Бүл хроматография түрін ең алғаш 1948 ж. Е.Н. Гапон және Г.Б. Гапон ұсынған.
Тұндыру хроматографиясы иониттің құрамына кіретін тұндырғышпен немесе тұндырғыш пен тасушының қоспасымен хроматографияланатын заттың әрекеттесуіне негізделген. Нашар еритін қосылыстарды бірінен соң бірін (фракциялап) тұндыру арқылы бөлуге болады.
Анализ жүргізгенде зерттелетін ерітіндіні, анализденетін ерітінді иондарымен нашар еритін қосылыс түзетін иондармен толтырылған хроматографиялық колонка аркылы өткізеді. Тұнбалар осы қосылыстардың ерігіштігінің өсу ретіне қарай түзіледі. Алынатын хроматограмма әр түрлі боялған заттардан құрала алады.