Хроникасы



Pdf көрінісі
бет35/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44

Өкінішке  қарай,  Білім  және  ғылым  министрлігі  де,  Ұлттық  академия  да,  то-

лып жатқан ғылыми ұйымдар да әлі күнге дейін осы мәселе бойынша өздерінің 

концептуалдық ұсыныстарын бере алмады!

Бұған мен сіздердің назарларыңызды бәрінен бұрын менің ғылым мен иннова-

цияны дамытудың стратегиялық топшылауымның мәні түсінікті болуы үшін ауда-

рып отырмын.

Біріншіден, ғылымды қаржыландыруды күшейту мәселесінде бізде нақты бағыт 

бар.


Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында 2014 жылы 

ғылымды  қаржыландыру  елдің  ІЖӨ-інің  1%  дейін  жеткізу  міндеті  айқындалған. 

Және біз бұл көлемді ел байлығының өсуіне қарай көбейте беретін боламыз.

Екіншіден,  бізге  ғылымды  жекеше  бизнестен  инвестициялар  ағымымен 

қамтамасыз ету керек.

Дамыған  елдерде  ғылыми  зерттеулерді  қаржыландырудың  жалпы  көлемінің 

жартысынан  астамы  жекеше  секторға  тиесілі.  Жапония  мен  Германияда  бұл  — 

ғылымға  салынған  бүкіл  инвестициялардың  70%,  Финляндия  мен  Швецияда  — 

65%, АҚШ-та — 64%.

Бұл  ғылыми  әзірлемелерді  бизнес  қажетсінетіндіктен  осылай  болып  отыр. 

Жаңалық  ашу  деген  нақты  бәсекеге  қабілетті  тауарға  айналып  келеді.  Біз  үшін 

ғылыми зерттеулерді коммерцияландырудың тиімді жүйесі өмірлік қажеттілік.

Үкіметке  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қорымен  бірлесіп  2012  жылғы 

1 ақпанға дейін «Бизнес және ғылым – 2020» Жол картасын әзірлеуді тапсырамын, 

онда біз бизнес-қоғамдастықтың ғылыми әзірлемелерге қатысуын айқындаймыз.

Үшіншіден, ғылыми кадрлар бойынша.

Осы жылдан бастап біз мемлекеттік тапсырысты магистрлік грантқа — 2 есе, 

PhD (ПиЭйчДи) докторларын даярлауға 2,5 есе ұлғайттық.

2020 жылға қарай жыл сайын 1 мың доктор даярланатын болады.

Бұл ғалымдарды біз тек қана ғылым, ғылыми зерттеулер үшін даярлайтын бо-

ламыз.

«Болашақ» бағдарламасы жоо-дан кейінгі даярлыққа қайта бағдарланатын бо-



лады. Онда ғылыми-іргелі мәнді нақты мамандықтар бойынша стипендиялар са-

нын ұлғайту керек.

төртіншіден,  Білім  және  ғылым  министрлігі  Ұлттық  ғылым  академиясымен 

бірлесіп, барлық академиялық мекемелер қызметіне ревизия жүргізгені дұрыс.



340

Қосымшалар

«Ғылым маңайы» қиқымдарынан ада болуға тиіспіз, дарынды жастарға жол ашу 

керек.


Ғылыми  мекемелерді  оңтайландыру  жаңа  «Ғылым  туралы»  заңға  сәйкес 

құрылатын  зерттеу  университеттер  желісі  үшін  қажетті  ресурстарды  жарыққа 

шығаруға  тиіс.  Халықаралық  стандарттарға  жауап  беретін  Ғылым  туралы  ұлттық 

баяндаманы дайындаудың жаңа моделіне шығудың маңызы зор.

Бесіншіден, бізге ғылыми ақпараттың ғаламдық кеңістігіне қазақстандық алға 

ұмтылуды қамтамасыз ету қажет.

Менің тапсырмам бойынша тМД-да бірінші рет біздің зерттеушілердің «Thomson 

Reuters»  (АҚШ),  сондай-ақ  «Springer»  (Германия)  компанияларының  ақпараттық 

ресурстарына  қол  жеткізу  туралы  мәселе  шешілді.  Бұл  ғаламдық  ауқымдағы 

ғылыми  ақпараттың  тұтастай  қабат.  Қазақстандық  ғалымдарға  іргелі  әлемдік 

ғылыми басылымдарға авторлық жарияланымдар үшін мүмкіндік туып отыр.

Сонымен бір мезгілде бізге отандық ғылыми-ақпараттық айдынды дамыту ке-

рек. Қазақстандық ғылыми журналдардың сапасын айдарлықтай көтеріп, олардың 

әлемдік ғылымдағы танымалдығын кеңейту қажет.

Байланыс және ақпарат министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, 

жасөспірімдер  мен  жеткіншектер,  жас  мамандар  үшін  ғылыми  басылымдар 

тағайындау туралы пысықтау жұмысын жүргізуі керек.

Естеріңізде  бар  шығар,  өз  уақытында  «Юный  натуралист»,  «Юный  техник», 

«техника молодежи» сияқты журналдарды бірнеше ұрпақтың өкілдері бас алмай 

оқушы еді. Мұның өзі жастарды тәрбиелеуге орасан әсер етті, оларды ғылымдағы 

зерттеулерге итермеледі.

Ғылымға мамандандырылған қазақстандық интернет-сайт құру қажет.

таяуда  Қазақстан  тәуелсіздігі  күні  қарсаңында  Астанада  Оқушылар  сарайы 

ашылатын болады. Онда балалар мен жасөспірімдер үшін Ұлттық интерактивті парк 

құруды ұсынамын. Білім және ғылым министрлігі Елорда әкімдігімен бірлесіп бұл 

мәселені пысықтауы керек.

Құрметті форумға қатысушылар!

XXI  ғасырда  «ғылым»  мен  «инновация»  біртұтас  ұғымға  айналды.  Қазақстан 

ғылымын  дамыту  мәселесінің  маңызды  жағы  —  ол  ғылыми-инновациялық 

жұмыстар мазмұнында әлемдік инновациялық трендке сәйкестілік болуы.

Қазақстан  ғылымының  бүгінгі  мен  болашағының  өзекті  мазмұнды  қырларын 

айқындау үшін 2 қарапайым сұраққа жауаптардың матрицаларын сәйкестендіру 

қажет.

Біріншіден, XXI ғасырда ғаламдық экономиканың, ғылым мен техниканың даму 



бағыттарының қайсысы неғұрлым перспективті болып табылады?

Екіншіден, Қазақстан мен біздің ғылымның қандай мүмкіндіктері бар?

Мұндай  аса  күрделі  емес  тәсіл  перспективалық  ұлттық  инновациялық 

бағыттардың шамамен мынадай бағыныстылық сатысын алға тартады.

Бірінші. Қазақстандық іргелі ғылым жаһандық деңгейдегі зерттеулерге теңесуі 

маңызды.


Мәселен, британдық ғалымдар адамның иммундық тапшылық вирустарына, ге-

патитке  және  басқа  ауруларға  қарсы  тұра  алатын  жасанды  қанды  ойлап  табуға 

жақын қалды.


341

Қосымшалар

нью-Йорк университетінің биологтары ДнК-ның өз-өзінен пайда болу пробле-

масымен айналысуда.

Массачусетс технологиялық институтында «жинақтау теориясы» деп аталатынды 

әзірлеуде, ол бойынша нақты заттарды жасау өз-өзін толықтыру қағидаты бойын-

ша жүзеге асырылады.

Бұл  дегеніңіз  нағыз  фантастика  —  бұл  теория  бойынша  компьютерлер, 

ғимараттар өз-өзінен салына алады.

Бізде сонымен қатар іргелі жаңалықтар ашуда дайын бастамалар да жоқ емес. 

Біздің  ғалымдарымызда  суперкомпьютерлер,  күн  батареялары  мен  мүлде  жаңа 

түрдегіштен  жану  қозғалтқыштарының  базасында  қуатты  ақпараттық  жүйе  құру, 

вирустар мен бактерияларды селективтік бұзу және көптеген басқалары бойынша 

батыл ғылыми ұсыныстар бар.

Био  және  нанотехнологиялар,  жаңа  материалдар  жасау,  ақпараттық  және 

коммуникациялық  жүйелер  және  т.с.с  саласында  перспективалық  іргелі 

әзірленімдер енгізу керек.

Екінші. Аграрлық сала мен азық-түлік өндірісіндегі инновация.

Мен таяуда өткен Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық фору-

мында сөз сөйлей отырып, бұл бағыттың басымдылығын жан-жақты ашып бердім. 

Аграрлық  ғылымды  реформалау  бағдарламасын  дайындау  туралы  нақты  міндет 

қойылды.


Үшінші. Энергетикадағы инновация.

Жаһандық  экономиканың  дамуына  байланысты  энергияға  деген  сұраныс  тек 

қана өсумен болады. Энергияның өздігінен қалпына келетін көздері мен энергия 

үнемдеу ғылыми зерттеулердің маңызды мәселесіне айналуда.

Бүгінгі таңда мұндай зерттеулер бар, бірақ әзірше бізде энергия қымбаттау.

Қазақстан көмірсутектерінің ғана емес, уранның да орасан зор энергоресурста-

рына ие. Бейбітшіл атом — бұл инновациялар үшін ауқымды кеңістік.

тіпті,  жапондық  апаттан  кейін  әлемдегі  радиоүрей  талмасына  қарамай-ақ, 

ядролық  энергетикаға  деген  ғаламдық  сұраныс  барған  сайын  көтеріле  түсуде. 

Әсіресе  ядролық  энергетиканың  қауіпсіз  технологияларын,  реакторлардың  жаңа 

толқынын  құруға  сұраныс  өсуде.  Сондықтан  бізге  Ұлттық  ядролық  орталықты 

дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын пысықтап, қабылдау маңызды.

Біз — мұнай мен көмір еліміз. Бұл жерде химиктер, энергетиктер, экологтар үшін 

орасан зор қызмет кеңістігі бар. Оларды қалай қайта өңдеу керек, өнім шығаруды 

қалай көтеруге болады? Үнемді әрі экологиялық қолайлы болу үшін көмірді қалай 

пайдалануға болады? Энергетиканың 88%-ың көмір беріп отыр ғой. Бүгінгі таңда 

көмірден газ алу үлгісі бар, қалдық газды тазарту жүйесі бар. Бұл салада жаңалық 

ғылымдағы серпіліс болар еді.

төртінші. Адамзат қашанда ғарышты игеруге ұмтылады.

Бүгінгі таңда әлемнің 5 елінде ғана, соның ішінде Қазақстанда да ғарыш айлағы 

бар.

Байқоңыр  —  қазірдің  өзінде-ақ  қалыптасып  үлгерген  әлемдік  ғылыми-



инновациялық  бренд.  Оның  базасында  біз  дәйекті  түрде  ғылыми-инновациялық 

кластер қалыптастыруға тиіспіз.

Ғарыш саласының перспективасын ескере отырып, біз Ресеймен және басқа ел-

дермен ынтымақтастықты дамытуға тиіспіз.



342

Қосымшалар

Ұлттық аэроғарыштық бағдарламалар — бұл қазіргі заманға мемлекеттің даму 

деңгейінің көрсеткіші.

Бесінші.  Сөзсіз  ғаламдық  тренд  адамдардың  физикалық  тұрғыдан 

мүлтіксіздікке, өмір ұзақтығын ұлғайтуға, ауру сырқаудан ада болуға ұмтылуы бо-

лып табылады.

Бүгінгі таңда назарбаев Университеті жанынан Өмір туралы ғылым орталығы, 

сондай-ақ  медициналық  ғылым  мен  практиканың  ұлттық  академиялық  жүйесі 

ретінде «Болашақ госпиталі» құрылды.

Бұл трансплантология, жасанды жүрек пен өкпе, гендік дәрілер, жасарту мен 

радиохирургия  саласында  жаңа  медициналық  технологияларды  трансферттеу, 

өзіміздікін әзірлеу мен енгізу алаңқайы.

Алтыншы.  Еуразиялық  деңгейдегі  халықаралық  инновациялық  жобалардың 

үлкен мүмкіндігі.

Бұл  туралы  мен  таяуда  Мәскеуде  Бірыңғай  экономикалық  кеңістік  бойынша 

келіссөздерде айттым.

Интеграция  —  бұл  ауқымды  ғылыми-инновациялық  жобаларды  іске  асыру 

мүмкіндігі. Ол Ресеймен және Беларусьпен қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Менің  бастамам  бойынша  Еуразиялық  ғалымдар  клубы  құрылды,  қазірдің 

өзінде оның жұмысына 87 елдің зерттеушілері қатысуда.

Индустрияда,  нано-  және  биотехнологиялар  саласында,  көліктік-логистикалық 

салада ғылыми және экономикалық әлеуеттерді біріктіру біздің ұлттық ғылымды 

қорландыруға әсерін тигізеді.

Қымбатты достар!

Біз  алдымызға  инновациялық  экономиканы,  ғылымды,  білім  мен  денсаулық 

сақтауды дамыту, біздің қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру жөнінде 

ауқымды міндеттер қойдық.

Бүгінгі таңда қоғамымызда осы міндеттер мен мақсаттарға барабар рухани ат-

мосфера қалыптастыру керек.

Бұл — қоғамдық ғылымдар саласы болуға тиіс.

Орталық Азия — біздің ғаламшардың күрделі ареалы. Бұл жерде экстремистік 

ағымдар саны артып отыр.

Қазақстан да сондай тектегі көріністермен ұшырасып қалып отыр.

тәуелсіздік  жылдары  ішінде  этникааралық  және  конфессияаралық 

қатынастардың  толеранттық  моделін  қалыптастырдық.  Қазақстанның  тәжірибесі 

әлемнің көптеген елдері үшін жағымды болып отыр. Дегенмен, біздің қоғамдағы 

бейбітшілік пен келісімді көре алмайтын күштер де бар. Әсіресе, бұл қай елде бол-

масын, ішкі қайшылықтарға діни бояу жағуға тырысушылық айрықша қауіпті.

Бірақ осы бір өткір мәселелер бойынша ғылыми жарияланымдар, ең болмаса 

біздің зиялы қауым өкілдерінің сөйлеген сөздері қайда?

Бүгінгі таңда ұлтаралық қатынастардың, Қазақстандағы діндер, әсіресе ислам 

діні тарихын зерттеуді сапалы жаңа деңгейге көтеру маңызды.

Біздің  халқымыз  бен  еліміз  үшін  діни  алауыздықтың,  экстремизмнің  түрлі 

нысандарының жат әрі апатты екенің жіліктеп дәлелдеу қажет.

Ғылыми  зиялы  қауым  қоғамымызды  кері  сүйреуге,  оған  дамудың  тарихи 

тұйыққа тірер бағдарларын ұсынуға тырысушылыққа соққы беруге тиіс.


343

Қосымшалар

Бізге  мемлекетіміздің  зайырлы  ұстыны  мен  қағидаттарын  нығайту,  олардың 

Қазақстан дамуындағы жағымды жақтарын ашып көрсету керек.

Өздеріңіз білетіндей, алда Парламент Мәжілісіне сайлау өткелі отыр.

Жаңа  сайлау  қоғамымыз  бен  саяси  партиялардың  қалай  өсіп-жетілгенінің 

көрсеткіші болмақ.

Халықтың  нағыз  игілігі  сынап-мінеушілікпен  және  қарапайым  адамдар  үшін 

орындалмайтын уәделерді үйіп-төгумен үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

Қазір бізді бөліп-жаратын ұрандар емес, нақты ұсыныстар және оларды халық 

пен ел игілігі үшін іс жүзінде жүзеге асыру қажет.

Бүгін мен барлық қазақстандықтарды ғылыми қоғамдастықты, зиялы қауымды 

халқымыздың бірлігін нығайтуға және бұл мәселеде белсенді азаматтық позиция 

ұстануға шақырамын.

Бұл  Қазақстанның  барлық  осы  кезгі  және  болашақтағы  табыстарының  ең 

маңызды шарты!

Құрметті қауым! 

тәуелсіздіктің  20  жылдығын  атап  өту  арқылы  біз  еліміздің  осы  жылдардағы 

жетістіктерін тағы да бір сараптаудамыз.

Ғұлама Жүсіп Баласағұн бабамыздың «Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді» 

деген қанатты сөзі бар.

Бүгінгі басқосуда сіздермен бірге тәуелсіздік жылдары ғылымда қол жеткізген 

жетістіктерді қорытындыладық.

Баршаңызға ғылымда зор табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілеймін.



344

Қосымшалар

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 

20 жылдығына арналған салтанатты 

жиналыста сөйлеген сөзі

Астана қаласы, 2011 жылдың 15 желтоқсаны

Қымбатты отандастар!

Бар игілігіміздің бастауы болған құтты тәуелсіздігімізге 20 жыл толды! Бұл — 

байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн! Бабалар аңсарын ақиқатқа айналдырған 

еліміз үшін ұлан-асыр той!

Ендеше,  баршаңызды  ұлыстың  ұлы  күнімен  —  тәуелсіздік  мерекесімен  шын 

жүректен құттықтаймын!!!

Ардақты әлеумет!

Біз алтын таққа отырған асқақ дәуірлерді де, өзгенің бодауында болған кер за-

манды да бастан кешкен елміз. Сондықтан халқымыз азаттық рухын терең сезініп, 

жан-жүрегімен түсіне біледі.

Бірлігі  кетіп,  берекесі  қашқан  халқымыз  «Ақтабан  шұбырынды,  алқа  көл 

сұламада»  қынадай  қырылған.  Аласапыран  заманда  ағайынның  алауыздығынан 

басына бұғалық түсіп, бұлт үйірілген бұлдыр күндер де біздің халықтың басынан 

өтті.  Сондықтан  данышпан  Абай  «Бас-басына  би  болған  өңкей  қиқым,  Мінеки 

бұзған жоқ па елдің сиқын?» деп күңіренді. Бірақ, тағдырдан талай теперіш көрсе 

де, халқымыздың рухы жасымаған.

Азаттық — Ұлы Даланы мекен еткен аталарымыздың асыл арманы еді. Біз осы 

асқақ арманға қол жеткіздік.

Еркіндік  аңсаған  қазақ  халқының  өршіл  мінезі,  намысты  жаныған  жастар 

бұлқынысы  Желтоқсанда  жанартаудай  жарқ  етіп,  жаңа  тарихымызға  елеулі  із 

қалдырды. Жастар жүрегіне жара салған Желтоқсан күндерін жұрт жадында мәңгі 

қалдыру мақсатында көптеген шаралар атқарылды.

Қыршыннан қиылып, Желтоқсанның символына айналған Қайрат Рысқұлбековке 

«Халық Қаһарманы» атағы берілді. Астана, Алматы және еліміздің барлық іргелі 

қалаларында  Желтоқсан  атындағы  көшелер  бар.  Алматыда  ескерткіш  ашылды. 

Зардап шеккендерге түрлі қолдау көрсетілуде.

Бостандықты бағалаудан, азаттықты ардақтаудан, тәуелсіздікке тәу етуден артық 

бақыт жоқ. тәуелсіздік — тәуекел еткеннің ғана тағдырына бұйыратын бақыт!

Егемендік алу — оңай емес, ал еңсесін тіктеген ел болу тіпті қиын. Біздің алды-

мызда тәуелсіздікті қорғау, татулықты сақтау, тұрақтылықты орнықтыру сияқты аса 

күрделі тарихи істер тұр.

Бізге  мыңжылдықтар  тоғысқан  алмағайып  кезеңде  мемлекет  құру,  ел  болу 

міндеті жүктелді.

Келер ұрпақ алдындағы бұл ұлан-ғайыр істерді біз абыроймен атқарып шықтық.

Дүние  жүзі  тарихында  ешбір  мемлекет  азаттығының  алғашқы  20  жылында 

осынша қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған емес. Бұл — Қазақстанның сөзсіз 

мойындалған дара даму даңғылының айқын көрінісі.


345

Қосымшалар

Ардақты ағайын!

«Бақ  бағалағанның  басында  тұрады»  дейді.  Қастерлей  білмесе,  қасиеттің  де 

құны қалмайды.

Күлтегін ұстынында «елді түзеген, бәрін бейбіт еткен, азды көп қылған, кедейді 

бай қылған, тату елге жақсылық қылған» деген сөздер бар.

Осының бәрі маған бүгінгі Қазақ елі үшін айтылғандай әсер қалдырады.

Жұлдызды 20 жылда біз елдің көшін аудармай, шаңырағын шайқалтпай, іргесін 

бекітіп, шекарасын заң жүзінде шегеледік. Мемлекеттік құрылымдарын негіздеп, 

алтын арқауы үзіліп қалған елдік дәстүрді қайта жалғап, оны берік орнықтырдық. 

Елтаңбаны  айшықтап,  күн  астында  алтын  қыраны  қалықтаған  көк  байрақты 

шарықтатып, әнұранды шырқаттық.

Жұлдызды  20  жылда  ұлтты  ұйыстырып,  қаймағы  бұзылмаған  берекелі  бірлік 

орнаттық.

Ұлтаралық  келісім  мен  діни  түсіністікке  негізделген  бірегей  қоғам 

қалыптастырдық.

Елдігіміз  еңселеніп,  дүние  жүзі  қазақтарының  құрылтайларын  өткіздік. 

тағдырдың талайымен әлемге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды құтты 

қара шаңыраққа қайта жинадық.

Біз  әлемдік  үйлесімнің,  этностар  арасында  жарасымның  бірегей  үлгісіне 

айналған Қазақстан халқы Ассамблеясын құрдық.

Адамзатты  жаппай  қырып-жоятын  жойқын  қарудан  біржолата  бас  тартқан 

еліміз бейбітшіліктің белдеуіне айналды.

Біз әлемнің алпауыт мемлекеттерімен терезесі тең жағдайда әріптестік қарым-

қатынас орнаттық.

Кеткенімiз келді, кемісімiз толды, ұлттық құндылықтарымыз ұлықтала бастады.

Қымбатты отандастар!

Баршаңыз  білесіздер,  Қазақстан  халқын  біріктіретін  қуатты  құрал  —  біздің 

мемлекеттік тіліміз.

Жойылудың алдында тұрған қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, тәуелсіздікпен 

бірге қайта түледі. Біз тәуелсіздік жылдарында қазақ тілінде білім беретін мыңнан 

аса мектеп тұрғыздық.

1991  жылы  қазақ  тілінде  білім  алған  шәкірттер  саны  32%  болса,  ол 

көрсеткіш бүгінде 85%-дан асты. Енді 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгерген 

отандастардың үлесін 95%-ға жеткіземіз. Бұл межеге біз кезең-кезеңмен жетуді 

көздеп отырмыз.

Қазір елдегі өзге этнос өкілдерінің 30 мыңнан астам балалары қазақ тілінде 

білім алуда.

тәуелсіздік жылдары қазақ халқы — ұлыстың ұйытқысына, қазақ тілі — тұтас 

ұлыстың ортақ тіліне айналды.

Әрине, тіл мәселесі — уақыттың еншісінде. Санның артуы, сананың орнығуымен 

барлығы өз орнына келеді.

Бұл орайда, біздің басты байлығымыз — ел бірлігі екенін ешуақытта ұмытпауымыз 

керек!  Еліміз  қуатты  болса,  мемлекеттік  тілдің  болашағы  да  соншалық  шуақты 

болмақ.


Дүниеде қазақ деген ел барда қазақ тілі мәңгі жасай береді!!!

346

Қосымшалар

тәуелсіздік арқылы мәдениетіміз құлашын кеңге жайып, қарқынды дамуға зор 

мүмкіндік алды.

Менің  тапсырмаммен  басталған  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бұған  үлкен 

серпін берді. Шет елдерден қазақтың тарихы мен мәдениетіне қатысты 5 мыңнан 

аса  қолжазбалар  мен  көшірмелер  әкелінді.  Соның  бәрі  ел  игілігі  мен  мемлекет 

мүддесі үшін, ең бастысы, қазақ халқы үшін атқарылуда.

Осы  жылдарда  көптеген  тарихи  жәдігерлер  табылып,  700-ден  астам  тарихи 

ескерткіштер қалпына келтірілді. Қазақтың мың әні, қазақтың мың күйі жарыққа 

шықты. Қазақтан шыққан кемеңгерлердің кітаптарын аудартып, қайта шығардық. 

Бұл біздің қазақты дүние жүзіне паш ету үшін, еліміздің дана тұлғаларының бар 

екендігін білдіру үшін жасалған болатын.

Егемендік арқылы ата дініміз өркен жайып келеді. Біз тәуелсіздік жоқ жерде 

діннің де болмайтынын таяу тарихымыздан жақсы білеміз.

Осы орайда тарихқа жүгініп, бір жәйтті еске салғым келеді.

Діннің діңгегі — дәстүрмен берік. Өзгенің қаңсығы бізге таңсық бола алмайды.

Біздің ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі салтымыз, дәстүрлі қалпымыз, ата-

бабамыздан қалған айқын бағытымыз бар. Сол жолмен жүрген абзал.

Елді  бірлікке  бастаған  абыздар  мен  жыраулардың  қазіргі  жалғасы  —  зиялы 

қауым өкілдері болып саналады. Бүгінгі қоғамда тәуелсіздік санасын орнықтыру — 

осы зиялы қауымның қастерлі борышы. Арқалы ақындар азаттықты жырлап, жа-

зушылар егемендікті арқау етуі қажет.

Бабаларымыз  «Егемен  болмай  ел  болмас»  деп  жырлағандай,  біз  үшін 

тәуелсіздіктен  асқан  тақырып  болмауы  керек.  тәуелсіздік  санамен  бірге  елшіл 

мүдде,  мемлекетшіл  мұрат  нығаяды.  Біздің  жасампаз  тарихымызды  елдің  әрбір 

азаматы мақтан етуге тиіс.

Жұлдызды 20 жылда біз қуатты экономика құрып, қарқынды дамыттық.

Біз  ұзақ  мерзімді  стратегиялық  ірі  жоспарлар  жасап,  іргелі  бағдарламалар 

қабылдап, оны сәтті жүзеге асырып келеміз.

Жұлдызды  20  жылда  біз  астанамызды  Алатау  баурайындағы  ару  Алматыдан 

Арқадағы Ақмолаға көшірдік.

Азаттықтың алтын қазығындай асқақ Астана аз жылда жаһандық бастамаларға 

жол салатын ақжолтай қалаға айналды.

Өздеріңіз  білесіздер,  біз  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 

ұйымының тізгінін тМД және Азия елдері ішінен алғаш рет қолға алдық. Әлемдік 

деңгейдегі  мұндай  мәртебелі  миссия  қазақ  баласына  бұрын-соңды  сеніп  тапсы-

рылып көрген емес еді. Ұйымның мыңжылдықтағы алғашқы Саммитінде адамзат 

тағдыры таразыға түсіп, Астана рухы ізгілік шуағын шашты.

Осылайша, біз Астанада, яғни қазақ төрінде Батыс пен Шығысты тоғыстырып, 

Азия мен Еуропаны жалғадық.

Осының  бәрі  —  сіз  бен  біздің,  барша  қазақстандықтардың  еңбегі  арқылы 

еншімізге  бұйырған  ерен  бақыт.  Сондықтан  мен  барша  отандастарыма  шын 

жүрегіммен ризашылығымды білдіремін.

Азаттықтың  алғашқы  тәй-тәй  басқан  жылдарында  жанымда  болып,  бірге 

қызмет атқарған Серікболсын Әбділдин, Сергей терещенко, Ерік Асанбаев, Сағадат 

нұрмағамбетов және тағы басқа азаматтарға бүгінгі мереке күні шын жүрегіммен 

ризашылығымды айтып, оларға жақсылық пен денсаулық тілеймін.



347

Қосымшалар

Осы  асқар  асуда  қалтқысыз  сенім  артып,  қапысыз  аманат  жүктеген  мерейлі 

халқыма, мәртебелі еліме өлшеусіз ризамын!

Мен үшін ел сенімін арқалаудан артық абырой жоқ.

Қадірлі әлеумет!

Қазақстан  ХХ  ғасырдың  аяғында,  бірқатар  империялар  күйреген  тұста  жаңа 

мемлекет ретінде ірге тіктеді.

Алып империяның бірі — Кеңес Одағы біздің көз алдымызда қирады. Біз одан 

орасан зор зардап шектік.

Мәселен, ұлы дағдарыс АҚШ экономикасына 29% көлемінде зиян әкелді. Кеңес 

Одағының тарауы бұрынғы кеңестік елдерінің экономикасын 50%-дан аса құлдыратты.

Кеңес  құрамындағы  15  елдің  ішінде  Қазақстан  13-ші  орынды  иеленетін  еді. 

Көпшілік бізді өзара тартысқа түсіп жатқан кедей ел деп есептейтін.

Естеріңізде  болса,  1998  жылы  белгілі  саясаттанушы  Збигнев  Бжезинский 

Қазақстанның  Еуразияда  ғана  емес,  тіпті  Орталық  Азияның  өзінде  елеусіз, 

болашағы бұлыңғыр ел екенін айтқан еді.

Ал енді биыл, 2011 жылы Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Янгланд мырза еке-

уара әңгіме кезінде былай деді: «Әлемнің кез келген тұрғыны Қазақстанның тек 

өңірде ғана емес, әлемдік деңгейде зор табысқа жеткенін айта алады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет