу қажет.
3.Әсіресе қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.
4. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылып шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі.
5. Газ жанарғысын, спирт шамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек.
6. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал - жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
7. Химиялық кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің т. б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.
8. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқ киімнің де жан - жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.
9. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.
10. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласы кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған заттың дәл сол ма айқындап алған жөн.
11.Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім немесе лаборант көрсетіп береді.
12. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
13. Жұмыс соңында қолданылған құрал - жабдықты, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен не лаборантпен келісіп алып, аластау керек.
15. Химиялық кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды, ұыздырғыш торды өшіргендігіне, т. т. көз жеткізу қажет.
16. Жұмысқа қажет емес заттарды алып таста.
17.Қышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстандар: Суды шайқай отырып, оған қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды!
18. Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде сақ болыңдар! Егер, байқамай қолына немесе киіміне тиіп кетсе, қолма – қол суды көбірек пайдаланып жуып жіберіңдер.
19. Раковинаға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітіндіні арнаулы ыдысқа құй.
20. Егер, қолына қышқыл тамызып алсаң, раковинадағы сумен жуып жібер және сода ерітіндісімен байтарапта.

Химиялық ыдыстар,оларды жуу,кептіру


Химиялық ыдыс — химиялық лабораторияларда тәжірибе жасауға керекті, шыны, кварц, кәрлен, платина, т.б. материалдардан жасалатын бұйымдар. Химиялық ыдыс түрлі реагенттер әсеріне, температураның ауытқуына төзімді, оңай жуылатын болуы керек. Сондықтан химиялық ыдыстар шынының арнайы сорттарынан жасалынады. Химиялық шыны ыдыстар өлшеуіш, жалпы және арнайы белгіленген ыдыстар болып бөлінеді.
Колбалар дегеніміз-органикалық синтезде қолданылатын негізгі лаборотриялық ыдыстар. Колбалар дөңгелек табанды, жалпақ табанды, екі мойынды, үш мойынды, алмұрт тәрізділер және т.б.
Стақандар-термотұрақты шыныдан жасалып, оның көлемдері әр түрлі болады. Олар қосалқы жұмытсар үшін қолданалады.

Тамшы құйғылар-Органикалық синтез кезінде компонентті реакциялық қоспаға баяу немесе біртіндеп қосуға арналған.

Бюретка – лабораторияда сұйықты, газды титрлеуге және олардың көлемін дәл өлшеуге арналған арнайы шыны түтіктер.
Кристаллизаторлар — жүқа немесе қалың шыныдан жасалынған әртүрлі сыйымдылықта және диаметрде болатын жалпақ цилиндрлі ыдыстар. Бүл ыдыстарда заттарды кристалдайуы және булайды.
Пробиркалар жай және калибрленген болады. Пробиркалар түп жағы жабық шыны түтіктер.
Пипеткалар – сұйықтың белгілі бір дәл мөлшерін анықтау үшін қолданылады.
Бөлгіш воронкалар- араласпайтын сұйықтықтарды бір-бірінен бөлетін, көбіне органикалық заттарға қолданылатын цилиндрлі және конусты формада болатын ыдыстар.
Ыдыстарды жуу және кептіру
Ыдысты алдымен су құбырындағы сумен, содан соң ыстық сумен жуады. Сумен кетпейтін дақтарды арнайы ершикпен немесе астыңғы жағына резеңке кигізілген шыны таяқшалармен жуады. Егерде дақ ершикпен кетпесе, ыдысты 10-15%-тік сода ерітіндісі, сабын ерітіндісі және жуғыш үнтақтармен жуады.Кейін ьщысты сумен жақсылап жуып, ең соңында дистильденген сумен шаяды.
Егер ыдыс суда ерімейтін органикалық заттар және шайырмен ластанған болса,кірдікетіру үшін органикалық еріткіштер(спирт,эфир,бензин,бензол,дихлорэтан, т.б.) пайдалану қажет. Осы аталған әдістермен ыдыс жақсы жуылмаса, ішкі қабырғаларында тамшылар қалса, оны хром қоспасы деп аталатын затпен жуады. Хром қоспасын дайындау үшін фарфор стаканға 10 см3 су қүйып,5,6г калий бихроматын К2Сг207 ерітіндісін алынған ерітіндіге абайлап 100 см3концентрлі күкірт қышқылын күяды.Ыдыстың ластанған бөлігіне дейін хром қоспасын құйып, оны біраз уақыт (5 минут) қойып қояды. Содан соң хром қоспасын қайтадан склянкаға қуяды. Оны түсі өзгеріп, жасыл болғанша бірнеше рет қолдануға болады.
Хром қоспасының орнына 0,1 М тең көлемдегі КМnО4 ерітіндісімен концентрлі күкірт қышқылы қоспасы,сондай-ақ КMnО4 сілтілік ерітіндісі мен NаОН және КОН спирттік ерітінділерінің қоспасын пайдалануға болады.
Төз (немесе сірке қышқылы) ерітіндісімен 3,6%-тік сутек пероксидінің қышқылданған қоспасын қолдануға да болады.
Ыдыстарды жуу кезінде келесі негізгі ережелерді сақтау керек:
1.Ыдысты пайдаланылып болғаннан соң тез жуу;
2.Жуу эдісін тандау кезінде ластану қүрамымен санасу керек;
3.Ыдыс жууды неғұрлым жай және тиімді эдіспен бастау;
4.Ыдыс жуу кезінде міндетті түрде резеңке қолғаптар кию керек;
5.дәл анықтаулар жүргізуге арналған ыдыстарды жуып болғаннан соң бірнеше рет дистильденген сумен шаю керек.
Ыдысты ауада кептіру үшін арнайы қиғаш тақтай қолдану ыңғайлы . Кептіруді тездету үшін 100-120° С температурадағы кептіргіш шкафтар қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет