“Хұсрау мен Шырын” — Алтын Ордадәуірінің әдеби мұрасы. Авторы — Құтбқыпшақ тайпасынан шыққан. Ол бұл шығарманы Низами Гәнжауидің парсы тілінде жазылған “Хұсрау уа Шырын” поэмасынан аударған. Поэма Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы шынайы махаббатты баяндауға арналған. Хұсрау мен Шырын махаббаты — Әзірбайжан ақыны Низами мен үнді ақыны Әмір Хұсрау Дехлевиден бастап қазіргі уақытқа дейін жырланып келе жатқан тақырыптардың бірі.Таяу Шығыс пен Орта Шығыс, Кавказ мен Орталық Азия, үнді халықтарының фольклорында “Хұсрау мен Шырын” аңызы негізінде жазылған барлығы 50-ден астам поэма бар. Ақын-жазушылардың талай ұрпағының назарын аударған бұл аңыз ғасырлар өткен сайын сан түрлі өзгерістерге ұшырап, өңделіп отырған. Оның әрбір нұсқасы қайталанбас халық даналығымен толығып, сюжеттері де көп өзгерген. А.Н. Самоилович "Хұсрау мен Шырынды" Алтын Орданың әдеби ескерткішіне жатқызады.[1] Египетте 1883 жылы осы шығарманың көшірмесі жасалған. Бұл әдеби мұрамен белгілі шығыстанушы Е.О. Бертельс Парижде танысқан. Әдеби ескерткіштің тілін түрік ғалымы профессор М.Фуад Капрюлюзаде Алтын Орданың XV ғасырдағы аралас оғыз-қыпшақ тіліне жатқы: Бұл шығарманы поляк ғалым академик Зайончковский зертеді.
1958 жылы ол қолжазбаны екі бөлі тұратын факсимилесімен, Tранкрипциясымен басып шығады.
1961 жылы толықсөздігін берген. Қ тәржімасын Низамидің "Хұсрау мен Шырынымен" салыстырды. жазба 90 тараудан тұрады.
Дастанының басты қаһарманы — Шырын. Дастанда Шырын тек сүлу қыз, адал жар ғана емес, сонымен бірге, ол әділетті патша, халық қамқоршысы. Сондай-ақ ол дастанның екінші бір басты қаһарманы Хүсрауды қайта тәрбиелеген мейірбанды жан.Шырын өз елінде ғана емес, сүйген жігіті Хүсраудың мемлекетінде де әділдік пен тыныштық, дәулетті тұрмыс- тіршілік орнатуға барынша күш салады. Қүтб осы Шырын образы арқылы мемлекетті қашанда әділ, білімді, инабат- ты, мейірбанды жандар басқаруы керек деген пікір айтадыШырын патша тағына отырған кезде бүкіл мемлекетте әділеттілік орнап, енді залымдар мен сараңдар өзінен-өзі жоғалып кетеді:
Енді қой мен қасқыр қатар түрып,
Бір бүлақтан су іше бастады.
Бүл арқылы Низами да, Қүтб та, егер ел билеген әкімдер әділетті болса, бір-біріне қасқыр мен қойдай бо- лып жүрген бай мен кедейлер өзара келісіп кетер еді де- ген пікір айтпақ.
Шырын өз махаббатына өле-өлгенше адал жан. Ол Хүсрауды жан-тәнімен беріліп сүйеді. Сүйіспеншілік жо- лындағы қиыншылық атаулының бәрін жеңіп шығады. Тіпті Хүсраудың жағымсыз қылықтары мен жеңіл-желпі мінездеріне де кешірімділікпен қарайды. Махаббат жо- лында қүрбан болады.
Дастандағы ең күрделі образ — Хусрау бейнесі. Хүсрау шығармада екі түрлі қырынан көрінеді. Бірі — ма- хаббатқа опасыз, ойын-сауыққа қүштар, жеңіл мінезді, залым — Хүсрау. Хүсрау — екінші жағынан, елге қайырымды, әділ патша ретінде бейнеленген.
Дастанда осы екі Хүсрау арасында үзақ уақыт күрес болады. Біресе Хүсраудың жағымды мінез-қүлқы жеңіп, ал келесі жолы үнамсыз жақтары басым түсіп жатады. Ол көңіл көтеру қамын ойлап, ойын-сауыққа берілген ке- зеңдерінде мемлекетті басқару істерін умытып кетеді.
Хусрау бойындағы сүйіспеншілік сезімі алғашында тұрақсыздау болып келеді. Сол кезде ол Мариямға, кейінірек ІІІекерге үйленеді. Ол шынайы сезімнің өзін өткінші нәрсе деп біледі. Бірақ Хұсрау бул күйінде қалмайды. Шырынның ақыл-парасаты арқасында өзге- реді. Өз сүйгені жолында ажалдан да тайсалмайтын қаһарманға айналады.
Хүсрау енді патша ретінде де үнамды істерімен жүрттың алғысына бөлене бастайды. Елді жақсы басқарып көптеген игілікті істер тындырады. Ол басқарған мемлекет қайта гүлденеді. Хүсрау халыққа көп қамқорлық көрсетеді. Бүкіл елде әділдік, тыныпггық, бақытты өмір орнайды.
Низамидің басты мақсаты — Хүсраудың қайта тәрбиеленіп, жақсы адам, әділ патша болуын сипаттап көрсету еді. Қүтб автордың осы түпкі ойын дүрыс тусініп, Хүсраудың психологиялық түрғыдан қыпшақ даласына лайықты образын сөз зергерлеріне ғана тән ғажайып ше- берлікпен жасап шыққан.
Дастандағы Фархад бейнесі ерекше назар аударады. Фархад — еңбекқор адам, ғалым, данышпан. Дастанда Фархад арқылы нағыз ғашық адамның бейнесі жасалған. Оның Шырынға деген шынайы сүйіспеншілігі жігіттің жігеріне — жігер, күшіне — күш қосып оны ерлік істерге шабыттандырып жібереді.
Фархадтың өлімі оның жеңілгені емес, жеке басының қасіреті болып табылады. Ал, Хүсраудың жеңісі — оның дәрменсіздігі мен рухани жеңіліске үшырағанының белгісі еді.
Патша тағы мен тәжі үшін, мансап пен алтын үшін өз әкесін өлтірген шаһзадалар тарихта көп болған. Мүндай жиіркенішті, қанды оқиғалар Алтын Орданы билеген Жо- шы хан үрпақтары арасында да кезінде етек алған еді. Адамдық қасиеттен жүрдай болған осындай жауыздар- дың типтік бейнесі дастанда Шеруя бейнесі арқылы көрінеді.
Ол әкесін өлтіріп, патша тағына отырады. Бірақ мемле- кет істері, халық жағдайы оны қызықтырмайды. Шынайы сүйіспеншілік сезімі де оған жат, түсініксіз нәрсе болып көрінеді. Сөйте түрып, Шеруя өзінің өгей шешесіне ғашық болады. Шеруя бастаған залымдардың кесірінен бүкіл ел күйзеліске үшырайды. Ақырында Шырын да, Хүсрау да қайғылы қазаға душар болады.
Сөйтіп, „Хүсрау-Шырын» дастаны үлы Низамидің про- грессивті ой-пікірлерін білдіре отырып, сонымен бірге, XIV ғасырдағы Алтын Орда мемлекетінің ішкі және сыртқы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін де зор ше- берлікпен ашып көрсетеді.
Бүл дастанда осы өмірдің нақты шындығы бейнеленеді. Ақын адамгершілікке, әділдікке, ынсапты боуға, туған жерді туған анаңдай жақсы көруге, қара бастың қамынан гөрі халық мүддесін қашанда жоғары қоя білуге, өнер- білімді игеруге, махаббатқа адал болуға үндейді.
„Хүсрау-Шырын» дастаны қазақтың лиро-эпос жырла- рымен сарындас, үндес, соларға мейлінше жақын болып келеді. Мүны, Қүгб дастанының идеясы мен мазмүны, композициялық қүрылысы мен баяндау тәсілдері, көріктеу қүралдары, т. б. толық дәлелдейді.