Химиялық технологияғА ҚЫСҚаша тарихи шолу


Химиялық-технологиялық үдеріс



бет5/7
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107285
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекция ОХТ

Химиялық-технологиялық үдеріс

  • Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды. 
  • Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл:
  • – негізгі химиялық үдеріс:

    – шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру);

    – шикізат компоненттерінің өзара химиялық əрекеттесуі;

    – алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше операциялармен жүзеге асырылады.

  • Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.

Химиялық-технологиялық үдеріс – кезектесіп жүретін үш сатыдан тұрады:


ХТҮ-нің екінші сатысы – химиялық үдеріс, 1,3-физикалық үдеріс (механикалық, физикалық, физикалық-химиялық операциялардан құралған

ХТҮ-тің негізгі параметрлері:

  • ХТҮ-тің негізгі параметрлері:
  • температура,
  • қысым,
  • реагенттер концентрациясы,
  • катализатор сипаттамасы,
  • реагенттердің жанасу ұзақтығы,
  • реагент ағысының көлемдік жылдамдығы жəне т.б.
  • ХТҮ-ті жүргізудің оптималды шарты:
  • берілген сападағы мақсатты өнімнің жоғары шығымы,
  • жоғары жылдамдық,
  • төмен өзіндік құн,
  • қоршаған ортаны мейілінше аз ластау. 
  • Күрделі ХТҮ-тің маңызды сатысы – химиялық үдеріс (жылу жəне масса алмасу үдерістерімен жүретін бір немесе бірнеше химиялық реакциялар). Осыдан, химиялық реакция – ХТҮ-тің анықтаушы сатысы.

Химиялық-технологиялық жүйе
Жүйе деп өндірістегі элементтер жəне байланыстар арасындағы біртұтас жиынтықты айтады.
  • Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) бастапқы затты (шикізат) өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) жəне материалдық, энергетикалық, басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады.

2-сурет. ХТЖ-ның иерархиялық құрылымы
  • химиялық өнім шығару;
  • элементтің көп түрлілігі жəне олардың өзара байланысы;
  • жүйенің жұмысын сипаттайтын параметрлер санының көптілігі;
  • жүйе жұмысының өзара байланыстылығы мен күрделілігі;
  • өндіріс үдерістерін басқаруды автоматтандыру дəрежесінің жоғарылығы;
  • жүйенің элементтер арасындағы ақпараттарды басқару жəне тіркеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет