Адам денсаулығы және оның өмір жасының ұзақтығы организмнің қартаю сипатымен тығыз байланысты. Қартаю жөніндегі ғылым – геронтология « грек сөзі gerontos – кәрі, қартайған адам» адам қартаюының қалыпты процесін,кәрілік өзгерістердің даму қарқыны мен сипатына әсер ететін оның негізгі белгілері мен факторлерін зерттейді.
Геронтологиямен геритария ілімі тығыз байланысты, ол кәрі және қарттық жастағы адамадрдың ауруларын зерттейді. Геронтологияның негізін қартаю процесінің биологиясы құрайды, дегенмен қартаю мәселесі кешенді процесс: биомедициналық, психологиялық, антрополгиялық, әлеуметтік, экономикалық негізді құрайды.
Геронтология ілімінің тарихы
Кәріліктің алғашқы анықтамасы және оның себептері ескі дәуірге жатады. Ұлы дәрігер Гиппократ «біздің дәуірге дейінгі IV-V ғасыр» кәрілік деген ұғымды табиғи жылулықтың кетуі және организмнің кеуіп қалуының нәтижесі деп түсінді. Философ Платон кәрілікке орта жастағы адамның өмір сүру салты әсер етеді деп көрсетті. Кәрілікті баяулату рецептілері ежелгі қытай және ежелгі индия медициналарында келтірілген.
Ресейде және бүкіл дүние жүзінде ғылыми геронтологияның негізін салушы әйгілі орыс ғалымы И.И. Мечников. Геронтология ілімі жаңа заманғы түсінікте 20 ғасырдың ортасында қалыптасты. 1958 жылы медицина ғылымынң академиясында Ресейде бас ғылыми – зерттеу геронтолгия институты ұйымдастырылды. Қазіргі кезде Ресейде геронтология ғылыми – зерттеу институты, региональды орталықтар, Мәскеуде Ұлттық геронтолгия орталығы жұмыс істейді.
Геронтология ғылымының негізгі тараулары
Мезгілінен бұрын қартаюдың алдын алу, денсаулықты және белсенді ұзақ өмір сүруді сақтау, қартаю ерекшеліктерін, қартаю процесіне қоршаған ортаның, оның ішінде антропогенді (өмір сүру салты, еңбек,әлеуметтік жағдай) факторлердің әсерін зерттеу болып табылады.
Геронтология ілімі 20 ғасырдың басында өз адына ғылыми ілім ретінде қалыптасқан тіршілік ету ұзақтығын, яғни организм өмірінің ұзақтығын анықтау механизмі жөніндегі биология ғылымымен тығыз байланысты. Осы істе американдық ғалым Р.Пирл, сонымен қатар белгілі геронтолгтар А. Комфорт және Б. Стрелердің алатын орны ерекше. Ресейде бұл ілімнің алғашқы қалыптасуы Пирлдің оқушысы, профессор В.В. Алпатов жұмыстармыен тығыз байланысты. Кейбір геронтолгтар тіршілік ету ұзақтығының биологиясын геронтолгия ілімінің бір тарауы деп есептейді.