Химиялық тепе-теңдік



бет2/4
Дата08.06.2023
өлшемі101,78 Kb.
#99859
1   2   3   4
G-ныңөзгеруі
гер реакцияға төсетін заттарды
А және В деп белгілесек, онда химиялық реакцияның жылдамдығы былай жазылады:
V=К[А][В] (19)
Мұндағы V-химиялық реакцияның жылдамдығы, (А), (В) -А және В заттарының концентрациясы (қоюлығы). К-пропорционалдық коэффициент.
Пропорционалдық коэффициентті химиялық реакция жылдамдығы-ның константасы деп те атайды. Бұл шама әрекеттесуші заттардың табиғатына, температураға, катализатордыңқатысуына байланысты, ал әрекеттесуші заттардың концентрациясына (қоюлығына) тәуелсіз болады. Реакция жылдамдығы константасының(К)мәні бірлік концентрациядағы реакция жылдамдығы болып шығады.
Егер реакцияға бір заттың екі немесе одан да көп молекулалары катысса, мысалы: N2+3H22NH3. Онда жылдамдықты анықтау формуласында осы заттың концентрациясының (қоюлық) дәрежесі молекулалар санына тең болады, яғни V= К [N2][ H]3.
Жалпы мынадай бір реакцияны сұлба түріндеқарастырсақ, онда оның жылдамдығы былай анықталады:
V=К[А]а[В]b(19a)
Жылдамдық анықтайтын теңдеудегі заттар концентрациясының дәрежесі химиялық теңдеудегі заттардың стехиометрлік коэффициенттеріне тең болып шығады.
Жоғарыда көрсетілген теңдеулер (19), (19а) әрекеттесуші массалар заңының математикалықөрнектері болып табылады.
Енді мынадай қайтымды реакциясын қарастырайық:
А+ВС+ Д
Мұндағы тура реакцияның жылдамдығын (V1) былай жазуға болады:
V11 [А ][В]
Ал кері реакцияның жылдамдығын (V2) тағы да әрекеттесуші массалар заңына сүйеніп былай өрнектей аламыз:
V2= К2 [С ][D ]
Химиялық тепе-теңдік орныққанда: V1=V2, олай болса
К1 [А ][В] = К2 [С][D]
Бұдан
К12=[С][D]/[А][В] (20)
Екі тұрақты шаманыңқатынасы 1)/(К2) да тұрақты шама, оны Кс деп белгілесек:
Кс= [С][D]/[ ][В]
Кс - химиялық тепе-теңдіктің константасы. Біз еңқарапайым тепе-теңдікті қарастырдық.
Егер стехиометрлік коэффициенттер 1-ден өзгеше болса, мысалы:
aА+bВcС +dД, онда химиялық тепе-теңдіктің константасын былай көрсетуге болады:
Кс=[С]c[D]d/[А]a[В]b(20а)
20, 20а-теңдеулерден бір заттың концентрациясын (қоюлығын) басқа заттардың концентрацияларын өзгертпейтіндей етіп өзгертуге болмайды, өйткені берілген жағдайда тепе-теңдік константасы тұрақты шама деген тұжырымға келеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет