HTML элементтерін мына 3 категорияға топтауға болады:
Тақырыптық элементтер, яғни HEAD («шапка», тақырып атауы)элементінде қолданылатын элементтер және оған құжаттар туралы ақпарат жатады: TITLE
Құжат құрылымын зерттейтін элементтер, мысалы, құжаттарды бөліктерге немесе параграфтарға (азат жолдарға) бөлу элементтері: H1, H2, H3, H4, H5, H6 және P, UL, OL, DL, PRE, CENTER, FORM, HR, TABLE
Мәтіндік Элементтер. Мәтіндік элементтер құрамына:
Мәтінді өрнектеу белгілері: EM, STRONG
Қаріп өлшемдері: TT, I, B, U, STRIKE, BIG, SMALL, SUB, SUP
Арнаулы элементтер: A, FONT, BR
HTML тілінің атқаратын қызметі Web беттері экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері (Internet Explorer) бар болса, 2-ші бір тұтынушы компьютері тек LINUX жүйесінде жұмыс істейтін броузерді (Netscape Navigator) пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болуы мүмкін. Ал, 3-ші компьютердегі Web беттерінің мәтіндері зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады. Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программамен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болиайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады. Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер- программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуға ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін. HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, тілдің соңғы HTML 4.0 нұсқасында мәтінді пішімдеу командаларын пайдалану ұсынылмаған.