Химиялық термодинамиканың негізі § термодинамиканың бірінші заңы термодинамикалық түсініктер мен анықтамалар



бет57/79
Дата12.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#81779
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79
Байланысты:
Микро сож соож

Хроматография. Қазір ғылми зерттеулер мен қолданбалы зерттеулерде сорбциялық құбылыс көмегімен аса күрделі қосылыстарды бөліп, таза күйінде алудың маңызы зор. Бұл мәселені сәтті шешу ісінде адсорбцияның бірі болып саналатын хроматографияның орны ерекше. Ол — көптеген талдау, сипаттау, органикалық бірегей қосылыстағы әрбір изомерді бөлу ісінде таптырмас әдіс. Қоспа құрамындағы компоненттердің сорбциялану қабілеті мен жылдамдығының айырмасы сорбент түйіршігі аркылы қоспа ері-тіндісі жылжығанда айқын байқалады. Әдетте сорбент бетіне жақсы сорбцияланатын қосылыс берік орналасатын (байланысатын) болғандықтан, кідіріңкірейді және осы молекулалық қабат сорбент бетімен (бойымен) баяу жылжиды. Бұл құбылысты 1903 жылы орыстың ғалым-ботанигі М. С. Цвет жасыл жапырақты осы түске бояп тұратын күрделі органикалық қосылысты (пигментті) бөліп алып, оның құрамы мен қасиетін зерттеу кезінде ашқан. Ол бір ұшында шүмегі бар ішіне алюминий оксиді толтырылған шыны түтікті тік орналастырып, оның жоғары жағынан әлгі өсімдік жапырағынан алынған ерітіндіні бояп, құяды. Шамалы уақыт өткенде, ірілігі өзара біркелкі ұсақталған сорбент міндетін атқаратын алюминий оксиді әр түске боялған және бірінен-бірі белгілі қашықта орналасқан бірнеше сақина секілді бөлшекке бөлінген
(46-сурет). Бұл әдіс алғашқыда түрлі-түсті бояуға байланысты болғандықтан, оны Цвет хроматография деп атаған. Ол атау сол күйі сақталса да, оның түрі мен әдісі өте көп және олар ешбір бояусыз-ақ жүргізіледі.
Қазіргі хроматографиялық талдау әдісі — бір фазада басқа бірнеше компоненттен тұратын басқа фазаның жылжу жылдамдығына негізделген физикалық-химиялық бөлу процесі.
Фаза араларындағы қоспа құрамына енетін компоненттердің таралу механзимі екі түрлі болуы мүмкін. Бұл таралу механизмі бойынша адсорбциялық және таралу хроматографиясы болып бөлінеді. Ал агрегаттық күйге байланысты таралу механизмі жылжитын және жылжымайтын фазаға жіктеледі. Мұнда адсорбциялық механизм бойынша жүретін қатты дене жылжымай-
9
тын, газ жылжитын фазадан тұратын газды немесе газадсорбциялық хроматографияға, ал таралу механизмімен жүзеге асатын жоғары температурада қайнайтын сұйық фаза жылжымайтын, газ жылжитын фазадан тұратын газ-сұйықтық хроматографияға бөлінеді. Бұлар күрделі органикалық қосылыс құрамын анықтауға, жалпы аналитикалық химияда, өндірістік лабораторияларда кең қолданылады.
Жылжымайтын сұйық фазаны орналастыру әдісі де сан алуан. Олардың арасында аса кең тарағандардың бірі — 9-суретте көрсетілгендей колонкалы хроматография. Шыны не металл колонкасын (түтікті) ірілігі біркелкі сорбатпен толтырады. Ал оның келесі түрі лабораториялық талдауда жиі қолданылатын, 10-суретте көрсетілген қағазды хроматография әдісі. Ондағы жабық шыны ішіндегі бөлінетін компонент ерітіндісі арнаулы қағаз бойына сорылып, жоғары жылжығанда әр түрлі биіктікке көтеріледі. Сондай-ақ сұйықты хроматографияның тағы бір түрінде, қозғалмайтын фазаны фольга, қағаз сияқтыларға өте жұқа, біркелкі қабат етіп бекітеді де, одан бөлінетін компоненттер қоспасының ерітіндісін жылжытады.
Соңғы жылдары капиллярлық сұйықтық хроматография әдісі кең қолданылуда. Онда өте жіңішке капилляр ішіне жылжымайтын сұйық фазаны орналастырады. Ал газды хроматография өзінің өте тез нәтиже беруімен қатар, тек аналитикалық талдау әдісінде ғана емес, өндірістегі қолданбалы ғылыми зерттеулерде қажетті заттардың кұрамын, адсорбция жылуын, өзара әрекеттесу кезіндегі активтілік
10
коэффициентін, тағы да басқа сипаттарын анықтауға қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет