Химиялық заттардың әсерін гигиеналық реттеу негіздері



Дата10.04.2023
өлшемі14,26 Kb.
#80948
Байланысты:
4сож


Топ:ТФП21-004
Орындаған: Каирлы Дильназ
Тексерген: Кусайынова Эльмира Избасаровна
4-СӨЖ
Химиялық заттардың әсерін гигиеналық реттеу негіздері
Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) – өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ)).
Химиялық өндірістерде пайдаланылатын заттар, өндірісті және еңбекті дұрыс ұйымдастырмағанннан, профилактикалық шаралардың бұзылғанынан жұмысшыларға зиянды әсер етеді. Оларды өткір немесе созылмалы улануға және кәсіби ауруларға соқтырады.
Өткір уланулар зиянды заттың тезарада жоғары концентратциясының организмге әсерінен шығады. Олардың белгілері тез арада көрінеді, сондықтан уланғандарға 1-ші медециналық көмек беріп, уланудың себебін жоюға мүмкіншілік береді. Уланудың созылмалы түрі-зиянды заттардың аз концентратциясымен ұзақ уақыт бойы алатын әсері, оның организмде жинақталу қабілеті бар.
Гигиеналық норматив-адамның, адам популяциясының және болашақ ұрпақтың қалыпты өмірі мен денсаулығын сақтау үшін оңтайлы және зиянсыз қоршаған орта факторлары параметрлерінің қатаң диапазоны. Санитарлық ережелер, нормалар, гигиеналық стандарттар – бұл адамның өмір сүру ортасының факторларының қауіпсіздігі мен зиянсыздығының өлшемдерін белгілейтін нормативтік актілер. Санитарлық ережелерді барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар мен басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер, ұйымдар, мекемелер, олардың бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, лауазымды адамдар мен азаматтар сақтауға міндетті.
Химиялық заттарға арналған гигиеналық нормативтер шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) түрінде белгіленеді. Физикалық факторлар үшін олар әсер етудің рұқсат етілген деңгейлері (ДБП) түрінде белгіленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет