Хроникасы



Pdf көрінісі
бет1/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

АСтАнА 2012

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» сериясы

Қазақстан Республикасының 

тұңғыш Президенті нұрсұлтан назарбаев

ҚЫЗМЕТ


ХРОНИКАСЫ 

2011 жыл


УДК 323/324 (574)

ББК 66.3 (5 Каз)

Қ 18

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі



Ақпарат және мұрағат комитеті

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 

бағдарламасы бойынша шығарылды

Басып шығарушы: «Деловой Мир Астана» ЖШС

Редакциялық-баспагерлік топ:

М.Б. Қасымбеков (жетекші), саяси ғылымдардың докторы, профессор, 

Б.Б. темірболат (жауапты редактор), саяси ғылымдардың кандидаты

Ж.К. Үсембаева, техника ғылымдарының докторы, профессор, 

Е.А. Хасенов, филология ғылымдарының кандидаты

т.А. темірханов, М.М. Бейсенова

Қ 18  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті нұрсұлтан назарбаев. Қызмет 

         хроникасы. 2011 жыл. — Астана: Деловой Мир Астана, 2012. — 408 б.

ISBN 978-601-7259-55-6

Бұл кітап «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті нұрсұлтан назарбаев. 

Қызмет хроникасы» сериясы бойынша шығарылып отырған кезекті басылым болып 

табылады. 

Кітапта  2011  жылы  елімізде  және  шетелдерде  Мемлекет  басшысының 

қатысуымен  өткізілген  басты  іс-шаралар  жайында  баяндалған,  сонымен  қатар  осы 

кезеңде н.Ә. назарбаевтың сөйлеген толыққанды сөздерінің мәтіндері, 2011 жылы 

қабылданған  Қазақстан  Республикасының  маңызы  зор  заңдары  мен  Президент 

жарлықтарының тізбесі ұсынылған, түрлі анықтамалық ақпараттар келтірілген.

Сондай-ақ, кітаптың компакт-дискідегі мультимедиялық нұсқасы ұсынылған.

Басылым көпшілік оқырманға арналған. 

УДК 323/324 (574)

ББК 66.3 (5 Каз)

© Қасымбеков М.Б., 2012

© «Деловой Мир Астана» ЖШС, 2012

© Барлық құқықтары қорғалған

ISBN 978-601-7259-55-6


3

2011


 

жыл Қазақстан үшін тәуелсіздіктің 20 жылдығының 

аясында  өтті  әрі  ел  өмірінің  ішкі  және  сыртқы 

саясатындағы  бірқатар  ірі  оқиғаларымен  есімізде 

қалды.

Шетел  сапарларын,  өңірлерге  жұмыс  сапарларын,  түрлі  мәжілістерді, 



халықаралық  және  республикалық  форумдарға  қатысуларын,  шетел  мемлекет 

және қоғам қайраткерлерін қабылдауларын, жұртшылық өкілдерімен және еңбек 

ұжымдарымен кездесулерін, өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік объектілерге 

барғандарын қоса алғанда, Президент н.Ә. назарбаевтың қатысуымен жыл бойы 

500-ден астам хаттамалық іс-шаралар болып өтті.

Мемлекет басшысы 14 мәжіліс өткізді, олардың қатарында Үкімет мүшелерінің, 

Президент Әкімшілігі басшылығының, орталық мемлекеттік органдар жетекшілерінің 

қатысуымен  өткен  12,  облыстар,  Астана  және  Алматы  қалалары  әкімдерінің 

қатысуымен өткен 2 мәжіліс бар.

Президент  жанындағы  консультативтік-кеңестік  органдар  желісі  бойынша 

н.Ә.  назарбаевтың  төрағалығымен  Шетел  инвесторларының  1  отырысы  және 

Қауіпсіздік кеңесінің 4 отырысы болып өтті.

Президент сондай-ақ Парламент палаталары төрағаларымен және депутаттар-

мен ұдайы кездесе жүріп және Парламент палаталарының 2 бірлескен отырысына 

қатысып, депутаттық корпуспен тұрақты негізде бірлесе жұмыс істеді.

Мемлекет басшысы ел өңірлеріне 17 жұмыс сапарын жасады.

Екіжақты қарым-қатынастар аясында шетелдерге жасалған 7 сапарды, сондай-

ақ  15  мемлекетаралық  саммиттер  мен  халықаралық  форумдарға  қатысуларын 

қоса алғанда, оның қатысуымен 165-тен астам халықаралық сипаты бар кездесу-

лер мен іс-шаралар болып өтті.

н.Ә.  назарбаев  36  баспасөз  конференциясы  мен  брифингтер  өткізді,  шетел 

және  отандық  БАҚ-қа  14  сұхбат  беріп,  2  бағдарламалық  сипаты  бар  мақала 

жариялады.


4

Президент жыл бойы 2,5 мыңнан астам құжаттарды қарап, қол қойды, олардың 

қатарында 148 заң, 263 жарлық, 76 өкім, 12 мәжіліс хаттамалары, 1,8 мыңға тар-

та қызметтік құжаттар, талдамалық және ақпараттық-анықтамалық материалдар, 

235 азаматтардың арыз-шағымдары мен хаттары бар.

Осы мезгілде Мемлекет басшысы барлығын қоса алғанда 59 күн іссапарларда 

болды, оның 25 күні шет елдерге, 34 күні Қазақстанның өңірлеріне арналды.

Қазақстан үшін мерекелі болған 2011 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен 

бірқатар маңызды ішкі саяси іс-шаралар болып өтті.

Жыл  2010  жылдың  желтоқсанында  Қазақстанның  бір  топ  көрнекті  қоғам 

қайраткерлерінің Өскемен қаласындағы республикалық форумда көтерген тұңғыш 

Президенттің  өкілеттігін  2020  жылға  дейін  ұзарту  туралы  референдум  өткізудің 

қажеттігі  туралы  бастамасын  бүкілхалықтық  талқылаумен  басталды.  Идея 

қазақстандықтар арасында кең қолдау тапты. Бір айдың көлемінде оған 5 миллион-

нан астам азаматтар қол қойды, бұл ел сайлаушыларының жартысынан астамы еді. 

Көп ұзамай бұл бастаманы Парламент қолдап, онысын Конституцияға референдум 

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңшығарушылық 

бастама түрінде рәсімдеді.

Сонымен бірге, қалыптасқан осындай жағдайда, Президент өзінің Жарлығымен 

депутаттардың  заңшығарушылық  бастамасын  қабылдамай  тастады.  Ал  Парла-

мент дегенмен заңды қабылдаған кезде, н.Ә. назарбаев Конституциялық кеңеске 

жүгініп, ол қабылданған заңшығарушылық норманы негізгі заңға сәйкес емес деп 

таныды.

Конституциялық  кеңестің  қорытындысын  алғаннан  кейін,  Мемлекет  басшысы 



ұлтқа Үндеу жолдап, онда референдум туралы бастамаға қолдау танытқан барша 

қазақстандықтарға  шынайы  ризашылығын  білдіре  отырып,  сонымен  бірге,  Пре-

зидент әрі Конституцияның кепілі ретінде саясаткерлердің болашақ ұрпақтарына 

бұрыс  бағдар  беретін  үлгі  көрсете  алмайтынын  және  көрсеткісі  де  келмейтінін 

түсіндірді. «Біз бұл жайтты жай «қабылдау немесе бас тарту» ретінде емес, өмірдің 

өзі ұсынған демократияның тарихи тағылымы деп қабылдағанымыз жөн. Бұл — Ел-

басы мен халықтың Ата заңға адалдығын бағамдайтын тағылымды дәріс», — деді 

ол.


Мұның өзі оның өкілеттік мерзімін екі жылға қысқартатындығына қарамастан, 

н.Ә. назарбаев осындай принциптілік негізінде мерзімінен бұрын Президент сай-

лауын өткізуді ұсынды. Елбасы сол арқылы тәуелсіздіктің таңғы шағында Қазақстан 

халқының дамудың демократиялық жолы, өзін өзі айқындау мен қалауын білдіру 

еркіндігі пайдасына жасаған тарихи таңдауына өзінің адалдығын дәлелдеді және, 

сонымен  бірге,  біздің  қоғамымыздағы  ажыратушы  емес,  біріктіруші  бастауды 

нығайтуға деген өзінің ұмтылысын тағы да көрсетті.

28 қаңтарда халыққа жария етілген Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың 

іргесін  бірге  қалаймыз!»  деп  аталатын  кезекті  Жолдауында  Мемлекет  басшы-

сы  демократиялық  құндылықтарға  өзінің  берік  бекемдігін  тағы  да  дәлелдеді. 

Жолдаудың ерекшелігі оның айрықша әлеуметтік бағдарлылығы еді. Онда өмір са-

пасын жақсарту және азаматтарымыздың әлеуметтік ахуалын таяу жылдарда одан 

әрі арттыра түсу жөнінде үлкен іс-шаралар ауқымы белгіленген болатын.


5

Осы  арада,  11  ақпанда  н.Ә.  назарбаевтың  төрағалығымен  «нұр  Отан» 

Халықтық-демократиялық партиясының ХІІІ съезі өтіп, онда оны алда тұрған сай-

лауда Президенттікке үміткер етіп ұсынды.

3  сәуірде  болған  кезектен  тыс  Президент  сайлауы  н.Ә.  назарбаевтың  айқын 

жеңісімен  аяқталды.  2011  жылғы  5  сәуірде  Орталық  сайлау  комиссиясы  ақтық 

қорытындыларды жария етті, сол бойынша іс басындағы Президент дауыс беруге 

қатысқан сайлаушылардың 95,55% дауысына ие болды.

8  сәуірде  н.Ә.  назарбаев  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  қызметіне 

ресми кірісті. Ұлықтау салтанатына көрнекті саясаткерлер, ғылым, мәдениет және 

өнер қайраткерлері, республика іскерлік орталарының өкілдері қатысты.

Ел өміріндегі айшықты, есте қалатын оқиға — Қазақстан аумағында алғаш рет 

қаңтардың  аяғы  —  ақпанның  басында  өткен  VII  Қысқы  Азия  ойындары  болды. 

«Мақсаты бірдің — рухы бір» ұранымен өткен жарыстар бір мезгілде екі қалада — 

Астана мен Алматыда ұйымдастырылды.

Елорданың  «Астана-Арена»  кешенінде  өткен  ойындардың  ашылу  салтанатын-

да  сөз  сөйлеген  Мемлекет  басшысы  Қазақстан  мұндай  континенталдық  форум-

ды тМД елдері мен мұсылман әлемі арасында алғаш өткізіп отырғанын атап ай-

тып, қолдау көрсеткені үшін барлық қатысушылар мен қонақтарға ризашылығын 

білдірді. «Қысқы Азия ойындары Олимпиада ойындардан кейінгі екінші ірі жарыс, 

сондықтан бұған дейін оны өткізуге экономикалық тұрғыдан қуатты тек 3 мемлекет: 

Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея ғана қолға алды», — деді Президент. Енді 

олардың қатарына Қазақстан да қосылды.

VII  қысқы  Азия  ойындарының  қорытындысы  бойынша  Қазақстан  құрамасы 

32  алтын,  21  күміс  және  17  қола  медальдар  алып,  жалпыкомандалық  бірінші 

орынды иемденді.

Бұдан  өзге  ұлттық  ауқымдағы  елеулі  қоғамдық-саяси  және  мәдени  іс-шара 

«тәуелсіз  Қазақстан:  бейбітшілік,  келісім  мен  жасампаздықтың  20  жылы»  күн 

тәртібі  бойынша  18  сәуірде  н.Ә.  назарбаевтың  төрағалығымен  өткен  Қазақстан 

халқының ХVII Ассамблеясы болды. Өз сөзінде ол жалпыұлттық бірлікті нығайту 

жөніндегі  жұмыстарды  жалғастырудың  және  Ассамблеяның  өз  қызметін  ұдайы 

жетілдіріп отырудың қажеттігіне назар аударды.

25 мамырда Президент Дүниежүзі қазақтары ІV құрылтайының салтанатты ашы-

луына қатысты, оған жақын және алыс 35 шет елдерден 700-ден астам қатысушы 

жиналды. н.Ә. назарбаев тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қандастарымыздың 

тарихи отанына ұлы қоныс аударуының 20 жылдығымен сәйкес келіп отырғанын 

мақтанышпен  атап  өтті.  Соның  нәтижесінде,  деп  атап  өтті  ол,  осы  жылдарда 

Қазақстанға  300  мыңнан  астам  отбасы  көшіп  келді,  сөйтіп,  ел  халқының  саны 

1 млн. адамға дерліктей көбейді.

Мемлекет басшысы ұлттың стратегиялық ресурсы ретінде білім беру мәселелерін 

өз бақылауында ұстай отырып, маусымда жоғары білім берудің отандық жүйесінің 

көшбасшысы — назарбаев Университеті Жоғары қамқоршылар кеңесінің алғашқы 

отырысын  өткізді.  «Біз  бүкіл  қазақстандық  білім  беру  жүйесіне  жаңа  қуатты 

серпін  беретін  аса  ауқымды  жобаны  іске  асырдық.  Ол  біз  құрғалы  отырған 

болашақтың инновациялық экономикасы үшін жаңа кадрлардың бесігі болуы тиіс. 

Бұл Университеттің қабырғасында бұдан былай еліміздің зияткерлік болашағының 

тағдыры шешілетін болады», — деп атап өтті ол.


6

Қазақстандықтар  6  шілдеде  елордамыз  —  Астананың  кезекті  жылдығын 

атап  өтті.  Президент  мерекелік  іс-шараларды  Мемлекеттік  рәміздер  алаңында 

ту көтеру рәсімі арқылы бастап берді. Астананың инфрақұрылымын одан әрі да-

мыту  шеңберінде  н.Ә.  назарбаевтың  жыл  бойы  бірнеше  рет  жаңа  астаналық 

опера  және  балет  театры  мен  «Хазірет  Сұлтан»  мешітінің  құрылыс  алаңдарында 

болғанын,  сондай-ақ  «Қазмедиа  орталығы»  телерадиокешенін,  армия  генералы 

С.Қ.  нұрмағамбетов  атындағы  «Жас  ұлан»  республикалық  мектебінің  жаңа  кор-

пусын,  Оқушылардың  шығармашылық  сарайын,  Ұлттық  ғылыми  кардиохирургия 

орталығын, т.б. ашқанын атап айтқан жөн.

Соңғы жылдары қалыптасқан дәстүр бойынша, Мемлекет басшысы тамыздың 

соңында, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, негізгі заңның 

мемлекет пен азаматтар үшін маңызын ашып көрсететін әскери парадты қабылдады.

н.Ә.  назарбаевтың  қатысуымен  өтіп,  үлкен  қоғамдық  пікір  туғызған  іс-

шаралардың  қатарынан  Президенттің  төртінші  шақырылған  Парламенттің 

V сессиясының ашылуына орай, қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті 

палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген дәстүрлі сөзін бөліп айтуға бола-

ды. Депутаттар алдында сөз сөйлей отырып, ол олардың назарын заңшығарушылық 

міндеттердің төрт тобына аударды. Атап айтқанда, олар әсіресе басымдық берілетін 

салалардағы инновациялық үрдісті ынталандыратын заңдық нормалар; әлеуметтік 

модернизациялау үрдісін заңдық қамтамасыз ету; құқық қорғау органдары мен сот 

әділдігі реформасының заңдық негіздерін ұлғайту; отандық БАҚ пен ҮЕҰ дамыту.

Мемлекет  басшысының  төрағалығымен  өткен  Қауіпсіздік  кеңесінің  отырыста-

рында  ұлттық  қауіпсіздік  стратегиясының,  көлік  пен  азық-түлік  қауіпсіздігінің, 

жаңа  әскери  доктрина  әзірлеудің,  сыртқы  саясаттың  жаңа  тұжырымдамасының, 

құқық  қорғау  жүйесін  жетілдірудің,  діни  экстремизммен  және  терроризммен 

күрестің, жемқорлықпен күрестің, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, елдің 

қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың мәселелері, сондай-ақ ел Үкіметі әзірлеген 

2012–2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  қауіпсіздік  стратегиясының  жобасы 

қаралды.


Діни экстремизммен және терроризммен күрес мәселелеріне н.Ә. назарбаев 

Премьер-министрдің,  Мемлекеттік  хатшының,  Қауіпсіздік  кеңесі  хатшысының, 

күштік және құқық қорғау құрылымдары өкілдерінің қатысуымен 14 қарашада бо-

лып өткен жеке кеңесті арнады.

Қарашада  Парламенттің  төменгі  палатасының  депутаттарынан  өздерін  өздері 

тарату  және  кезектен  тыс  Мәжіліс  сайлауын  өткізу  туралы  үндеу  келіп  түсуіне 

байланысты,  Президент  Премьер-министрмен,  Парламенттің  қос  палатасының 

спикерлерімен және Президент Әкімшілігінің Басшысымен ақылдасқаннан кейін, 

«Парламенттің  жаңаруы  елде  болып  жатқан  ауқымды  модернизациялау  үшін 

қажет. Бұдан өзге, егер келесі дағдарыс бола қалса, онда электоралдық науқанмен 

сәйкес келуі ел басшылығының, Үкіметтің және өңірлердің бұл жөніндегі жұмысын 

күрделілендіреді» деп мәлімдеп, оны қолдады. Осыдан кейін көп ұзамай жоғары 

заң шығарушы орган таратылып, Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау 2012 жылдың 

15 қаңтарына белгіленді.

Алда Парламент сайлауы өтетіндігіне байланысты, қарашаның аяғында н.Ә. на-

зарбаев «нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының ХIV съезіне төрағалық 

етті, онда партияның «Қазақстан. 2017 жылғы кезеңге дейінгі мақсаттары. Ұлттық 


7

іс-қимыл  жоспары»  атты  сайлауалды  тұғырнамасының  жобасы  талқыланып, 

сондай-ақ Парламент Мәжілісі сайлауына партиялық тізім бекітілді.

9  желтоқсанда  Мемлекет  басшысының  қатысуымен  сапа  саласы  бойынша 

«Алтын  сапа»  сыйлығының,  бизнестің  әлеуметтік  жауапкершілігі  саласы  бойын-

ша  «Парыз»  конкурсының  және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  арнайы 

сыйлықтарының иегерлерін марапаттау салтанаты болды.

Елдің  ішкі  саяси  күнтізбесінің  басты  оқиғасы  Қазақстанның  20  жылдығына 

арналған салтанаттар еді.

Президент  мереке  қарсаңында  «Ақорда»  резиденциясында  елдің  әлеуметтік-

экономикалық  және  мәдени  дамуына,  халықтар  арасындағы  достық  пен 

ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін 

қазақстандықтардың  үлкен  бір  тобына  мемлекеттік  наградалар  мен  «Қазақстан 

Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалін тапсырды. Олардың 

қатарында  көрнекті  мәдениет,  ғылым,  білім,  денсаулық  сақтау  қайраткерлері, 

өндірістік саланың, бизнестің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 

әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері болды.

тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс жалпыұлттық өрлеу ахуалын-

да өтті. Қазақстандықтарды 20 жылдық мерейтоймен құттықтай отырып, Елбасы 

былай  деп  мәлімдеді:  «Біз  қиын  жолдардан  өттік.  Ауыртпалықтар  мен  табыстар 

топтастырған,  ортақ  тағдыр  біріктірген  біз  бүгінгі  ұлы  күнге  уақыт  бізді  таңдады 

және біз өзіміздің тарихи мүмкіндігімізді жүзеге асырдық деген сеніммен келіп 

отырмыз».

Сонымен  бірге,  қазақстандықтардың  егеменді  даму  кезеңіндегі  жетістіктерін 

жария  ете  отырып,  н.Ә.  назарбаев  ұлт  назарын  тағы  да  келешекке  аударды. 

Ғаламдық  архитектоникада  барған  сайын  өрістеп  келе  жатқан  өзгерістер  мен 

осыған байланысты пайда болған жаңа тәуекелдер мен қатерлер контексінде ұлт 

алдында әлемдік өркениет координаты жүйесінде өзін көрсете алуы үшін жаңа жол-

дар іздестіру, өзінің барлық «плюстері» мен «минустарын» ескере отырып, өзінің 

күш-қуатын сыни тұрғыдан бағалау, қазіргі ғаламдасу әлемінде ұлттық мүдделер 

тұрғысынан алып қарағанда келешегі бар даму формулаларын ойластыру міндеттері 

тұрғанын айрықша атап өтті.

Оның үстіне, жыл шымылдығы жабылар тұста бүлдіргіш күштер елдегі ішкі сая-

си ахуалды қалыбынан шығаруға әрекет жасады.

нәтижесінде  адамдар  зардап  шегіп,  кісі  құрбандықтары  орын  алған  16–17 

желтоқсандағы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Шетпе ауылындағы 

трагедиялық  оқиғаларға  байланысты,  Мемлекет  басшысы  жағдайды  реттеу 

жөнінде шұғыл іс-шаралар ойластыру мақсатында Қауіпсіздік кеңесінің отырысын 

өткізді.  Отырыстың  қорытындысы  бойынша  Президент  Жарлығымен  Жаңаөзен 

қаласына  төтенше  жағдай  енгізіліп,  бірқатар  мемлекеттік  органдар  мен  ұлттық 

компаниялардың басшылары отставкаға жіберілді, зардап шеккен елді мекендерді 

қалпына келтіру мәселелері жөнінде үкіметтік комиссия құрылды.

22  желтоқсанда  Президент  осы  мәселе  бойынша  Премьер-министр 

К.Қ.  Мәсімовтің,  Парламент  Сенатының  төрағасы  Қ.Ә.  Мәмидің,  Президент 

Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Мусиннің  және  басқа  да  мемлекеттік  органдар 

басшыларының қатысуымен арнайы мәжіліс өткізіп, онда әлеуметтік-экономикалық, 

гуманитарлық  және  басқа  да  проблемаларды  жедел  шешу  жөніндегі  жұмыстар, 


8

сондай-ақ  көпшілік  тәртіпсіздіктерді  ұйымдастырудағы  кінәлілерді  анықтау 

жөніндегі  тексерістің  барысы  туралы  комиссияның  есебін  тыңдады.  н.Ә.  назар-

баев сол күні-ақ қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, Жаңаөзен 

қаласының  және  облыстың  тұрғындарымен  кездесу  үшін  жұмыс  сапарымен 

Маңғыстау облысына жүріп кетті.

Қазақстандықтардың  басым  көпшілігі  Маңғыстау  облысында  орын  алған 

бүлдіргіш күштердің іс-әрекеттерін айыптап, ол қабылдаған шешімдерді толығымен 

қолдап, өз көшбасшысының төңірегіне топтаса түсті. Аталған оқиғалар Қазақстан 

үшін беріктіктің тағы бір сыны болды, қазақстандықтар бұдан қоғамда тұрақтылық 

пен келісімді сақтау жөнінде ұдайы мақсатты күш-жігер қажет екендігі туралы өзіне 

маңызды сабақ алулары тиіс.

Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығына әлеуметтік-экономикалық дамудың 

жоғары  көрсеткіштерімен  келіп  жетті.  Ұлттық  экономикада  оң  нәтижелердің 

сақталуына  мемлекеттің  іскерлік  белсенділікті  қолдауы  мен  дағдарыстан  кейінгі 

дамудың  базасын  жасауы  ықпал  етті,  осыған  байланысты  жыл  бойы  іс  жүзінде 

экономиканың барлық салаларында өсу динамикасы сақталды.

Қазақстан  халқына  арналған  28  қаңтардағы  өз  Жолдауында  Президент 

мемлекеттік  әлеуметтік-экономикалық  саясат  басымдықтарының  қатарында 

Үдемелі  инновациялық  индустрияландыру  бағдарламасының  шеңберінде 

жеделдетілген  экономикалық  модернизациялау  мен  жаңа  әлеуметтік  саясат 

форматындағы әлеуметтік модернизациялауды белгіледі.

Жолдауды іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар сол күні-ақ Пре-

зидент  төрағалығымен  Үкімет  мүшелерінің,  Президент  Әкімшілігі  мен  орталық 

мемлекеттік органдар басшылығының қатысуымен өткен кеңесте талқыланды.

Халықтың  әл-ауқатын  одан  әрі  арттыру  контексіндегі  осы  проблематикаға 

Үкімет мүшелерінің, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, орталық 

мемлекеттік  органдар,  «нұр  Отан»  Халықтық-демократиялық  партиясы  мен 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басшылығының қатысуымен Мемлекет 

басшысы 17 сәуірде өткізген кеңейтілген кеңес те арналды. тиісті міндеттерді жа-

рия ете отырып, Президент таяудағы 5 жылда Қазақстан табыс деңгейі жоғары ел-

дер тобына енуі керектігін айтты. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 2016 жылға қарай 

15 мың доллардан кем болмай, экономика жыл сайын 7% кем емес қарқынмен өсіп 

отыруы тиіс. Осыған байланысты н.Ә. назарбаев Үкімет пен әкімдердің принципті 

түрдегі жаңа міндеті — шикізаттық емес сектордың, шағын және орта бизнестің 

есебінен жыл сайын қосымша тағы да экономиканың 3% өсімін қамтамасыз ету 

екенін қадап айтты.

Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  көкейкесті  мәселелері 

Президенттің, Премьер-министрдің, Президент Әкімшілігі мен орталық мемлекеттік 

органдар  басшылығының  қатысуымен  21  шілдеде  өткізген  жұмыс  кеңесінің; 

сондай-ақ  облыстар,  Астана  және  Алматы  қалаларының  әкімдерімен  5  тамызда 

болған кеңесінің де арқауы болды.

тұтасымен алғанда, Мемлекет басшысы Премьер-министрмен, Ұлттық банктің, 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Аста-

на және Алматы қалаларының және Қазақстан облыстардың әкімдерімен тұрақты 


9

негізде кездесіп тұрды. Ол орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық 

компаниялар мен даму институттарының есептерін тыңдады.

Қазақстанның  кәсіпорындарын  модернизациялау  мен  жаңарту  мәселелері 

Президенттің  ұдайы  жіті  назарында  болып  тұрды.  18  мамырда  болған  Ше-

тел  инвесторларының  XXIV  пленарлық  отырысы  осы  проблематикаға  арнал-

ды.  Сондай-ақ  осыған  байланысты  н.Ә.  назарбаев  жыл  бойы  тағы  да  бірнеше 

маңызды іс-шараларға қатысты. Атап айтқанда, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі 

стратегиялық даму жоспарының маңызды бағыттарының бірі болып табылатын 

әрі  республиканың  шалғай  өңірлері  тұрғындарының  қолжетімділігін  қамтамасыз 

етуге  бағытталған  Ұлттық  телерадиохабарларын  тарату  спутниктік  желісін  рес-

ми  іске  қосуға,  «Астана  қаласының  жаңа  көлік  желісі»  жобасын  іске  асыру  ор-

нына капсула салуға, елордада «тұлпар-тальго» жолаушылар вагондарын шығару 

зауытының және Алматы қаласында метрополитеннің бірінші кезегінің ашылуына 

қатысты.

Астана күні қарсаңында елорданың «Көрме» көрме орталығында өткен, еліміздің 

барлық  өңірлерінен  800-ден  астам  қатысушылардың  басын  қосқан  «Қуатты 

Қазақстанды  бірге  құрамыз!»  форумы  соның  логикалық  жалғасы  болды.  Соның 

аясында қазақстандықтарға елде ашылған жаңа инновациялық кәсіпорындар та-

ныстырылды. Президент «онлайн» режимінде Қазақстан индустриялық картасының 

шеңберінде  бірінші  жартыжылдықта  пайдалануға  берілген  өз  салаларының 

6  шешуші  кәсіпорындарының  жұмысымен  танысып,  жаңа  өндірістерге  старт 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет